Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің армандаған үйім

01 шілде 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Менің армандаған үйім.
Мақсаты: оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.
Міндеттері:
- Арман ұғымы туралы түсінік беру.
- Балалардың ойын, қиялын дамыту.
- Жақсылыққа тәрбиелеу.
І Ұйымдастыру кезеңі.
- Үйірме бастауға дайынсыңдар ма?
Құралдарың түгел ме?
Көңіл күйлерің қандай?
Смайлики
Қазіргі көңіл - күйлерің:
Дильназ:
- Мен бәрін жасай аламын.
Жансая
- Бүгінгі күн тамаша
Олжас:
- Менің көңіл күйім керемет жақсы
Рифат:
- Мен өзімді жақсы сезінудемін
Елдос:
- Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Еркебұлан:
- Мен өзіме сенімдімін
Анжелика:
- Мен барлығы қолымнан келетіне сенемін
Мадина:
- Мен жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін.
Дархан:
- Мен жауапкершілікпен орындаймын.
Ислам:
- Адам еңбекпен шыңдалады.
Жібек:
- Жақсы көңіл күй жан шуағы
Айдана:
- Жақсылықпен жаным дос.

Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.
Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін
Бәріміз бірге қалайық.
Слайд
«Қазақстан - біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, Атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
Әр адамның өмірінде өз арманы болады. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді.
Арман алысқа жетелейді
Мына сауалдар арқылы өз ойымызды айтып, әңгімелесейік.
• Есейгенде кім болғың келеді?
• Ел үшін қандай игі іс атқару ойыңда бар?
• Өзіңді қандай адам ретінде елестетесің?
• Ата - анаңның үмітін ақтау үшін не істей аласың?
• Әлсіздерге қорған болып көмектесу үшін не істеуге болады?
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Олардың біреуі ойын жүргізуші болады. Ол ортадағы үстелге асықты бар өнерімен бұралта тастайды. Асық кімнің тұсына түссе, сол оқушы шығып өз арманын және не үшін соны армандайтынын айтады. Мысалы, «Шіркін - ай, басшы болсам, еліме нұр сыйлаған», «Шіркін - ай, доктор болсам, халқымды етем аман», «Шіркін - ай, банкир болсам, молшылық бәрінде болады», «Шіркін - ай, сәулетші болсам, жайнайды менің қалам» және т. б.
Жылдам және не үшін оны армандайтынын айта алмай қалған оқушы айып тартады.
- Бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп атайтынын жазады.

Сөзжұмбақтың жауабы: ақылды, рақымды, мейірімді, арлы, зейінді, шыншыл, ынталы, ойлы.
«Өз үйім, өлең төсегім» дегендей, шынымен - ақ өз үйіме ешқандай зәулім де жете алмас. Неге десеңіз, өз шаңырағымның түкпір - түкпір тесігі, әрбір керегесі, әрбір терезесі маған ыстық болып көрінеді. Қанша жерден алыстап кетсем де, мені әрдайым ошағымның жылулығы тартып тұрады. Кейде үйімнің иісін аңсаймын. Сонымен қатар, әкемнің ақыл сөздерін, анамның аялы алақанын, аға - інім мен апа - сіңлілеріммен сол кішкене үйде ойнап - күлгенімді армансыз еске аламын. Тіпті, алысқа бармай - ақ көршімнің үйіне қонаққа барсам да жатырқап, өзімді ыңғайсыз сезінемін. Ал үйге келсем, бойымды еркін ұстап, сондай шалқып қаламын. Міне, осыдан кейін мен өз үйімнің қаншалықты жылы екеніне көзім жетті.
Бір үйге бара қалсаң, қол - аяғың кісенделіп қалған сияқты, өз - өзіңді бір ерікте ұстай алмайсың. Ол үй қандай болсын, мейлі хан сарайы болсын, мейлі үлкен, алып киіз үй болсын, бәрібір сені өз үйіңе деген сағыныш жетелейді. Бұл тек үйге ғана емес, өз мектебіңнен басқа мектепке барсаң, туған жеріңнен басқа жат жерге барсаң осындай сезім құшағында боласың. Үйіңе не болмаса туған еліңе келгенде арқаңнан бір ауыр жүк түскендей боласың. Қол - аяғың байлаудан шешілгендей, бір керемет сезімге бөленесің, «Қайраң менің өз үйім» деп Жиреншенің күйін кешесің.
«Қиял әлеміне саяхат»
Балаларға өз армандарын қиял - ғажайып бейнеде қағазға түсіріп, түрлі - түсті қағаздар арқылы аппликация орындау
«Балалар, енді осы шығармаларыңызға ат қойып, қолдарыңызға ұстап жоғары көтеріңіздер. Қане, қиял әлеміне кім қалай саяхат жасай алды екен?!»

III Сарамандық жұмыс
Қағаз, қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесі:
• Қайшымен жұмыс істегенде мұқият бол.
• Бұйымды қиғанда, қағазды ыңғайлы қи.
• Қайшымен қиғанда, қайшыны кендеу ашып, қайшыны өзіңнен алшақ ұста.
• Саусағыңды жарақаттап алма.
• Қайшыны жауып өзіңе қаратып бер.
• Жұмыс кезінде қайшыны ұшынан ұстама.
V Бағалау
Оқушылар жұмысын қадағалап, тексеру, бағалау. Жақсы салынған суретті үлгі ретінде көрсету.
VI Қорытынды
Шеңбер аясында Е. Өтетілеуовтың «Нағыз адам боламын!» өлеңін қосылып айтайық.
«Нағыз адам боламын!»
Е. Өтетілеуов
Бүгін титтей баламын, Ел сыйлайтын мұғалім,
Әлі - ақ жігіт боламын. Әлде шахтер болармын.
Сонда мүмкін, мен ғалым, Сонда ұста, не артист,
Әлде шофер боламын. Не дәрігер болармын.
Әлде, әлде… Білсеңдер,
Жалғыз ғана талабым:
Ер жеткенде, ел сенер
Нағыз адам боламын!

Арманға бірге жетейік. Балалар бір – біріне арманға жету жолындағы тілектерін арнайды
Біліммен, ізденумен, еңбектенумен жет
- Алға самға
- Нағыз адам бол т. б.
- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар!
VII Жұмыс орнын жинау
10 457
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Есімдіктің емлесі
Есімдіктің емлесі
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, №1 ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
Менің балабақшам
Менің балабақшам
Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы Балабақша тәрбиешісі: Тлегенова Ләззат
Диктанттар жинағы 1-4 сыныптар
Диктанттар жинағы 1-4 сыныптар
Жаңа бағдарлама бойынша диктанттар жинағы барлық ұстаздарға әдістемелік көмек. 1- сынып Менің үйім Бұл – менің үйім. Менің үйім әдемі. Үйдің терезелері үлкен. Терезенің алдында гүлдер бар. (13 сөз)
Армандай  білеміз бе?
Армандай білеміз бе?
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебі бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Армандай білеміз бе?
Менің арманым
Менің арманым
Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз. Бүгін өтетін тақырыбымыз "Менің арманым". Мөлдіреген көк теңіздің жағасында, өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×