Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарыш туралы алғашқы түсінік

25 наурыз 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сынып
Cабақтың тақырыбы: Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелері мен Галактика неден тұратыны жайлы білімдері қалыптастыру;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін атайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Ғарыш және жердің ғарыштағы орны мен ғаламшарлар туралы түсінеді
Кейбір оқушылар:
Галактика неден тұратынын ажыратады және ғарышты игеруге
Қазақстанның үлесін анықтайды
Тілдік мақсат: Оқушылар:
Күн жүйесі планеталар атауын біле алады.
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:
Планеталар, Галактика, Күн, Ай, Уран, Нептун, Сатурн, Марс, Жер, Меркурий, Шолпан, Юпитер. Әлем, Ғарыш.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
1. Жалпы ғарыш туралы түсінік
2. Күн жүйесіне енетін планеталар
3. Галактика құрамы
Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?
Берілген тақырып бойынша танысатын жаңа ұғымдар
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Бақылау күнделігіне Күн жүйесінің құрамын жазады.

Басталуы
10 мин Ұйымдастыру
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат – анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Мұғалімнің түсіндірмесі
Жұмбақ жасыру
Жылт - жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге
(Жұлдыз)
2. Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан (Күн)
3. Орақ болып туады,
Табақ болып тынады (Ай)
4. Алып кілем –
Гүлге толы
Үсті кілең (Жер)
Топқа бөлу Топта жұмыс жасауға дағдыландыру үшін оқушыларды топтастырамын.
Оқушылар конверт таңдап алады. Әр конвертте Ай, Жер, Күн, Жұлдыз суреттері салынған. Сол бойынша неше топқа бөлінеді.

Ортасы
20 мин Аспан әлемі сырларын білетін боламыз.
Аспан әлеміне саяхат ұйымдастыру.
Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
Ғарышқа немен ұшады?
Ғарышқа ұшуға дайындық.
Топ жұмыс
1 - 3 топ. Ғарышты қалай елестетесің?
Сурет салу
Топта оқушылар суретін салады. Топтан бір оқушы қорғайды.
2 топ. Ғарышты зерттеудің қандай маңызы бар?
Өз ойларын бірнеше сөйлеммен жазып, қорғайды.
4 топ. Ғарыш денелері жайлы бұрын не білесің? Топта ой бөлісу, өз ойларын сыныпқа ұсыну
(Бұрынғы білетін білімдеріне сүйену).
Әр топ жауабын «3 шапалақ» бойынша бағалау. Өзара бағалау.
Сергіту сәті
«Көңілді күн» сергіту сәтін орындата отырып, оқушылардың дене қимыл қозғалыстарының қалыпты, икемді болуына мән беру.
Оқулықпен жұмыс
Дүниетану
4 сынып, Алматы «Атамұра», 96 - 98 бет
Мәтінді «Жигсо» әдісімен оқу.
Мәтінді 4 бөлікке бөліп оқиды, топта талдайды. Келесі топқа түсіндіреді.
Ғарыш әлемі, Жердің жасанды серігі жайлы слайдтар көрсету.
Оқушылардың түсінген білімдерін тексеру. «4 сұрақ» әдісі. Әр топ 1 сұрақтан таңдап алады, сол сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
1. Жұлдыз деген не?
2. Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?
3. Галактика неден тұрады?
4. Ғарыш деп нені атайды?
- Топта ой бөліседі
- Бір оқушы жауап береді.
«Қалам ортада» әдісі. Жауабын тыңдағым келген оқушының қаламын көтеремін.
Берілген жауаптарды «Бас бармақ» әдісімен өзара бағалау жүргізу.

Өскемен қаласы
«№27 орта мектебі» КММ
Мұғалімнің есімі: Нысанова Алия Сеитқызы

Ғарыш туралы алғашқы түсінік. жүктеу
4 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш. Адамдар ғарышты қалай зерттеді?
Ғарыш. Адамдар ғарышты қалай зерттеді?
Ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттейді, астрономия туралы түсінік алады
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш дегеніміз не?
Аспан денелері туралы қарапайым түсініктерді түсіндіру, қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Ғарыш туралы түсінік
Ғарыш туралы түсінік
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай ауылы, Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібековна
Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный кенті, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожамбергенова Амина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×