Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам деген ардақты ат

18 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Өзін - өзі тану 1 - сынып
Сабақтың тақырыбы. Адам деген ардақты ат
Сабақтың мақсаты: «Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: адами қасиеттер туралы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, сюжетті суреттер
Әдістер: әңгімелесу, ойын, жаттығу, түсіндіру, сахналау.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құрып, бір - бірімен сәлемдеседі.
Е. Өтетілеуовтің «Нағыз адам боламын» атты өлеңін мұғалімге ілесіп бірге қайталайды.
Бүгін титтей баламын,
Әлі - ақ жігіт боламын.
Сонда, мүмкін, мен ғалым,
Әлде шофер боламын. Т. т.

Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау мақсатында әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуге мынандай сұрақтар қойылады:
Ата - анаң қандай болғаныңды қалайды?
Өзіңнің кімге ұқсағың келеді?
Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар өз түсініктерін ортаға салып айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.
Мұғалімнің сөзі:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, ата - анамыз біздің жақсы адам болғанымызды қалайды. Әрдайым ақылдарын айтады. Біздер ақылды, әдемі адамдарға ұқсағымыз келеді. Өзіміз де мейірімді, адал, білімді болып өсуге талпынамыз.

ЖАҢА АҚПАРАТ
- Балалар, не тәтті?
- Ананың сүті тәтті.
- Не жұмсақ?
- Ананың қолы жұмсақ.
- Не қатты?
- Атаның жүрегі қатты.
- Кім жақын?
- Тату болса, ағайын жақын, ақылшы болса, апайың жақын.
- Бауырмал болса, інің жақын, алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
- Не қымбат?
- Алтын ұяң – Отан қымбат,
- Құт - береке, атаң қымбат.
- Аймалайтын, анаң қымбат.
- Асқар тауың әкең қымбат.
- Дүниеде не қымбат?
- Адам қымбат
- Адамға не қымбат?
- Бала қымбат.
Мәтінмен жұмыс. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін сабақта оқушыларға «Кім боласың?» Ж. Жұмаханованың атты мәтінмен танысу ұсынылады. Мәтінді алдымен мұғалім оқып береді. Сосын оқушылар өздері оқиды. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
♦ Атасы немересіне адам бол дегенде не айтқысы келді?
♦ Сендер «Адам бол» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті.
Тапсырма. Сабақ тақырыбына сәйкес оқушылардың білімдерін тереңдете түсу үшін балаларға тапсырма беріледі. Мұнда суреттерге қарап, адам қабілетінің мүмкіндіктері жайында айтып беру тапсырмаларды. Суреттерде сырқат адамға жәрдем көрсетіп тұрған дәрігер, ұшақты жүргізгелі тұрған ұшқыш, білім ізденіп, кітап оқып отырған бала, өнерге талпынып, скрипка тартып тұрған бала, зәулім үй салып жатқан биік кран жүргізушісі, компьютерді меңгеріп, жұмыс жасап отырған бала бейнеленген. Оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтар қоюы арқылы адамның қолынан көп нәрсе келетінін айтады.

Дәйексөз «Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан». Абай Құнанбаев
Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Балалар жауабын тыңдап, қорытынды жасайды.

Тыныштық сәті.
Ұшқыш, дәрігер, құрылысшы, ұстаз. т. т мамандықтар туралы әңгімелеу
Дәптермен жұмыс. Мұғалім оқушыларға дәптерде берілген суреттер бойынша кімге қандай жақсылық жасайтыны туралы әңгімелеп айтып беруді тапсырады.
Қорытындылау. Жүректен жүрекке. Мұғалім сабақты аяқтау үшін балаларды шеңберге шақырады. Балалар шеңберде мұғаліммен қол ұстасып, ән айтады. Біз өнерпаз баламыз.
17 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Циклограмма (бір аптаға)
Циклограмма (бір аптаға)
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым - қатынас және көтеріңкі көңіл - күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Адам деген ардақты ат
Адам деген ардақты ат
Адамгершілік ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Ойнай білу де - өнер
Ойнай білу де - өнер
Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер
Құдіретті Жер - Ана
Құдіретті Жер - Ана
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна
Отбасы
Отбасы
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Тіл табыса білейік
Тіл табыса білейік
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×