Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз мезгілінің картотекасы

09 маусым 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Күз мезгілінің картотекасы
№1
Бақылау: Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып, оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру. Мысалы; Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.
Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.
Жеке жұмыс: Ал керемет бұл қандай?
Төгіледі төбеден.
Көк теңізден құйғандай
Көл - көсір су не деген? (Жаңбыр)
Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.
Ойын: «Айгөлек - ау айгөлек».
Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын: «Сұр қоян».
Ойын барысы: Ойыншылардың біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:
Бармақ болып тоғайға сұр көжек,
Жуынып жатыр бүгжеңдеп:
Тұмсығын жуды,
Құйрығын жуды,
Құлағына жуды - түртінді,
Құп - құрғақ боп сүртінді.
Қоян өзіне байланысты қимылдардың бәрін жасайды: тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Қос аяқтап кіріп, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол бала қоянмен ауысқанда ойын аяқталады.
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.
2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік.
Тренинг: «Қолшатыр».

№2
Бақылау: Бұлтты бақылау.
Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін: шарпы, будақ, қабатты бұлииарды ажырату.
Еңбек: Ауладағы гүлдерді суару.
Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып
Жерге қайтар су болып. (Бұлт)
Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау. Ойлау қабілетін арттыру.
Ойын: «Кімге қандай құрал керек?»
Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату. Шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын: «Соқыр теке».
Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде, аулада ойнауға болатын қызықты ойын. Шеңбер сызылып, оның ортасына көзі байланған «соқыртеке» жіберіледі. Қалғандары оны «соқыртеке бақ - бақ»,- деп мазақтап түртіп қашады. Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс. Егер соқыртеке ойыншылардың бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады. Дәл тапса ұсталған адамның көзі байланып «соқыртеке» болады. Ойыншылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап, шұңқырға, бағанаға қарай бағыттайды. Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді.
Дербес ойындар:
1. Әткеншек тебу.
2. Тартылғышқа тартылу.
Тренинг: «Біз тату баламыз».
Күз мезгілінің картотекасы. жүктеу
11 181
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
Мақсаты: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын дамыту. 11, 12, 13 – сандарының ондықтармен бірліктерден тұратынын түсіндіру. Өткенді қайталап, білімдерін тия нақтылау, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Серуен картотекасы - Жаз
Серуен картотекасы - Жаз
Балалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқай білу және оны анықтап айта білу дағдыларын дамыту. (күннің ұзаруы, өсімдіктер дүниесінің әсемдігі, ауа - райының өзгешелігі т. б.).
Жаз мезгілінің картотекасы
Жаз мезгілінің картотекасы
Ойға батып мысық Отыр көзін қысып Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу. Мысық сүтке тойды Көзін қысып қойды Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу.
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
Қоршаған орта дидактикалық ойындар картотекасы
Балаларды көпше етістікті қолдану арқылы, сөздік қорын молайту. Ойлау, қабылдау қабілеттерін арттыру, өз - өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Мақтаншақ қоян ертегісі
Мақтаншақ қоян ертегісі
Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы Картотека № 1 Бақылау: Жаңбырды бақылау. Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып, оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×