Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пайдалы қазбалардың түрлері

17 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Пайдалы қазбалар түрлері, қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу қабілетін дамыту; оқушылардың тіл байлығын дамытып, балаларды логикалық ойлауға,
салыстырып, қорытынды жасауға үйрету.

3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу, ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрету.
Сабақтың түрі:
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау.
Сабақ барысы.
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты бүгін күн!
Бәріміз дос болайық

ІІ. Миға шабуыл
Миды шынықтыру
 Адамдар үй құрылысына қандай материалдарды
қолданады?
(цемент, кірпіш, бетон, орман, құм)
 Жол құрылысына?
(ұсақ тас, асфальт, бетон)
• Көпір жасау үшін?
(бетон, темір)
 Адамдар үйді немен жылытады?
(ағаш, көмір, газ)
 Адамдар бұл материалдарды қайдан алады?
(табиғат, жер)
Жауабы: ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР
ІІІ.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқы. 51-бет
2. Оқулықтағы тақырыпты оқу, пайдалы қазбалардың негізгі топтарын бөліп көрсет.
3. Сипатта
4. Кестені толтыр

Пайдалы қазбалар
Кенді Кенсіз
Темір кені Құрылыстық Жанғыш
Гранит, әктас, құм, саз
Көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ

ЕСТЕ САҚТА! Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады.
Слайд № 10 .Темір рудасы
1. Қатты
2. Қоңыр түсті
3. Мөлдір емес
4. Мықты
5. Өзіне темір заттарды тартып алады.

Слайд № 11 . Гранит бөлшектері

Кварц (ақ түсті)
Слюда (сұр түсті)
Дала шпаты (қызыл түсті)

Құм саз
1. Қатты
2. Сұр немесе қызыл түсті
3. Мөлдір емес
4. Бөлшекті
5. Өте мықты
Слайд № 12. Әктас
1. Қатты
2. Ақ немесе ақшыл сұр тас
3. Мөлдір емес
4. Мықты
5. Бір тамшы қышқыл қосса қайнайды (газ бөлінеді).
Слайд № 13 .Таскөмір
1. Қатты, морт сынғыш.
2. Қара түсті жылтыр.
3. Жақсы жанады және жылуды көп береді.
4. Суда ерімейді.
Слайд № 14 . Мұнай

1. Сұйық
2. Қоңыр түсті
3. Айрықша иісі бар майлы зат
4. Судан жеңіл
5. Жақсы жанады
Мұнайдан. Слайд № 15.
 Керосин
 Мазут
 Асфальт
 Синтетикалық каучук
 Спирт
 Лак
 Пластмасса
 Газ
 Мастика
 Бензил
 Автол
 Бензин
 Вазелин
Слайд №16. Сай
1. Тау жыныстарының үгілуінен пайда болады.
2. Ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түстес келеді.
3. Ол оңай үгіледі.
4. Суды тез жібермейді.
І V. Сергіту сәті.
1, 2, 3,
Қарлығаш болып ұш.
4, 5, 6,
Қарлығаш болып шалқы.
7, 8, 9, 10 ,
Қарлығаш болып қон.
V. Көмектес картасы.
Атауы Қасиеттері Маңызы мен қолдану аясы
Таскөмір
І топ Жанғыш, судан ауыр, қара түсті, морт сынғыш. Үйде пеш жағуға, завод пен фабрикаларда, ауыл мектептері, монша т.б. жылу береді.
Мұнай
ІІ топ Жанғыш, сұйық иісі бар, судан жеңіл, қоңыр түсті. АЭС, машина, үй жылытуға, т.б. Жылу береді, қозғалыс күшін туғызады.
Саз
ІІІ топ Судан ауыр, созылмалы, су өткізбейді, қоңыр түсті Кесе, аяқ – табақ, құмыра, мүсіндер т.б.

Картадағы белгісін сал
Темір рудасы –

мұнай –

Таскөмір –

VІ . Топтастыру стратегиясы.
Пайдалы қазбалар деп нені атаймыз?
Пайдалы қазбалар

Жанғыш
Көмір, шымтезек, мұнай
Кенді
темір кені гранит, әктас, құм.саз
Кенсіз
табиғи газ

Табиғаттағы пайдалы қазбалар қандай күйде жатады?
Пайдалы қазбалар

Сұйық қатты газ түрінде
VІІ. Сабақты бекіту
5 жолды өлең құру.
1-топ: таскөмір
2-топ: мұнай
3-топ: саз
VІІІ. Үйге тапсырма
50 – 51 бет оқу, түсінік айту.
8 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құм, саз және әктас.
Құм, саз және әктас.
Оқушылардың бос тау жыныстары - құм мен саз, қатты тау жыныстары - әктас пен мәрмәр туралы, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалар қайдан алынатыны жайлы мағлұмат алады. Олардың қасиеттері мен салалары туралы біледі.
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Ас тұзы
Ас тұзы
Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Қалабазарова Жанна Әлсейітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×