Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Сабақтың мақсаты:
а) Өлеңдегі негізгі ойды тауып ашу, өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды байланыстырып, сөйлей білуге баулу.
ә) Әртүрлі тапсырмалар орындай отырып оқушылардың ой - өрістерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, практикалық, талдау, жинақтау.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, смайликтер, қима қағаздар, АКТ, плакат.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Психологиялық дайындық.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру. (Оқушылардың көңілдерін сабаққа аударып, сабақта қажетті заттарды даярлау) Сыныпты 3 топқа бөлу.

ІІ. Өткенді тиянақтау. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы: Сурет салғым келмейді.
• «Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді. Топтық жұмыс.
І топ. Әңгіменің мазмұнын баяндайды.
ІІ топ. «Суретші» сөзіне әңгіме құрау және суретші сөзін септеу
ІІІ топ. Ана туралы өлең жазу.

Үй тапсырмасын қорытындылап, тестке жауап беру.
Тест:
1.«Сурет салғым келмейді» мәтінінің авторы кім?
а) Төлеген Айбергенов
ә) Марат Қабанбай
б) Мұхтар Әуезов
2. Мұғалім кім туралы әңгімеледі?
а) оқушы туралы
ә) Ана туралы
б) Әке туралы
3. «Жамал» қай суретшінің туындысы?
а) Леонардо да Винчи
ә) Қанафия Телжанов
б) И. Левитан
4. Қазақтың белгілі суретшісі
а) С. Айтбаев
ә) Ә. Қастеев
б) С. Мәмбеев
5. Ержан неліктен сурет салудан бас тартты деп ойлайсың?
а) Ержанның сурет салуға құралдары болмады.
ә) Ержан анасынан айрылып қалған еді.
б) Ол Салауат ағайды ұнатпайды

Сергіту сәті.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «Үйрену» тақырыбына байланысты ертегі - әңгіме.
Ерте, ерте, ертеде
Әлде одан ерте ме
Ежелгі адамдар өмір сүрген заман еді. Адамдардың өмірі жануарлардың өміріне ұқсас өмір сүрген екен. Бірақ бірте - бірте адам өмірі жақсара түседі: олар отты қолдануды үйренеді, бір - бірімен тілдесіп, сөйлеседі, жабайы аңдарды қолға үйретеді. Қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы таниды. (кішкентай баламен салыстыру) Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу... Бірақ адамдар жануарлардың адамға қарағанда сезім мүшелерінің жақсы дамығанын байқайды да осы артықшылықтарын қолданады. Мысалы: қабан шошқалардың азу тістері өткір екенін байқап, өздеріне осындай жасап алуды шешеді. Пышақ, найза т. б. осындай қарулар ойлап табады. Осындай тапқыш адамдардың бақылау, байқағыш қасиеттері жақсы дамығандықтан табиғат құбылыстарына да әуес болған. Тастың оттың жанында көп тұрса, онда ол -... Не болады?
- Дұрыс айтасыңдар, қатты қызады және жылуды көпке дейін сақтап тұрады. Осыған қарап тапқыштар, үңгірге ошақ дайындаған, жан - жағына тастар қойып от жаққан. Қазіргі пеш - каминдер осылай шыққан.
Тікенекті өсімдіктердің тікендері бататынын барлығымыз білеміз, осыған қарап садақ, найза, ине, балық аулайтын ілгектер тапқан.
• Бүгін Әдірахман Асылбековтың «Үйрену» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы мәлімет.
Асылбеков Әбдірахман (1907 - 1970) - қазақ психологы. 1960 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасында қызмет атқарған. Ақын, аудармашы.

Ақынның шығармашылық жолы
Өлеңдер мен ертегілер
"Жапырақтар",
"Қиял қиясында",
"Алтын дән",
"Байқа, балақай"

Ертегі жинақтары
"Достық балладасы",
"Ерден атайдың ертегілері",
"Ақ тілек"

Сықақтар мен мысалдар жинағы
"Сауысқанның сәлемі"
«Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу» (1965), «Бала тәрбиесінде семьяның рөлі»(1966) т. б. мақалалардың авторы.
1962 жылы Ташкентте «Мектеп оқушыларында ынтаның қалыптасуы» атты кандидаттық диссертация қорғаған.
Табиғат әлемі алуан түрлі. Аңдар мен құстардың, теңіз жануарлары, өсімдік, ағаштардың – бәрінің белгілі бір пішіні бар. Тірі организмдер әр түрлі тәсілмен қозғалады. Адамдар уақыт бойы табиғатты бақылай келе одан көп нәрсені үйренуде.

IV. Оқулықпен жұмыс
• Өлеңді мәнерлеп оқу.
• Оқушылардың оқулары: Іштей, дауыстап, тізбектей.
Талдау: Жеке - жеке суреттерге байланысты оқушыларды сөйлету, суреттердегі ұқсастықтарын табу.
Инелік - тікұшақ,
балық - сүңгуір қайық,
жираф, керік - кран,
ақ құман - паравоз,
бұлбұл - ән,
- Қандай әншіге «қазақтың бұлбұлы» деген? Не себеппен?
(1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігі өткен, сонда Күләш Байсейітова дауысының өзіне ғана тән, соншалықты өзгеше екенін көз жеткізді)
Аяз (терезедегі қырау) - ою, өрнек

V. Ойын. «Мақал - мәтелді тауып алайық».
(Мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру, тәрбиелік мәнін ашу)
• Шебердің қолы көпке ортақ.
• Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

VІ. Ойын: «Тапқыр болсаң, тауып көр».
- Құстарға қарап не ойлап тапқан? (Ұшақ)
- Бақбақ гүлін барлығымыз білеміз. Осы гүл неліктен балаларға ұнайды? Оны үргенді ұнатамыз. Егер ақ бақбақ гүлін үрсе не болады? (жан - жаққа ұшады) Осыған қарап не ойлап тапқан? Қане, ойланып көрейік. (парашют)
- Мына гүлге қарап не ойлап тапқан? (Қоңырау)
- Араның омартасына қарап не ойлап тапқан? (көп қабатты үйлер)
- Балық қабыршағына қарап не ойлап тапқан? (үй шатыры)
- Жаңбыр жауғанда не ойлап тапқан? (қол шатыр)

VII. Қорытындылау:
1. Өзің не ойлап тапқың келеді? Ойланып, қиялдап көр.
2. Әбдірахман Асылбековтың “Үйрену” өлеңінің негізгі ойы не?
Осының бәрі адамның байқағыштық, бақылау, салыстыру қасиеттерінің арқасында арман - қиялдарынан туған туындылар.
- Осындай адамдарды қалай атауға болады? (Өнерлі, шебер, он саусақтан бал тамған т. б.)
- Өнер, шеберлікке байланысты қандай мақалдар білесіңдер?

VIIІ. Ойын: «Арман, тілек жазайық»
Оқушылар армандарын қағаз бетіне жазып, плакатқа ілу.
Топтық бағалау. (Топ басшыларына сөз беру)

IX. Үйге тапсырма беру:
• «Үйрену» өлеңін жаттап алу.
• Өзің не ойлап тапқың келеді? Шығарма – әңгіме жазу.
X. Бағалау. Оқушыларды бағалап өту.
XI. Мадақтау. (смайликтер тарату)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 759
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңдегі негізгі идеяны айта білуге үйрету.
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелеу.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Ой - өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу
"Үлек" М.Қалдыбеков
"Үлек" М.Қалдыбеков
Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қосымбаева Айзада
Үйрену. Ә. Асылбеков
Үйрену. Ә. Асылбеков
ШҚО, Аягөз қаласы, Бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Көшербаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×