Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып пішіндер

06 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Амирова Гульмира Догдырбаевна

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:
Математика
Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»
Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндерді олардың түстері туралы түсініктерін бекіту. Санамақтар айтқызу арқылы сан туралы ұғымдарын қалыптастыру. Сандарды тура және кері санау, дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, үйрету, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, сергіту сәті қорытындылау.
Көрнекілік - құрал: Слайд, сурет, сандар, үлестірмелі пішіндер.
Жаңа сөз: Патшайым, күлдірген.
Тәрбиешінің іс - әрекеті

- Балалар бүгін бізде ерекше күн.
- Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер:
Қолды көкке созайық,
Азайтайық, қосайық.
Сан есептің сарайын,
Кәне бірге ашайық.

- Бүгін біздің ұйымдастырылған
оқу іс - әрекетіміз математика деп аталады.
- Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Қане, күз мезгілінің ай аттары қалай аталады?
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Өте жақсы.
- Балалар бізге дыбыстық хабарлама келіпті.
- Бұл кімнен болды екен а!
- Электронды поштаны ашып көрейік.
- Электронды пошта ашылады.
- Пішіндер патшайымы:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Мен пішіндер патшайыммын.
Бүгін Айгөлек балабақшасында
Шерқала тобында ашық оқу іс - әрекеті өткелі жатыр. Менің сендерге берер тапсырмаларым бар.
Сендердің білімдеріңді, ой ұшқырлықтарыңды білейін деп күлдіргеннен тапсырмамды
беріп жіберемін. Жақсы орындаған балаларға мадақтау қағазым бар.
Сендерге сәттілік тілеймін!
- Балалар біздің тобымызға күлдірген келе жатыр.
Патшайымның тапсырмасы бойынша.

- Есік қағылады.
- Күлдірген топқа кіреді.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Мен күлдіргенмін, бүгін сендерге ашық оқу іс - әрекеті өткелі жатыр екен. Топтарың қандай әдемі.
- Мен пішіндер патшайымының тапсырмасын ала келдім. Тәрбиеші апайларыңа тапсырайын.
- Ал мен бақылап отырайын.
- Күлдірген біздің балалар білімді және ақылды.

Ауа толтырылған шардың лентасында сұрақтар байланған. Балалар шарды алып, түсін атап, сұрағы бар тапсырманы апайларына береді.

1 - тапсырма.
Пішіндер туралы жұмбақтар.

Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.
(Балалар көрсетеді түсін айтады)
- Үшбұрыш неге ұқсайды екен?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.

- Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін?
- Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?
- Алдарындағы пішіндерден төртбұрышты көрсетіңдерші, түстерін айтыңдар.
- Тағы бір жұмбақты жасырайын

Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?
- Өте жақсы
- Дөңгелек неге ұқсайды?
- Өте жақсы балалар.
Ал, енді алдарындағы пішіндердің, ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші, түстерін айтамыз.

- Өте жақсы, жарайсыңдар!

2 - тапсырма.
Тура және кері санау.
- Балалар біз санап білеміз бе?
- Қане олай болсақ санайықшы.

- Ал, енді осы сандарды кері санайық

3 - тапсырма.
- Ал енді балалар біздер санамақ білеміз бе? Қане кім айтады.

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үш бұрыш сыз ауада
Сол қолың да бос тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
4 - тапсырма.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
45 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар.
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар.
5 - ке дейін реттік санауды бекіту, тура және кері санауды меңгерту. Балаларға негізгі бес түстерді топтастыруға үйрету: ақ, қызыл, сары, көк, жасыл.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×