Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арыстан мен тышқан

19 желтоқсан 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан
Мақсаты:
а) Оқушыларға мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
ә) Оқушылардың ой - өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу қабілеттерін арттыру.
б) Балаларды қайрымды, жағымды қарым - қатынастар жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқу технологиялары.
Сабақтың түрі: Таным сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық.
2) Керек құралдарын алғызу.
3) Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
« Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
( Ойынның шарты: егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.)
1 топ. Әңгіменің мазмұнын баяндайды;
2 топ. «Ғажайып жетілік» сұрақтарына жауап береді;
3 топ. «Араласып кеткен уақиғалар» тапсырмасын орындайды.

ІІІ. Жаңа сабаққа
Адалдық Сыйластық
Қайрымдылық Қамқорлық
Жанашырлық Кішіпейілдік
Мұғалім:
- Бүгін біз да адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге, тәлімге толы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.
«Тұлғаны танып біл» стратегиясын қолдану.
(Берілген суреттердің ішінен автордың суретін табу, ол туралы не білетіндерін ортаға салу.)

Авторға хронологиялық кесте толтыру
1 топ. Арыстан дегеніміз не? Ол туралы не білесіңдер?
2 топ. Тышқан дегеніміз не? Ол туралы не білесіздер?
3 топ. Арыстан мен тышқанның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Сөздікпен жұмыс.
Зиян - залал, зақым, кесірін тигізу.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті, бостандық.
• Мысалмен танысу.
• Мультфильм көрсете отырып, мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
• Рөлге бөліп оқу.
• Іштей оқу.

Нақты сұрақ – дәл жауап.
• Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
• Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
• Тышқан қалайша өлімнен құтылды?
• Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?
• Бұл мысалдың мазмұнына қандай мақалдар сәйкес келеді?
• Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдары бейнелеп отыр?

Мысал өлең дегеніміз не?
Жан - жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп, бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып, ой - пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.
Дәптермен жұмыс.
Анықтама: « мысал» - сатиралық сипатта, сықақпен сыналатын, шағын көлемді шығарма. (дәптерлеріне жаздыру)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 854
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Мысалдағы түйінді ойды ашып, адам бойындағы мінез құлықтарды ашады. Мысалды рөлге бөліп сахналайды, ары қарай жалғастырады.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Оқушыларға мысалдарды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдысын нығайту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелдей білуге үйрету.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердибекова Акмарал
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кобенова Жамила
"Үлек" М.Қалдыбеков
"Үлек" М.Қалдыбеков
Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×