Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапырақ

14 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Оразалы Ақмарал

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты:
1. Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы, оның атқаратын қызметі туралы кеңірек түсінік беру, жалпы өсімдіктің адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеу
2. Дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың міндеттері: сауалдарға жауап беру арқылы тақырыпты зерттеуге, талдауға машықтандыру, өз көзқарасын, пікірін білдіруге бейімдеу
Сабақтың көрнекіліктері мен құрал-жабдықтары: оқулық, интерактивті тақта, слайд
Сабақтың түрі: аралас, зерттеу сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыстар
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, бейнелеу

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз.
- Алға қадам жасау үшін біз өткен тапсырманы еске түсірейік.
2.Үй тапсырмасын тексеру 2-3 оқушыдан сұрау
Үй тапсырмасын бекіту Ойын «Қай гүлді ұнатасың?»
- Өсімдіктің тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
- Сабақ өсімдікке не үшін қажет?
- Қандай жемістің сабағы жұмсақ, иілгіш болып келеді?

4. Жаңа сабақ
- Балалар, біздер бүгін Алматы қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік агрошаруашылық институтын бітіргелі отырмыз. Яғни, біздер болашақ «Жас ғалым» атанғалы отырмыз. Бірақ жас ғалым атануымыз үшін алдымыздағы сынақтардан сүрінбей өтуіміз қажет. Бізге зерттеуге берілген тапсырманың тақырыбын білуіміз үшін тақтадағы берілген жұмбақты шешіп көрейік.
Жұмбақ Тал басында тізіліп, Ізінен оның үзіліп,
Он жапырақ тұр еді. Түсті тағы екеуі.
Жел соқты да үзіліп, Тұр әлі де ілініп,
Ұшып кетті біреуі. Жапырақтың нешеуі? ( 7 жапырақ)
-Енді шыққан7 санын 1-ге дейін кері санаймыз 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
Сандардың артында жасырынған жапырақтың суреті шығады.

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты айтылады: жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы, оның атқаратын қызметі туралы кеңірек түсінік беру, жалпы өсімдіктің адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу.
Мәтін бойынша түсінік беру, мағынасын ашу.

Жапырақ – өсімдіктің маңызды мүшесі. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады. Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады. Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады. Жапырақ шебер «аспазшы» екен.Күн көзінің жарығы мен жылуы арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал жасалады.

Жапырақ – өсімдіктің сәні. Жапырақ сағақтан және кеңейген жері – тақтадан тұрады. Жапырақтың пішіндері әр түрлі болады. Атап айтсақ, ромб тәрізді, жұмыртқа, саусақ, қауырсын, дөңгелек тәрізділері т.б. болады. Жапырақ ұшынан бастап өседі. Жапырақтағы жасыл түсті «хлорофилл» деп атайды.Күзде күн салқындайды, топырақ тоңазиды. Соның әсерінен өсімдік тамырына қажетті қорек аз болады.Жапырақтың ауа райының өзгерісінен жасыл түсі өзгеріп, сары- қоңыр түстерге айналады.

5. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей, тізбектей оқу.
6. Дәптермен жұмыс Күннің жадын жазу Жапырақ

буландырады
тыныс
алады
шебер «аспазшы»
жапырақ

өсімдіктің
сәні тыңайтқыш

7. Практикалық жұмыс
1. Күзде жапырақтың бәрі жерге түсе ме?
Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Шырша ағашының жапырақтары 5 жыл, ал қарағайдың жапырақтары 2-3 жылға дейін тіршілік етеді.
2. Күзде жапырақтар неліктен сарғаяды?
Күзде күн салқындайды. Сосын топырақ тоңазиды. Өсімдік суды аз сіңіреді.Жапыраққа қажетті күннің жылуы азаяды.

3. Жерге түскен жапырақтың қандай пайдасы бар?
Жерге түскен жапырақ қыста өсімдік тамырын суықтан сақтайды. Түскен жапырақтарды жинап, жерге көміп топыраққа араластырады. Сонда топырақ құнарлы болады.
4. Жапырақтың құрылысы туралы айтып бер.
Жапырақтың сағағы болады. Ол сабаққа жалғанып тұрады. Жапырақтың кеңейген жері – алақаны немесе тақтасы деп аталады.

8. Шығармашылық жұмыс
1-қатар: Өсімдік туралы мақал – мәтел, нақыл сөздер айту
2- қатар: Күз мезгілі, жапырақ туралы өлең жолдарын айту
3- қатар: Жапырақтың суретін салу

9. Сергіту сәті «Жапырақ» (қимылмен көрсетеді)
Тақ- тақ – тақ,
Біз айтамыз тақпақ.
рақ – рақ – рақ,
Күзде түсер жапырақ.
Қол –қол –қол,
Күзде егін мол.
Тоқ – тоқ – тоқ,
Шыбын – шіркей жоқ.

10. Зерттеу жұмысы: қураған және жасыл жапырақтарға тәжірибе жасау

Қажетті құралдар: қайшы, жапырақ, сулық қағаз.
Ойын «Тез ойла, сөз ойла!» Шарты: Жапырақ сөзінен жаңа сөз шығару
11.Қорытындылау
- Бүгін біз немен жақынырақ таныстық?
- Жапырақтың қызметі, пайдасы қандай?Жапырақтың құрылысын атап бер.
12.Ой қозғау стратегиясы « Менің үлесім »
Мен өсімдіктерді қорғау үшін...........
- Ағаштардың діңдерін әктеймін.
- Тыңайтқыштар беремін.
- Уақытында суарып, күтіп баптаймын. т.б.

- Балалар, ағаш көркі – жапырақ екен. Ағашқа әдемілік беретін – жапырақ.
- ҚР – ның «Қоршаған ортаны қорғау Заңы » бар. Сол заңның 38 – ші бабында «Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті» делінген. Ауылды көркейту бағытында « Жасыл ел» бағдарламасы біздің ауданымызда да жүзеге асып жатыр.
- Балалар келешекті көркейтетін сендерсіңдер! Айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғаңдар! Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!
- Қане, қандай уәде бересіңдер?
- Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз!
Бағалау. Дипломмен мадақтау
Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұндау.
29 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың ішкі құрылысы
жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі жайлы түсінігін қалыптастыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Далабаева Гүлжихан
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×