Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Танымдық ойын «Бақытты сәт»

29 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығыс Қазақстан облысы,
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы,
«Амангелді орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі: Кажиғалиева Роза Газизовна

Танымдық ойын «Бақытты сәт»
2- сынып
Мақсаты: 1. Оқушылардың өз бетімен білім алып, жан-жақты болуға үйрету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Өздерін еркін ұстай білу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын көбейту.
3. Алғырлыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс.
Керекті құралдар: Бөшке, нөмірленген шарлар, ойыншықтар, фишкалар, сандық. Жазылған нақыл сөздер: «Өсер еліміздің болашағы - сапалы білімде», «Білімді мыңды жығар», «Күшіңе сенбе, біліміңе сен».

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызды бастамас бұрын мен сендерге ормандағы бір оқиғаны айтып берейін.
Бір күні аңдар жиналып алып, кім ең әдемі, кім ең ақылды екендерін дауласыпты. Шеше алмағандықтан 2 топқа бөлініп сайыс өткізбек болады. Әдемілер бір топ, ақылдылар бір топ болады. Ал маймыл болса, біресе ана топқа, біресе мына топқа жүгіріп жүр. Андар таң қалып: - «Маймыл, сен неге ары-бері жүгіріп жүрсің? »- дейді. Сонда маймыл:- «Мен әдемімін де, ақылдымын да. Қай топқа қосыларымды білмеймін »- дейді. Аңдар: - «Біз сайысамыз, сен сонда шешесін»- депті.
Балалар, сайыс соңынан маймылға қай топқа барғаны дұрыс екенін ойлана отырыңдар.
- Балалар, Президентіміз өз жолдауында «Өсер еліміздің болашағы - сапалы білімде » дегендей, бүгінгі сыныптан тыс «Бақытты сәт» сабағымыз сайыс түрінде өтпек. Сайысымыз 6 геймнен тұрады. Оқушылар 2 топқа бөлініп, алған білімдерін сіздерге жан-жақты көрсетуге тырысады. (Әділқазылар алқасымен таныстыру).

Сайыстың жүру барысы.

1.Екі топты ортаға шақыру.
2.Таныстыру.
1- топ: Біздің топ: «Талап»
Біздің ұран: «Жас ұрпақпыз талапты,
Жақсы оқимыз сабақты».
2- топ: Біздің топ: «Алға»
Біздің ұран: «Алға қарай самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз».

1 гейм: Бой сергіту. 1 мин. 1 оқушы жауап береді.
1- топ
1. Шөлге шыдамды жануар?
2. 30+20?
3. Орман дәрігері қай құс?
4. 3 тышқанда барлығы неше құлақ?
5. Сөйлем неден құралады?
6. 6 санының көршілері?
7. Алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
8. Қай жануар қымыз береді?
9. Көксерек әңгімелеріндегі баланың аты кім?

2- топ
1. Еңбекқор жәндік?
2. Алфавитте неше дыбыс бар?
3. Қай аң орман дәрігері?
4. Қ қандай дыбыс?
5. 2 қоянда барлығы неше аяқ бар?
6. 1 ғасыр артық па, әлде 40 жыл артық па?
7. Абайдың шешесінің аты кім?
8. Ұшып қонып жүреді, бақаға жем болады?
9. 50+30?
10. Аю деген сөзге қандай сұрақ қойылады?

2 гейм: Бөшкеден шыққан бас қатырғылар. (Бөшкеден шарлар алып, нөмірлері бойынша сұраққа жауап.)
1. Жұлдыздар күндіз жарқырай ма?
2. Неліктен жалқауды жалқау деп атаған?
3. Ненің үйі арқасында?
4. Адамның қанын соратын жәндік?
5. Аспандағы ұшып жүрген жыртқыш құсты көріп үйрек балапандарына дауыстап айғайлады. Ол не деді?
6. Атамекен деген сөзді басқа қандай сөзбен алмастыруға болады?
7. Егер «Т»- дан бастасаң
- Санмын,
«Т» -ны алып тастасаң
- Жаумын.
8. Екі арқар бірі шығысқа, бірі батысқа қарап тұр. Қалай көріп тұр?
9. Түйенің табаны жалпақ, сол үшін оны шөлде керуенде пайдаланған. Неліктен?
10. Бұтақта 5 қарға, 8 торғай отыр еді. Олардың 6- уы ұшып кетті. Қалай ойлайсың, ең болмағанда1 торғай ұшып кетті ме, жоқ па?

3 гейм:Жұмбақтас.
2 топқа 1 сұрақ қойылады. Қай топ бірінші және дұрыс жауап береді, соларға ұпай қосылады. (Қызықты, логикалық сұрақтар.)

4 гейм: Сен маған, мен саған. 2 топ бір-біріне сұрақ қояды.

5 гейм: Көсемдікке ұмтылу. (барлығы жауап беруге болады. 1 мин)
1 топ.
1. Біз тұратын Республика.
2. 1 аптада неше күн бар?
3. Қазақтың ұлттық тағамы.
4. Сөздер қалай тасымалданады ?
5. Көкжиек тұстарын ата.
6. Төртбұрыштың периметрін қалай табады?
7. Тәуелсіздік күні.
8. Өзім құрлықтамын, балам суда. (ненің сөзі?)
9. Өсімдіктің жер асты мүшесі?
10. 25+3?

2 топ.
1. Біздің астана қай қала?
2. Қазақтың ұлттық ойыны.
3. Рәміздерді ата.
4. 1сағ - ? мин.
5. 46+2?
6. Абай Құнанбаев кім?
7. Тудың авторы кім?
8. Сөздің түбірге жалғанған бөлігі не?
9. 1 жылда неше ай бар?
10. Өсімдіктің жер үсті мүшелері.

6 гейм: Жиренше ат.
Жәшіктің ішіндегі қандай заттар екендігін табу. Соған байланысты жұмбақтар айту.
1. Іші толы ауаға, секіреді аулада.
2. Тұмсығымен қозғалады, Соңында аппақ із қалады.
3. Сырты ескіргенімен, іші ескірмейді.
4. Өзі – арық, сөзі – әріп.
5. Жыл басы.
6. Қанаты бар, бірақ ұшпайды.
7. Бұл жорғалап жүрушілерге жатады.
8.Шар, бетінде өзен-көл, қала, таулары бар.
9.Бұл құралды ұзындық өлшеу үшін қолданады.
10.Қысы бойы ұйықтайды, есікті бір ашпайды.
11.Көңілді көтерер, дала сәнін келтірер.
12.Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай,
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.

Әділқазылар алқасына сөз беру, марапаттау.

Мұғалім: Балалар, ойындарыңа рахмет. Сендерге ұнады ма? Маймылдың қай топқа қосылғаны дұрыс екен? Жақсы.
- Иә, балалар біз әдемі киініп жүрсек, бірақ біліміміз, ақылымыз жоқ болса, бізді ешкім сыйламайды. Білімді, тәрбиелі, ақылды болу адамның ең жақсы қасиеттері. Ал біздің білім алуымызға, жан-жақты болуымызға досымыз кітап көмектеседі. Сондықтан, кітап көп оқуға тырысайық.
Сабағымызды Ы. Алтынсариннің мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді

Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Барлықтарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
15 642
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Алтын сақа интеллектуалды ойын-сайыс
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сан есім (бекіту сабағы)
Сан есім (бекіту сабағы)
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мухаметкалиева Гульмира Нуржановна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Муратовна
Зат есімнен өткенді қайталау
Зат есімнен өткенді қайталау
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×