Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана – көрікті қала

22 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: Астана – көрікті қала
Осы сабақта қол жеткізуге тиіс мақсаттар: Сурет бойынша мәтін және сұрақ - жауап құрастыра алады.
Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, ойын жеткізе алады.

Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар істей алады: Сурет бойынша мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, ойын жеткізеді.
Кейбір оқушылар істей алады: Мәтін мен суреттер бойынша өз ойын дәлелдеп, күрделі сұрақтарға жауап береді.
Осының алдындағы оқу Қайталау сабағы
Сабақтың барысы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Топқа бөлу.
«Бәйтерек», «Ханшатыр» суреттері арқылы оқушыларды екі топқа бөлу. Орындыққа жапсырылған смайликтер арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыпты ашу мақсатында Астананың көрікті жерлері туралы слайд көрсетемін. Оқушылар суреттердің атауын тауып айту керек. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Астананың көрікті жерлері туралы түсінік беру.
Мақсат қою. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы Оқушыларға оқулықта берілген тапсырмалар бойынша екі топқа тапсырмалар беріледі.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
І топ. Интерактивті тақтада көрсетілген суреттер бойынша мәтін құрап жазу.
ІІ топ. Интерактивті тақтада көрсетілген суреттер бойынша диалог құрастыру. Оқушылар тапсырманы алдымен өз бетінше орындайды. Жұптас деген кезде жұпта бір - біріне оқып, толықтырады. Бөліс деген кезде топта оқиды. Ең үздік деген бір жұмысты сыныпқа ұсынады. Топ бір - бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
2 - тапсырма.«Астана» өлеңін мақтанышпен оқу.
Грамматикалық тапсырмалар.
І топ. Бірінші шумақтағы «Ақмола» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ІІ топ. Екінші шумақтағы «Астана» сөзін септеп жазу. Жұмыстарын екі топ бір - бірлеріне беру арқылы «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.
3 - тапсырма. Астананың басты нысанының бірі – «Бәйтерек». Оқулықта берілген «Бәйтерек» туралы мәтін бойынша екі топта үш сұрақтан дайындайды. Топтар бір - біріне сұрақтар қойып, «Смайл» арқылы бағалайды.
Сергіту сәті. «Астана»
4 - тапсырма. Синквейн» әдісі. 5 жолды өлең құрау.
1. Зат есім (1сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Сөйлем (4 сөз)
5. Синоним
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзагулова Акмарал Абдрашевна

Толық нұсқасын жүктеу
Презентациясын жүктеу
2 049
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам»
Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам»
Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы. 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт
Астана – әсем қала!
Астана – әсем қала!
Астана қаласының көрікті ғимараттарымен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Біз Медеуге барамыз
Біз Медеуге барамыз
Қимыл - қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/ көрген мәтінді түсінгенін беру Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау Бас әріптер мен кіші әріптерді бір - бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық - гигиеналық талаптарға сай жазу.
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Астананың көрікті жерлері
Астананың көрікті жерлері
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебі Ағылшын тілі мұғалімі Сәбитова Әсия Қапезқызы
Бас қала - Астанамыздың ең көрікті суреттері
Бас қала - Астанамыздың ең көрікті суреттері
Бас қала - Астанамыздың ең көрікті суреттері Бұл жинақтан Астана қаласының ең көрікті, көркем жерлерінің суреттерін таба аласыздар. Сәттілік тіліеймін!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×