Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру

01 наурыз 2020, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным»
Білім бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: 11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру.
Мақсаты: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын дамыту. 11, 12, 13 – сандарының ондықтармен бірліктерден тұратынын түсіндіру. Өткенді қайталап, білімдерін тия нақтылау, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Балалардың математикалық терминдерді белсенді түрде қолдануға, оқу барысында алған білімі мен қабілетін пайдалануға үйрету.
Мазмұны: 10 - ға дейінгі сандармен цифрлар туралы түсінік қалыптастыру, оларды танып, атап, көрсету қабілетін қалыптастыру.
Әдіс тәсілдер: сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, талдау, мадақтау.
Дамыту: балалардың зейінімен ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Саны 13 - ке дейін түрлі ойыншықтар, карточкалар, түрлі түсті таяқшалар, кеспе цифрлар, кесте, сандар суреттері, дидактикалық материалдар, геометриялық пішіндер.
Оқу іс - әрекет кезеңі.
Мотивациялық қозғаушы.
Шаттық шеңбері.
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Балалық шақ үйінің,
Жайнап тұрған гүліміз.
Ұйымдастыру іздену.
Балалар біз қаншаға дейін оң және кері санауды толық меңгердік?
- 0 - ден 10 - ға дейін
- 10 саны қандай сан?
- Екі таңбалы сан.
- Жарайсыңдар
- Қалай атаймыз?
- Ондық дейміз.
- Өте жақсы.
Енді балалардың назарын үстел үстіндегі бір түсті көлемдері бірдей 10 тиынға аудартып, бір балаға санату.
- Балалар қанша тиын екен?
- 10 тиын.
- Қанша ондық?
- Балалар бұл он тиынды бір ондық деп атаймыз.
- Ал енді осы 10 тиынға 1 қоянды қоссақ қанша болады?
- 11 болады.
- 11 саны бір ондықтан, бір бірліктен тұрады деп, түсіндіріп 11 цифрын таныстырамыз.
- 12 саны 1 ондықтан 2 бірліктен тұрады деп 12 санын цифрмен таныстыру.
- Осы 12 ойыншықтың қасына және 1 ойыншықты қосайық. Қанша ойыншық болады?
- 13 ойыншық болады.
- 13 саны 1 ондықтан, 3 бірліктен тұратынына балалардың көздерін жеткізу 13 санымен таныстыру.
Сергіту сәті.
Бармақ болып тоғайға
Сұр көжек, сұр көжек,
Жуынып жатыр
Томпаңдап, томпаңдап
Тұмсығын жуды,
Құлағын жуды
Түртінді, сілкінді
Құп - құрғақ болып сүртінді.
Ойын: Менің орным қайда?
Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс әрекетін бекіту.
Қажетті құралдар: 0 - ден 10 - ға дейінгі кеспе цифрлар.
Ойынның мазмұны: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандар балаларға таратылып беріледі. «Өз орныңды тап» деп хабарлағанда қолдарында кеспе цифрлары бар балалар сәйкес орнына тұрып, сандар тізбегін құрайды. Барлық сандар дұрыс орналасып болған соң тәрбиеші әр цифрдың орнына нақты сұрақтар арқылы анықтайды.
-«2» неліктен бұл жерде тұрсың?
- Менің бірден бір бірлігім көп, үштен бір бірлігім аз, сондықтан 1 санымен 3 санының ортасында тұрамын, менің орным осы.
Ендеше санамақтар айтқызу.
Балалардың үстел үстіндегі жұмысы. Әр балада 13 - тен таяқшалар болады.
- Ал, балалар сендердің алдарыңда таяқшалар тұр, сол таяқшаларыңнан 10 таяқшаны санап, резеңкемен буыңдаршы.
- Бұл қанша ондық?
- Бір ондық.
- Оған бір таяқшаны қосыңдаршы. Қанша болады?
- 11 болады
- Балалар кім айтып береді 11 саны қанша ондықтан, қанша бірліктен тұрады?
- 12 саны ше?
- 13 саны ше?
- Дұрыс айтасыңдар.
Дәптермен жұмыс.
Рефлексиялық түзету. Балалар бүгінгі іс - әрекет сендерге ұнады ма?
- Біз бүгін қандай сандармен таныстық?
- 11, 12, 13 сандарымен таныстық.
- Енді біз 13 – ге дейін санауды білеміз. Бірліктер мен ондықтарды ажырата аламыз.
Күтілетін нәтиже.
Қайталайды: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандарды оң және кері санауды (0 - 13)
Түсінеді: 11, 12, 13 цифрлары екі таңбалы сан екенін, ондық және бірліктерін ұғымдарын.
Қолданады: 11, 12, 13 цифрларын танып жазуды.

№100 «Тоғжан» бөбекжай-бақшасы
Жоғарғы санатты тәрбиеші
Сауле Мергенбайқызы Турлыбекова
4 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.
2, 3, 4, 5 сандарының құрамы.
Балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен таныстыру. Кіші екі санға жіктеумен ғана емес, санды кіші екі саннан алумен де таныстыру.
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар. Тура және кері санау
5 - ке дейін санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру; геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау; талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру; реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
Есеп
Есеп
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебініңбастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×