Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал

25 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді түсініп оқып, мәнін ұғыну, байланыстырып сөйлеуге, құстар туралы ой қорытуын жетілдіру.
2. Оқу - жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: суреттер, ертегіге қажетті суреттер, мультфильм, үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Ой қозғау»
- Сөз неден құралады?
- Сөзді буынға қалай бөлеміз?
- Тасымал деген не?
Үйге берілген «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін мәнерлеп оқытып, сұрақтарға жауап алу.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- «Ағайынбыз бәріміз» дегенді қалай түсінесің?
«Менің достарым» деген тақырыпқа сурет салып келу (1 - 2 бала салған суретінің мағынасын түсіндіреді).
Тыныштық сәті, әуен тыңдау (құстардың дыбысы)

Кіріспе әңгіме:
— «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» ертегісін әңгімелеп айтып беремін. (таудың макеті тұрады, құстардың макеті болады) солармен көрсете отырып, балалардың қызығушылығын оятамын.
— Мәтін мазмұнын қалай түсінгендері жайлы қысқаша сұрақтар қойылады:
1. Бөдене қандай құс?
2. Қандай тау болыпты?
3. Құстар не үшін талпыныпты?
4. Бөдене не істепті?
5. Бөдененің құйрығы неге қысқа екен?
«Түлкі мен бөдене» туралы мультфильм көрсетіледі.. Осы мультфильмнен не түсіндік?
— Бөденеге сипаттама бер (суреті беріледі)
— Бөдененің ұясы туралы айтып бер (ұясының суреті)
— Бөдене қыста қалай қыстайды? (Қыстағы бөдененің көрінісі)
— Бөдененің балапаны қандай болады? (балапанының суреті)

Сергіту сәті:
Қыран құстай самғаймыз,
Әлемді біз шарлаймыз.
Биік - биік шыңға өрлеп,
Тыныштықты қорғаймыз.
— Бір буынды және алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: көл, өзен, емен, шаш, ер

Дәптермен жұмыс.
— Сабаққа сиқыршы келеді. Сиқыршы жолда келе жатып, қапшығындағы сөздерді шашып алады.
— Сиқыршы: Балалар маған мына сөздерімді жинауға көмектесесіңдер ме?
— Ол үшін бұл сөздерді тасымалдауға бола ма, болмай ма? Соны айта отырып жинаймыз. Мыс: ақын, іні, жент, әже, өрік, от, сүт, ауа, ата
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал жүктеу
2 304
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Тасымал тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Тасымал. Отан
Тасымал. Отан
Өлеңді оқып, негізгі ойын ашу; отан туралы түсініктерін кеңейту, тасымал түрлерін ұғындыру Сауатты жазып, мәнерлеп оқуға жетелеу
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Ағайынбыз бәріміз. Тасымал
Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз. Тасымал.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Балаларыма. Тасымал
Балаларыма. Тасымал
Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева Алтынай Кәрімқызы
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал
Ақтөбе қаласы, Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Мажитова Алтын Ана тілі 1 –класс Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді түсініп оқып, мәнін ұғыну,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×