Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы математика еліне саяхат

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы математика еліне саяхат
Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту. Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру. Жұмбақтар шеше білуге дағдыландыру.
Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру және кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.
Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Қостілділік сыңары: Бір - один - one, екі - два - two, үш - три - tree, төрт - четыре - four, бес - пять - five.
Көрнекіліктері: Сандар, пішіндер, құрсау.
Әдіс - тәсілдер: жылулық шеңбер, жұмбақтар жасыру, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, сан туралы тақпақтар, әңгімелеу, триз.
Сөздік жұмысы: құрсау
Алдын - ала жұмыс: сандар туралы тақпақтарын жаттату.

Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бүгін бізде ерекше күн қараңдаршы бізге қонақтар келді.
алдыменен қонақтармен амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме!
Жылулық шеңбер:
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық!
Жүрек жылуын алайық!
Жиналған жылы шуақты!
Қонақтарға сыйлайық!

- Балалар мен сабақты бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ:
Тәрбиеші: Бір сиырдың неше аяғы бар?
Балалар: Бір сиырдың төрт аяғы бар.
Тәрбиеші: екі түлкінің неше құйрығы бар?
Балалар: екі түлкінің екі құйрығы бар.
Тәрбиеші: ағаштың басында төрт торғай отыр, торғайлардың жанына тағы бір торғай келіп қонды неше торғай болды?
Балалар: бес торғай болды.
Тәрбиеші: 1, 2, 3, 4, 5 - тура сан.
5, 4, 3, 2, 1 - кері сан
- Жарайсыңдар, балалар. Балалар сендер саяхатқа барғыларын келеді ме?
Балалар: Барғымыз келеді.
Тәрбиеші: Қазір біз сиқырлы математика еліне саяхатқа аттанамыз.
Балалар саяхатқа пойызбен барайық.
«Саябақ» аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар саябақ аялдамасының мынадай тапсырмасы бар.
Тапсырма:
Санға сәйкес жеміс - көкөністерді теріп алыңдар
- Айтып беріңдер, қандай сан және неше жеміс тердіңдер.
Балалар:- Менде 1 саны - мен 1 алмұрт тердім.
- Менде 2 саны - мен 2 алма жинадым. т. б.
«Түрлі - түсті пішіндер» аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы мына жерде нелерді көріп тұрсыңдар?
Балалар: Әр түрлі пішіндер
Тапсырма: Пішіндерді құрсауға орналастыру.
Тәрбиеші: Мында көк құрсауға дөңгелек пішіндерді орналастырамыз, ал қызыл құрсауға әр түрлі пішіндерді орналастырамыз.
Балалар: Мен құрсауға пішіндерді орналастырдым. Көк құрсауға дөңгелек пішіндерді, қызыл құрсауға әр түрлі пішіндерді орналастырдым.
«Киімдер» аялдамасы
Киімдерді жамау (кесілген жерге пішіндерді қою)
Тәрбиеші: Балалар мында киімдердің суреттері бар. Бірақ киімдер бүтін емес, оларды пішіндер арқылы жамау керек.
Мен киімді сопақша және үшбұрышпен жамадым.
«Түрлі - түсті таяқшалар» аялдамасы
Тәрбиеші: Балалар мында түрлі - түсті таяқшалар бар. Біз бұл таяқшалар арқылы әр түрлі пішіндерді құрастыруларың керек.
«Демалу орталығы» аялдамасы
Бәріміз біргеміз.
Оңға бір қадам, солға бір қадам.
Шапалақ ұрамыз.
Алға бір қадам, артқа бір қадам.
Шапалақ ұрамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Енді біз математика ханшайымына сандар туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
Али:
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
Ақбота:
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ білемін.
Дидар:
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
Каусар:
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
Инабат:
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
Математика ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Рахмет өнерлерің өрлей берсін. Сендер сондай ақылды, алғыр, білімді балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын, сондықтан сендерді марапаттап мына жұлдызшаларды беремін.
Балалар: Рахмет математика ханшайымы.
Математика ханшайымы: Балалар меніңде кететін уақытым болды. Сау болыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз!
- Балалар сендер санамақ білесіңдер ме?
Балалар: Ия, білеміз.
«Санамақтар»
- Кім санамақ айтып береді?
«Пинг - понг» ойыны
- Мен сендерге бір сөзді айтамын, сендер маған қарама - қарсы сөздер айтасындар.
- Ұзын
- жуан. т. б
- қысқа.
- жіңішке. т. б
- алыс
- жақын т. б

Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар бүгін қайда бардық?
Балалар: «Сиқырлы математика» еліне саяхатқа бардық.
Тәрбиеші: Саяхатта біз не істедік?
Балалар: Саябақ аялдамасының тапсырмаларын орындадық.
Әр аялдамаға тоқталып тапсырмаларды орындадық, ойын ойнадық, жұмбақтар шештік.
Тәрбиеші: Балалар сиқырлы математика елінің ханшайымы сендерге берген сыйлығы ұнадыма?
Балалар: Ия.
Балалар сыйлыққа қуанады.
Қоштасу шеңбері:
- Балдай тәтті балалармыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасып бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: сандарды, пішіндерді, кеңістікті бағдарлауды.
Нені игерді: Санға байланысты заттарды сәйкестендіруді.
Нені меңгерді: Жұмбақ шешуді, сұраққа жауап беруді, логикалық ойлауын, есте сақтауды.
Сиқырлы математика еліне саяхат. жүктеу
Сиқырлы математика еліне саяхат1.жүктеу
3 845
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жібек құрты қалай көбелекке айналды
Жібек құрты қалай көбелекке айналды
Кеңістікті бағдарлай білуге. Сандарды тура және кері санау. Геометриялық пішіндерді атап айтып беруге. Түрі - түсі, көлемі жайлы білімдерін кеңейту.
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Кеңістіктегі сандар мен заттардың орналасуының бір – біріне тәуелсіз болуы туралы ұғыммен таныстыру; заттарды бір қатарға – солдан оңға қарай оң қолымен санауға, орналастыруға үйрету
Хайуанаттар бағына саяхат
Хайуанаттар бағына саяхат
Балалардың ұғымдарына кеңістікті бағдарлауды, оң мен сол ұғымдарын, алыс - жақын түсініктерін қалыптастыру.
Қызықты математика
Қызықты математика
Балабақша тәрбиешісі: Меңдәлі Г.С.
Ғажайып пішіндер
Ғажайып пішіндер
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі Амирова Гульмира Догдырбаевна
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×