Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балаларыма. Тасымал

19 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Балаларыма. Тасымал.
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын ұғыну, өлеңді мәнерлеп оқу, мәнін ұғыну, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға, тілдерін дамыту арқылы ой қорытуын жетілдіру.
2. Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа
дағдыландыру.
3. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
«Сын тұрғысынан ойлау»тәсілдерін қолдану арқылы ойларын ұшқырлау, өз беттерінше жұмыстануға талпындыру.
4. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, батылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Балалардың бойына патриоттық сезім, отан сүйгіш қасиет ұялату.
Туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте, сызбалар, компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, флипчарт, магнитті тақта, бор, оқулық, дәптер №1, т. б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: көрнекілік, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, оқу, ойын, топтастыру, ой қозғау стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, математика.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. 1/Психологиялық дайындық.
- Біз әдепті баламыз,
Жақсы оқи аламыз.
«5»-ке оқып сабақты
Ата – ананы қуантамыз.
2/Оқушыларды сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 1. а/ «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» оқу, мазмұнын әңгімелеу. 65 - бет. ә/тасымал ережесін жаттау./66 - бет/

2. «Ой қозғау»
I топ - Сөз неден құралады?
II топ - Сөзді буынға қалай бөлеміз?
III топ - Тасымал деген не?

Үйге берілген «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» мәтінін тізбектеп оқытып, сұрақтарға жауап алу.
- Мәтінде не туралы айтылған?
- Бөдене қандай құс?

Сәйкестендіру тесті
Төменде берілген сөздердің ішінен тасымалданатын және тасымалданбайтын сөздерді бөліп көрсет.
Тасымалданатын сөздер: қалам, кітап, батыр
Тасымалданбайтын сөздер: даңқ, ата, аға

Сергіту сәті: «1, 2, 3
Жинап алып күш.
Отан қорғау жолында сен де алға түс!»

III. Мағынаны ашу:- Слайд арқылы жаңа сабақты меңгерту.
а/ Қазақ халқының аты аңызға айналған қаһарман батыры, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі, еңбегі туралы әңгімелеу,
ә/ өмірбаянынан сыр шерту.

IV. Жаңа тақырыпқа көшу. Оқулықпен жұмыс./67 - бет/
а/ Кезек тізбектеп оқу,
ә/ Мазмұнын әңгімелеу.
б/ Түртіп алу әдісін қолдану арқылы Б. Момышұлының балаларға қалдырған өсиетін тауып оқу.
«Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!»
в/ Слайдпен жұмыс
г/ Сөздікпен жұмыс
Қаһарман - ешнәрседен қорықпайтын батыр
Дүниежүзілік - жер бетіндегі барлық халық.
ғ/ Флипчартпен жұмыс. Өздік жұмыс.
- І топ. Тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сыз.
Ар, ұят, намыс, әке;
- ІІ топ. Шығармашылық жұмыс (сөйлем құрастыру).
Ержан, немересі, Бауыржан, атаның.
- ІІІ топ.
«Қазақ, намыс, батыр» сөздерін тасымалда.
а) тасымалданатын сөздер;
ә) тасымалданбайтын сөздер;
1. Қосымша дәптермен жұмыс. 103 - жаттығу.
а) Ребус шешу
ә) Ребустың шешуіндегі сөзді тасымалдап жаз (қа – йық).
2. №1 жұмыс дәптердің 33 - 34 беттерімен жұмыстану.
1) тасымалдауға болмайтын сөздерді жаз: әке, от, ар, нан, ұят, бір, он, Отан, ат, ата, ана, т. б.
2) «Балаларыма» мәтінінен Б. Момышұлының балаларға айтқан өсиетін тауып, көшіріп жаз.

Сергіту сәті.
Қыран құстай самғаймыз,
Әлемді біз шарлаймыз.
Биік - биік шыңға өрлеп,
Тыныштықты қорғаймыз.

Оқулықпен жұмыс
1. Оқушылардың кезекпен оқуы.
2. Мәтін бойынша сұрақтар:
1 топ - Әңгіме кім жайында айтылған?
2 топ - Авторы жайлы не білесің?
3 топ - Б. Момышұлы сендерге қандай өсиет қалдырған?

V. Сабақты бекіту.
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Мәнерлеп оқуды.
- Әдемі жазуды.
- Сөзді тасымалдауды
- Халқымыздың аты аңызға айналған Қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы Отан сүйгіш, батыл, ұлтжанды батыр екенін білдік.
- Олай болса, біз де Бауыржан атамыздай батыл, күшті, өжет, қайратты болуға үйренеміз.

VI. Бағалау
Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау

VII. Үйге тапсырма.
а/ «Бауыржан Момышұлы. Балаларыма» Мәтінді, өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
ә/ Тасымал ережесін жаттау.
б/ 102 - жаттығу.
17 078
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.
Тасымал. Отан
Тасымал. Отан
Өлеңді оқып, негізгі ойын ашу; отан туралы түсініктерін кеңейту, тасымал түрлерін ұғындыру Сауатты жазып, мәнерлеп оқуға жетелеу
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Ақтөбе қаласы, Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Мажитова Алтын Ана тілі 1 –класс Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді түсініп оқып, мәнін ұғыну,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×