Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Егіншілік пен мал шаруашылығы

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың егіншілік мал шаруашылығы туралы алған білімдерін тиянақтау, әрі жетілдіру. Төрт түлік жөнінде мағлұматтар беру, түсіндіру.
2. Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық жұмыс жасауға, ізденуге үйрету;
3. Қоршаған ортаны аялауға баулу. Төрт түлікті күтуге сезімталдыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.(Барша тіршілік иелеріне сәттілік тілей отырып, сабағымызды бастайық)
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Пікірталас.
- Суқоймаларына нелер жатады?
- Суқоймаларында қандай өсімдіктер өседі?
- Қамыстың биіктігі неше метрге жетеді?
- Мөлдір ағын сулар мен тоғандарда қандай өсімдіктер өседі?
- Қандай жануарлар мекендейді?
- Шаяндар қандай суда болады?
- Қандай жанулар суды тазартады?
Бақаны неліктен қосмекенділер тобына жатқызамыз?
- Суқоймалары неліктен ластанады?
Семантикалық кестені толтыру

ІІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау.(Ауа райын жазу)
Оқушылар пікірін айтады.
- Балықты өсіру, көбейту дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қандай шаруашылықтарды білесіңдер?
Сызба бойынша ауыл шаруашылығы салаларымен таныстырады.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТАДЫ.
1. Құс өсіреді ----- құс шаруашылығы
2. Ара өсіреді ---- ара шаруашылығы
3. Балық өсіреді ---- балық шаруашылы
4. Жануарлар өсіреді ---- мал шаруашылығы
5. Өсімдік өсіреді ------ өсімдік шаруашылығы

Бір сөзбен қалай айтамыз
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Егін шаруашылығы
Мал шаруашылығы
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Күріш, мақта,

ІІ Нұсқа
Мал шаруашылығы
Жылқы шаруашылығы
Ірі қара мал шаруашылығы
Қой шаруашылығы
Түйе шаруашылығы
Құс шаруашылығы

ІV. Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінмен жұмыс.
1 топ Егіншілік
2 топ Мал шаруашылығы
Топтастырып дәлелдеу.
Проблемалық жағдайды шешу.
- Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы бір - бірімен тығыз байланысты деп айтуға бола ма?
Сен білесің бе?
1 топ өздерің жақсы білетін өсімдіктер туралы жазасыңдар (кесте толтырасыңдар)
2 топ бірінші топқа бүгінгі сабаққа қатысты сұрақтар дайындайсыңдар
Әңгіме жазу,
2. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында қандай мамандық иелері жұмыс істейді?
3. Оқушылар кәсіп иелерінің атынан сөйлейді. Әңгімелермен мына үлгіде бастайды: «Мен малшымын. Жылқы бағамын....»

V. Сабақты қорытындылау.
1. Дүниежүзіндегі қойы көп ел –
А) Қазақстан
В) Ресей
С) Австралия
2. Елтаңбада қай түлік түрі бейнеленген?
А) Түйе
В) Қой
С) Жылқы
3. Шөл дала кемесі деп нені айтамыз?
А) Түйе
В) ешкі
С) Қой
4. Жылқы пірі
А) Ойсылқара
В) Зеңгі баба
С) Қамбарата
5. Әйгілі күріш өсіруші кім?
А) Шығанақ Берсиев
В) Ыбырай Жақаев
6. Суармалы егіншілікке қандай өсімдіктер егіледі?
7. Тауықтәрізділерге қандай құс жатады?
А) қаз
В) тауық, күркетауық
С) шағала
Венн диаграммасы
Үйге тапсырма
Егіншілік пен мал шаруашылығы оқуға тыйым сөздер мен мақал - мәтелдер жазуға.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 808
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Негізгі түйінді идея: Табиғатқа төнген қауіп туралы түсіну. Оқу мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға талпыну.
Табиғатты танып, білейік
Табиғатты танып, білейік
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы. бастауыш сынып мұғалімі Динара Қайырбекқызы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×