Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар. Заттың атын білдіретін сөздер

15 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар. Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың заттың атын білдіретін туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету, жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, шығармашылыққа баулу.
3. Жануарларға қамқорлық жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет - құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Н. Оразалиннің « Үш би» өлеңін мәнерлеп оқу

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. «Кім тапқыр?» ойыны
Шарты: Берілген сұрақтарға байланысты билерді тауып, анықтау.
2. Заттың атын білдіретін сөздер туралы ережені еске түсіру

IV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сөзжұмбақ шешу.
1. Не кісінейді?
2. Аң патшасы не?
3. Ең қорқақ жануар.
4. Сиырдың төлін не дейміз?
5. Қандай жануар балды жақсы көреді?
6. Бұзаудың енесін не дейміз?

2. Ал енді, балалар, жануарлар туралы не білеміз, ортаға салайық.
Сүтқоректілер
Бунақденелілер
Балықтар
Қосмекенділер
Құстар
Бауырымен жорғалаушылар

- Балалар, жануарлар әлеміне саяхатқа шыққыларың келе ме?
Онда біз бүгінгі сабағымызда біз жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сүтқоректілер әлемі
Тапсырмасы: оқулықпен жұмыс
1) «Жануарлар» мәтінін оқып беремін.
2) Оқушылар тізбектей оқиды.
3) Сөздік жұмыс
Организм – тіршілік иелерінің ағзасы (дене мүшелері, ішкі құрылысы)
Балдырлар - суда өсетін ең қарапайым өсімдік.
4) Мәтін мазмұнын талдау.
- Мәтін нелер туралы?
- Жануарлар қашан пайда болған?
- Ғалымдар жануарларды қандай топтарға бөлген?
2. Балықтар әлемінің тапсырмасы.
Грамматикалық тапсырма.
- Соңғы азат жолдан кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
3. Қосмекенділер әлемі

Дәптермен жұмыс.
206 - жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Архитектор, құрылысшы,
Малшы болып ойнаймыз.
Теміржолшы, жұмысшы
Әнші болып ойнаймыз.
4. Құстар әлемі
Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат жазайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
5. Бауырымен жорғалаушылар әлемі.
Қызықты мәліметке назар аударайық.
Ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы – тасбақа.
Олар жүз жылдан артық өмір сүреді екен.
Тапсырмасы: « Артығын тап» ойыны
207 - жаттығу
Әр қатардағы сөздердің қайсысы артық?
Кісі аииары: Мәди, Айжан, ұл, Перизат, Жәния, Сырым.
Туыстық атаулар: ата, әже, аға, ана, Сәния, сіңлі.
Мамандық аттары: құрылысшы, мұғалім, есепші, немере, ұшқыш.

IV. Бекіту
Жәндіктер әлемі
Қызықты мәліметтер
Масалар шаққан кезде тері неге қышиды?
Масалар тек өздерінің қарнын тойдыру үшін ғана бізді шақпайды. Олар денесіндегі жұмыртқаларының өсуі үшін қан қажет болады. Шаққан жерінің қышитын себебі, тістеген кезде түкірігін шашып жібереді.
Аралар да сөйлесе алады. (Оқып беремін)

Тапсырмасы:
Семантикалық кесте толтыру

№ Заттың атын білдіретін сөздер Кім? Кімдер? Не? Нелер?
1 Ара -------------------------------------------------+
2 Кірпілер -------------------------------------------------+
3 Қоян ------------------------------------------------+
4 Шопан ------------------------------+
5 Ғалымдар ---------------------------------+

V. Оқушылар өз - өзін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма беру.
«Жануарлар» мәтінін оқып, мазмұндау.
Жануарлар туралы қызықты мәліметтер жинақтау.
7 627
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер
Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сағызбаева Татти
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылы, Нұраталды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асанова Куляш Булкенкызы
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×