Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал

29 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе қаласы, Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Мажитова Алтын
Ана тілі
1 –класс
Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді түсініп оқып, мәнін ұғыну, байланыстырып сөйлеуге, құстар туралы ой қорытуын жетілдіру.
2. Оқу-жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте, сызбалар, қима қағаздар, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс,
оқу, ойын, топтастыру, ой қозғау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Ой қозғау»
- Сөз неден құралады?
- Сөзді буынға қалай бөлеміз?
- Тасымал деген не?
Үйге берілген «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін мәнерлеп оқытып, сұрақтарға жауап алу.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- «Ағайынбыз бәріміз» дегенді қалай түсінесің?

Сәйкестендіру тесті
Төменде берілген сөздердің ішінен тасымалданатын және тасымалданбайтын сөздерді бөліп көрсет.
(аға, қалам, іні, дәптер, кітап, әже)

2. Жаңа тақырыпқа көшу. Ребус шешу.
Ребусты шешіп, «Бөдене» сөзін буынға бөлдіру. Қалай тасымалдауға болатынын айтқызу.
Бө-де-не, бө-дене, бөде-не.

ІІІ Жаңа сабақ. Бөдененің құйрығы неге қысқа?
98- жаттығу.
1. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп, мұғалімнің түсіндіруі, мәнерлеп оқуы.
2. Мәтіннің ішінен кездескен қиын сөздерге түсінік беру.

Сөздік жұмысы
ызаланған - қатты ашуланған
зымырап - зулап, өте шапшаң.

Оқулықпен жұмыс
3. Оқушылардың кезекпен оқуы.
4. Мәтін бойынша сұрақтар:
- Әңгіме не жайында айтылған?
- Биік таудан бөдене қалай асты?
- Бөдене қандай құс?
- Ең, ал, аса сөздерін тасымалдауға бола ма?
- Ең – бір буынды, ал бір буынды, а-са екі-буынды сөз. Олар тасымалданбайды.
Бір буынды және алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: ер, көл, шаш, ө-зен, е-мен.

Сергіту сәті: Қыран құстай самғаймыз,
Әлемді біз шарлаймыз.
Биік-биік шыңға өрлеп,
Тыныштықты қорғаймыз.
99 –жаттығу.
Сиқыршы жолда қапшығындағы сөздерді шашып алды. Сөздерді жинауға көмектесейік.

Дәптермен жұмыс
100 – жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.
Бір қазанның ішінде,
Екі түрлі сүт тұрар. ( )
Тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сыз.
Шығармашылық жұмыс
Мына сөздерді өзеннің ар жағына қалай тасымалдауға болады?
Сулары, өзен, тасыды.
Сөздерді тасымалдап болған соң, әрқайсысын өз орнына қойып сөйлем құрастыру тапсырылады.

IV Сабақты бекіту.
Мәнерлеп оқуды
Не үйрендік? Әдемі жазуды
Сөзді тасымалдауды
Бөденедей батылдықты
Олай болса, біз бөдене сияқты батыл, күшті, өжет болуға үйренеміз.

V Сабақты қорытындылау
Бөдененің суретін салу.
VI Бағалау
Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау
VII Үйге тапсырма. «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту. Тасымал ережесін жаттау.
13 450
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Балаларыма. Тасымал
Балаларыма. Тасымал
Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева Алтынай Кәрімқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×