Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем мүшелері

08 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты
1. Сөйлем мүшелеріне түсінік беру бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру. Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер екенін ұғындыру.
2. Сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
3. Өз ара ынтымақтастыққа сыйластық, экологиялық тәрбие беру.

Үй жұмысын тексеру
Үйге берілген жаттығуды сұрау талдау.
Сөйлем неше түрге бөлінеді?
Сөйлем екі түрге бөлінеді жай сөйлем және құрмалас сөйлем.
Жай сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері қандай?

Ұйымдастыру бөлімі
Ойға толсын санамыз.
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің.
Тату болсын арамыз

Жаңа сабақ.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі. Күз айларын атайық.
- Осы күздің белгісі неде?
- Күзде күн салқындайды жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды. Жеміс - жидектер, егін піседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Ал кейбір құстар қыстап қалады, отырықшы құстар да бар. Соларды білесіңдер ме?
- Сауысқан, қарға, торғай, суық торғай, көгершін, тоқылдақ.
- Міне, бүгінгі сабақта осы құстардың тапсырмасы бар екен.
Торғай:
Мен торғаймын торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт құмырсқа шіркейден,
Бау - бақшаны қорғаймын.
Онда торғай сендерге тапсырма беріпті.
Қар жауды.
Бүгін жапалақтап қар жауды.
- Не берілген?
- Сөйлем. Сөйлем дегеніміз не?
- Бұл оқығанымыз қандай сөйлем?
- Салыстырайық. Сұрақтар қоялық. (Ұқсастығы екеуіде сөйлем, хабарлы сөйлем.)
- Өзгешелігі барма? (Өзгешелігі бірінші сөйлем бастауышпен баяндауыштан тұрады. Екінші сөйлемнің бастауышпен баяндауыштан басқа да тұрлаусыз мүшелері бар.
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Сөйлем мүшелері.
Бастауыш, баяндауыш.
Бастауыш: Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштарға кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді: Жәния дайындалды. Боран соқты.
Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді.
Баяндауышқа не істеді? не ғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: Әсем биледі. Найзағай жарқылдады.
Бастауыш та, баяндауышта зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады. Мысалы, Әмір күйші. Алматы - сәулетті қала.
Тұрлаулы мүше. Тұрлаулы мүшеге бастауыш, баяндауыш жатады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде бастауышпен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.
Мысалы: Бүгін жапалақтап қар жауды.
Тұрлаусыз мүше. Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүше деп айтады? Оларға: қандай? Кімге? неге? нені? қашан? қайда? т. б
сұрақтар қойылады.
Енді. Ойна да, ойла. Ұйқасын тап.
Орыннан орынға ауысқан.
Ұшқалақ қара ала (сауысқан)

Сауысқан тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу.
Ш ш Ш ш
Шабадан, шабандаз, шалғай, шарбақ, шатқал, шәйнек, шежіре.
Сауысқанның тапсырмасы жақсы орындалды. енді жұмбақ шешейік.
Қара түсті қарқылдақ.
Ұшып - қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды.
Жем іздейді там - тұмдап. (қарға)

Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Бастауышпен баяндауышты тауып астын сыз.
Адамдар санауды ертеде үйренген. Олар алғашқыда саусақтарын санаған. Кейін есептеу үшін ұсақ тастар қолданған. Адамдар әлгі тастарды жіпке тізіп қоятын. Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды. Бұл есепшоттың алғашқы түрі еді. техника өсті. Есептер қиындай түсті. Оларды шешу үшін машина керек болды. Электронды есептеу машиналары осылай шықты.

Сергіту сәті.
Әрі қарай бойымызды сергітіп, Ұйқас айтайық.
Тақ - тақ - тақ
Айтамыз біз не? (тақпақ)
Рақ - рақ - рақ
Күзде түсер не? (жапырақ) Қол - қол - қол
Күзде егін (мол)
Тоқ - тоқ - тоқ
Шыбын - шіркей (жоқ)
Келесі мына өлең жолының ұйқасын табайық.
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді. (шымшық)
Онда шымшықтың тапсырмасын орындайық.
2 - жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жаз. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды.

Үйге тапсырма
5 - жаттығу Сызба бойынша сөйлем құрастырып жазу.
Еркін тақырыпқа құрмалас сөйлемді қатыстырып мәтін құрау

Сабақты қорытындылау
Міне балалар, бүгін құстардың тапсырмалары арқылы сөйлем мүшелері туралы білімдеріңді толықтырдыңдар. құстар адамға дос, табиғат көркі дейміз. Қыстап қалатын отырықшы құстарға қамқор болуымыз керек.
Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында ережелерді сұрау.
6 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзіңді – өзің тексер
Өзіңді – өзің тексер
Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; Құрмалас сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Ақтау қаласы, №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тастанбекова М. К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×