Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.

29 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.
Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Тау жыныстары жинағы.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Базалық білім: Пайдалы қазба. Оларды өңдеу, пайдалану.
Тірек білім: Тау жыныстары. Тығыз және майда тау жыныстары.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.
А) мәтінді тұтас оқу.
ә) Мәтінді бөлімге бөліп оқу.

1. Тұз. Тұздың адам өміріндегі маңызын өздерің айтып көріңдер.
2. Бетон, тас, құм, саз, әк ─ құрылыс жұмыстарына қажет.
3. Тас көмір, мұнай, газ, шымтезек, жанар тақтатас ─ үй жылыту үшін қажет.
4. Металл ─ машина, ұшақ, кеме, т. б. жасау үшін керек.

Жерден қазылып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атайды.

Пайдалы қазбалар кен орындарына шоғырланады.
Металл және олардың қоспалары араласқан тау жынысы кен деп аталады.

Географиялық картамен жұмыс. Шартты белгілерге қарап картадан тұз кен орындарын табу. Мұнайдың, көмірдің шартты белгілерімен таныстырып, орларды картадан табу.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. жүктеу
1 716
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Адамды қоршаған нәрселер – денелер → табиғи денелер, жасанды денелер. Табиғи денелер → Ай, Күн, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс және адам
Жанғыш пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
Тау жынысы деген не?
Тау жынысы деген не?
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный кенті, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожамбергенова Амина
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×