Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер

17 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
Математика 5 - сынып
Тақырыбы: Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер (2 сабақ)
Мақсаты: Оқушыларға бөлігі бойынша санды табу ережесін, бөлігі бойынша санды таба білуді үйрету.
Оқушыларға бөлігі бойынша санды табу ережесін, бөлігі бойынша санды таба білуді үйрету.
Мысал келтіру арқылы
2. Есеп шығару арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту
Алған білімдерін практикада қолдану арқылы
3. Жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету

Әдістер мен стратегиялар: Практикалық, сұрақ - жауап, жекеше
Құралдар: оқулық, карточка, бағалау парағы
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасы тексеру
3. Өткен материалды қайталау
4. Карточкамен жұмыс
5. Оқулықпен жұмыс
6. Қорытындылау
7. Бағалау
1.
Психологиялық ахуал: «Шаттық шеңбері»

Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бүгінгі сабаққа деген ыстық лебіздерін білдіру.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Өткен материалды қайталау. «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы
Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты бір - бірден сұрақ жазып, конвертке салады. Жеребе арқылы ортаға оқушы шығып, ыстық орындыққа келіп отырып, конверттен сұрақ алады да жауап бере алса, ары қарай жалғастырады, егер жауап бере алмаса, күйіп кетеді де, келесі оқушы шығады.
1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда не істейміз?
2) Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда не істейміз?
3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосқанда не істейміз?
4) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайтқанда не істейміз?
5) Натурал саннан бөлшекті азайту үшін не істейміз?
6) Натурал саннан бөлшекті азайтудың неше тәсілі бар?
7) Аликвоттық бөлшек дегеніміз не?
8) Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз не?
9) Натурал санды бөлшекке көбейткенде не істейміз?
10) Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
11) Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді неге тең болады?
12) Өзара кері сандар дегеніміз не?
13) Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін не істейміз?
14) Аралас санды аралас санға бөлу үшін не істейміз?

15) Натурал санды бөлшекке бөлу үшін не істейміз?

Шешуі:
1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
2) Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
3) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін:
1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
2) бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу керек.
4) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту үшін:
1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
2) бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту керек.
5) Натурал санды (азайғышты) бөлімі азайтқыштың бөліміне тең бұрыс бөлшек түрінде жазу керек. Сонан соң бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін пайдаланып, азайту керек.
6) Натурал саннан бөлшекті азайтудың неше тәсілі бар? 2
7) Алымы 1 - ге тең бөлшек
8) Ереже: Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз - алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
9) Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, өзгеріссіз қалады.
10) Егер көбейткіштер аралас сандар болса, оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолдану керек.
11) Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.
12) Көбейтіндісі 1 - ге тең болатын екі санды
13) Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек. 14) Аралас санды аралас санга бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке болу ережесін қолдану керек.
15) Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.
16) Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
17) Бөлігі бойынша санды теңдеу құру арқылы да табуға болады.

4. Карточкамен жұмыс
Кері байланыс: Қол шапалақтау

5. Оқулықпен жұмыс
Оқушылардың дәптерлерінен үй тапсырмасының орындалуын тексеру
1 - есеп. Цистернаны бензинмен бірінші насос 24 минутта толтырса, екінші насос 40 минутта толтырады. Екі насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырылады?
Шешуі (үлгі):
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер жүктеу
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер жүктеу
5 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер. Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөлу
Санды көбейтіндіге бөле отырып, олардың арасындағы өзара байланысын түсіндіру. Санды көбейтіндіге бөлу жолдарын үйрету.
Проценті бойынша санды табу
Проценті бойынша санды табу
Проценті бойынша санды табу алгоритмін пайдалана отырып, есеп шығаруды үйренеді.
Бөлігі бойынша санды табу
Бөлігі бойынша санды табу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақшатау негізгі мектебі Математика пәнінің мұғалімі Махатова Айдана Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×