Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Үлек" М.Қалдыбеков

05 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Үлек.
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, меңгерту. М. Қалдыбековтың өмірімен таныстыру. Түйе туралы білетін білімдерін кеңейту. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, оқу, түсіндіру, т. б.
Көрнекілігі: Слайд жұмыстары, Мамытбек Қалдыбаев портреті, түйе, үлек суреттері.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Қызығушылықты ояту:
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасы бойынша қандай дайындықпен келгенін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру: Шығарма жазу.
Егер өзің көрінбейтін адамға айналып кетсең не істер едің?
Шығарманы 5 - 6 оқушыға оқытамын.
- Біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Бұл әңгімедегі адамның ұры екенін қайдан білдік?
- Ендеше балалар сендер көрмей, дауысты қалай аңғарарсыңдар екен. Соны көрелік. Ол үшін мен сендерге дыбыс жасырамын. Сол ненің дыбысы екенін ажыраталық.
Аудиодан түйенің үнін тыңдау.
- Бұл ненің дыбысы?
- Түйе
- Ендеше, балалар қазір біздер түйенің атауына қарай топтастырайықшы.
ІI. Жаңа сабақ.
І. Топтастыру стратегиясы.

Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл шамасындай мезгіл болған. Міне, содан бері өткен жеті мың жылдай уақыт ішінде түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналды.
Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады. Қазіргі уақытта түйенің бұл түрлері Африкада, Орта Азия мен Батыс Азия мен Батыс Америкада да бар.

Түйенің екі түрі бар. Мұның біреуі қос өркешті, екіншісі нар (жалғыз немесе сыңар өркешті түйе).
2. Автор туралы мағлұмат беру.

Қалдыбаев Мамытбек
Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факультетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.
1964 - 65 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1970 - 78 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакциясында, кейін «Мәдениет және тұрмыс» журналында еңбек етті. Қазір Қазақ Мемлекеттік университетінде оқытушы, филология ғылымының кандидаты.
М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т. б кітаптары шыққан.
Алматыда тұрады.

3. Кітаппен жұмыс. Мәтінді Джиксо – ұжымдық оқыту әдісімен оқу. Тізбектей оқыту.
4. Дәптермен жұмыс.
Тапсырма:
1 - топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу. Толықтыру
2 - топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.
3 - топ: Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.
4 - топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.
Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.
1 - топ: Түйе жейтін шөптің атауын тауып жазу
Жусан, изен бұл қандай жерлерде өседі?
- Сөйлемнің қандай мүшесі?
2 - топ: Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.
Бозоба, Сарапан, Тасқұдық
- Бұл қандай жер деп ойлайсыңдар?
- Себебі неге?
3 - топ: Мәтінді пайдалана отырып үлекке сипаттама жазу.
Қорқуды білмейтін, жалғыз өркешті
Айбатты, батыл
малды бір өзі бағады
Нардың бурасы
- Қандай мәтін құрауға болады?
4 - топ: Мүлкібай атаның бейнесін көрсететін тіркестерді теріп жазу.
Қоржиған кіп - кішкентай, ап - арық Мүлікбай ата.
Ендеше балалар, Мүлікбай атаның несін суреттеген?
Жүрісін, бет - әлпетін, түрін
- Енді осы сөздерді пайдалана отырып портрет дегеніміз не? Деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
5. Портрет туралы мағлұмат беру.
Оқушылар сызба арқылы ереже шығару.
Сергіту сәті:
.- Ендеше балалар қазір біздер сәл тынығып алайық. Ол үшін «Нар идірген» күйін тыңдай отырып әрқайсысың өздеріңнің портреттеріңді салып, көршілеріңе тапсырыңдар.
Ой толғаныс:
Постер қорғау. Түйе туралы не білеміз, соны алдарыңдағы қағазға жинақтап, өздерің қорғайсыңдар.

«Ой қозғау» Сұрақтармен жұмыс.
1. Үлек дегеніміз не?
2. Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
2. Балалар неден, неге қатты қорықты?
3. Егер Мүлкібай ата бармаған болса, не болар еді?
4. Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды айтуға болады?

ІІІ. Сабақты қорыту:
- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Оны қаншалықты түсіндік? Оны тақтада берілген смайлктің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімзді жапсырамыз?

Үйге тапсырма:
1. Мәтінді түсініп оқу.
2. Түйе туралы мәлімет материал жинау.
Бағалау
13 142
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек»
Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Ой - өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кобенова Жамила
«Үлек» Мамытбек Қадылбеков
«Үлек» Мамытбек Қадылбеков
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темиргалиева Фарида Турсунгалиевна
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Мамытбек Қалдыбаев «Үлек» әңгімесі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Ана құшағында Ғабит Мүсірепов
Ана құшағында Ғабит Мүсірепов
ШҚО, Аягөз қалалық № 3 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Сейсекенова Гульнар Смагуловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×