Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана

14 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
Ажы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Серікбаева Гүлшат Есенгелдіқызы

Дүниетану 1 сынып
Тақырыбы: Астана
Мақсаты: Оқушыларға Республиканың бас қаласы – Астана жайында ұғым беріп, қаланың көрікті жерлерімен таныстыру;
Міндеттері: 1. Оқушылар Астана құрылыстарымен жақынырақ танысады, білімдерін тереңдетеді.
2. Оқушылар мәтінмен таныса отырып саралау, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізеді.
3. Оқушылар жеке, топта жұмыс істейді, топта пікір алмасады, ой бөліседі, бір - бірін үйретеді.
Күтетін нәтиже:
1. Сабақ соңында оқушылар Астана туралы білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
2. Астананың күн сайын көркеюі жайындағы ұғымдарын дамытады, оның болашақтағы келбеті туралы көзқарастарын білдіре алады.
3. Оқушылар өзіне жүктелген тапсырманы орындайды, басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.

Нәтижені бағалау, тексеру:
1. «Ой ашар», «Ой қозғау» - стратег.
2. «Көрнекілік» стратегиясы
3. Жаңа сабақты «Жұптасып оқу - қорытынды шығару» стратегиясы бойынша меңгереді.
4. Қорытынды тапсырма.
Қажетті құралдар: Астана туралы бейнефильм, «Көрнекілік» стратегиясы,
Конверт хат, қағаздар, ермексаз, фламастерлер, бояу қарындаштар.

Қызығушылығын ояту:
Сабақ алдында оқушылардың көңіл – күйлерін көтеру үшін ой ашар жасалады. Музыка ойнап тұрады, балалар көздерін жұмып, партада отырады, мұғалім жаймен мәтін оқиды.

Сен бақтағы ағаштың астында көк шөптің үстінде рақаттанып, аяқ - қолыңды созып жатырсың. Күннің көзі көкжиектен нұрлана шығып, шұғыласын жайып тұр. Айналаның бәрі жап - жарық, күн жып - жылы. Алыстан шақырған әтештің, жасыл жапырақты ағаштың арасында отырған құстардың көңілді үндері, сылдырай аққан судың дауысы естіледі. Бетіңнен жылы жел аймалап, күннің көзі түсіп, бетіңнен сүйгендей болады. Сенің жаныңда «Тұра ғой, ботам, айналайын» деп әлдилеп оятып анаң отыр. Табиғаты әдемі, ауасы таза, кең пейілді дархан елде туған сен қандай бақыттысың! Көзіңді ашып, бар дауысыңмен «Осы жарық дүниеге мені әкелген ата - анама, бар жылуын сепкен Күнге, бар байлығын берген Жер - Анаға бас иемін.» деп айқайлағың келе ме? – көздерін ашады.
- Ал, балалар, көңіл - күйлерің қандай?
Сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасы бойынша топқа бөліну мақсатын түсіндіріп, «Отан отбасынан басталады» - деген себебін талдап, отбасы кішкентай Отаның, отбасындағы ақылшың, көмекшің - топ басшысы екені түсіндіріледі. Бүгін 4 әулеттің білімі мен тәртібі қандай екенін байқаймыз.

Өткенді қайталау: Әр отбасы әулетіне бөліп, отбасының басшысын тағайындау, ол - ер бала болады. Өткен сабақта берілген тапсырма «Көрнекілік» арқылы тексеріледі. Қағаздағы бейнелерді тауып, сол бойынша «Менің Отаным - Қазақстан» мәтінінен түсінгендерін әңгімелейді. «Отан» туралы білетін өлең шумақтарын айтады.

Мағынаны тану: Теледидардан бейнефильм қарайды. Суреттер көрсетіледі.
- Не көрдіңдер?
Қазақстан Республикасының президенті – Нұрсұлтан Назарбаев, Астана әкімі - Иманғали Тасмағанбетовпен танысады. 1997 жылы Алматыдан Ақмолаға астана атағын беріп көшірілгені, 1998 жылдың мамыр айында Ақмола Астана аталғаны туралы мәлімет беріледі.

Кітаптағы мәтінді толық оқып, топта мәтіннің мазмұнын талдайды. Топ ішінен бір - бір оқушы сөйлейді. Басқа топ тыңдап, сұрақ қояды.

Сергіту сәті: Қәне, қәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға,
Шапалақта, шапалақ
Отырайық, тұрайық.

Тапсырма: «Астана» әні ойналып тұрады, әр топқа тапсырмалар беріледі.
1- топ - Сөздердің тасымалдануына байланысты Пирамида құрады.

1, 2, 3, 4 буынды сөздерді
тауып, ретімен
орналастырады.
(Пирамида, Парламент, Думан, цирк)
2 - топ – Ғимараттар аты мен суреттері беріледі. Оқушылар әр ғимараттың астына атын тауып орналастырулары қажет.
3 - топ - Ермексаз арқылы ойларынан біріге отырып әдемі бір ғимарат жасаулары тапсырылады.
4 - топ – Астана туралы сөйлемдер құрады.

Ой толғаныс: Бүгінгі сабақтан не алдыңдар, не үйрендіңдер?
Астанамыз көркею, одан да мықты қалалардың бірі болу үшін не істеу керек?
Бағалау.
Сабақ соңындағы көңіл күйлерің қандай?
3 804
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – әсем қала!
Астана – әсем қала!
Астана қаласының көрікті ғимараттарымен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Астана – көрікті қала
Астана – көрікті қала
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар істей алады: Сурет бойынша мәтін құрастырады. Оқушылардың көпшілігі істей алады: Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, ойын жеткізеді.
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Астана қаласы, № 61орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қуанова Бақтылы Уәлиқызы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Астананың көрікті жерлері
Астананың көрікті жерлері
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебі Ағылшын тілі мұғалімі Сәбитова Әсия Қапезқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×