Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндауыш

10 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: Баяндауыш туралы түсінік беру, оның басқа сөзбен байланысын табу, сұрақ қоюға үйрету
Дамытушылығы: Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, сауатты жазуға дағдыландыру
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Тірек сызба, сурет
Әдісі: түсіндіру, көрнекілік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
34 - жаттығуды тексеріп, өткен сабақты қорыту үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
- Бастауыш дегеніміз не?
- Бастауыштарда қандай сұрақтар қойылады?
- Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді: Жәния дайындалды. Боран соқты.

ІІІ. Жаңа сабақ
Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: Әсем биледі. Найзағай жарқылдады.

ІV. Оқулықпен жұмыс
35 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқу
Маусымдар
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап тереді.
(Қастек Баянбай)

V. Тақтамен жұмыс: 36 - жаттығу
Тырс - тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Тамшылар тамады.
Тырс - тырс!
Жапырақ жылайды,
Жырдан су құлайды.
(Ермек Өтетілеуов)

VІ.«Кім шапшаң?» ойыны. Сәйкестендіру әдісі
Аңдар → жүгіреді
→ ішеді
→ жейді
Құстар → сайрайды
→ ұшады
→ шоқиды
Оқушы → оқыды
→ жазды
→ күлді
Су → ақты
→ тамды
→ қатты

VІІ.«Кім біледі?»
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлем құрамындағы нақты жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Айдын бормен жазды.
2. Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем - аяқталған ойды білдіреді
Сөздер бір - бірімен мағыналық байланыста болады
Бірнеше сөз бас әріппен бастап жазылады
3. Мәтін дегеніміз не? Оның түрлері
Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтін түрлері: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау
Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді сұрағына жауап береді.
Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды қандай сұрағына жауап береді.
Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді не үшін сұрағына жауап береді.
39 - жаттығу
Ешкі маңырайды.
Мысық мияулайды.
Ит үреді.

VІІІ. Өз бетімен жұмыс
Дыбыстық талдау жасау
Б - дауыссыз, ұяң
о - дауысты, жуан
р - дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан
н - дауыссыз, үнді
ІX. Қорыту. Рефлексиялық бағалау кезеңі
«Тілек ағашына» сабақта алған әсерін, өз ойларын стикерлерге жазып жапсыру.
X. Үйге тапсырма: ережелерді жатқа айту
10 453
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?
• Мәтін - өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтіннің тақырыбы болады. • Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір - бірімен тығыз байланыста болады.
Бастауыш
Бастауыш
Оқушыларға сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын молайтып, ой белсенділігін дамыту.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелеріне түсінік беру бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру. Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер екенін ұғындыру.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Баяндауыш
Баяндауыш
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кыйгашова Сая Бердіғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×