Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Білу керек: Сөз таптарының ережесін білу;
Істей білу керек: Сұрақтар қою арқылы сөйлемді сөз таптарына талдай алу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Жасырынған сөзді табу керек
( 8 - 1, 4 - 2, 30 - 4, 9 - 1, 6 – 1, 60 – 3, 4 – 4, 60 – 1, 4 – 3, 40 - 2)
Сөз таптары деген сөз жасырын тұр
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
(интерактивті тақтада көрсету)
Жұмбақ шешу:
Жыл мезгілі шуақты,
Жердің беті нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өсті ырғалған. Шешуі: ( көктем)

Көктемнің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Күн жылынады. Қар ериді. Күн ұзарады, түн қысқарады. Құстар ұшып келеді.
(интерактивті тақтада көктем туралы суреттер көрсету)
Интерактивті тақта
Өзіндік 2 нұсқамен жұмыс. Сөйлемді теріп жазу.
1 - нұсқа Бастауышы зат есім болатын сөйлемді жазу.
2 - нұсқа Бастауышы есімдік болатын сөйлемді жазу.

Құстар жылы жақтан ұшып келді. Олар құстарға ұя жасады. Оқушылар көктемді көңілді қарсы алды. Біз құстарға ұя жасадық.
Оқушылардың құзыреттігін арттыру мақсатында ағаштағы өзгеріс туралы мәлімет беру.

Жапырақтар неге сарғаяды?
Интерактивті тақтада
Жапырақтар қоректену көзінен айырылады да, қурай бастайды. Оларға жасыл түс беріп
тұратын хлорофилл жойылып, жапырақтар жерге түскенге дейін қызыл, сары, қоңыр түстерге енеді.
Интерактивті тақтада
Ағаш жапырақтарының түсуінің себебі неде?
Күзде жапырақтардың түсуі ағаштардың қорек өндірмейтін
қыс мезгіліне арнап суды сақтап қалуына көмектеседі. Ағаш бұтақтарының ішіндегі азықтық түтіктер жабылады.
Онда сақталған қорек қоры көктемде бүршік жаруға жеткілікті болады.
Интерактивті тақта
Сөз таптарын тексеру мақсатында тест жұмысы.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
1.... жылы жақтан ұшып келді.
а) торғай
б) қарға

2. Сөйлемдердің арасынан сын есімі бар сөйлемді табыңдар:
а) Көктемде қар аралас жаңбыр жауады.
ә) Көктем келді.
б) Біз жеңіл киіндік.

3. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен тұратын сөйлемді тап:
а) Қар еріді.
Ә) Құстар әні – көктем сәні.
б) Дала көңілді болды.

4. Туынды сын есімді тап
А) мықты
Ә) айнадай
Б) әдемі

5. Күрделі етістігі бар сөйлемді тап.
А) Бала құсты күтіп жүр
Ә) Алғашқы гүлдер шықты.

Сергіту кезеңі
(Қол, көзге жаттығулар жасау)
Интерактивті тақта
Көктемгі еңбек туралы айту
( Жер жырту, егін егу, аула жинау, гүлзарларға гүл егу, көшеттер отырғызу.
Интерактивті тақтада
Зат есімді жекеше және көпше түрде тәуелдеу
І – нұсқа «көшет» сөзін;
ІІ – нұсқа «гүл» сөзін
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халқына деген жолдауында ауыл шаруашылық
Жерді жаңарту
Ауыл шаруашылық техникаларын өзгерту
Ғажап еді неткен,
Нұрын төккен көктем!
Сабақты қорыту
Көктем қандай?( сын есіммен көктемді сипаттау)
- Сұлу, ғажап, нұрлы, шуақты,
- Көктем не істейді?
- ( туады, көркейеді, нұрланады, гүлдейді
6 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Жaлaң және жaйылмa сөйлeм
Жaлaң және жaйылмa сөйлeм
Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік бере отырып, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуді, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге үйренеді.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Көктем келді
Көктем келді
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы, «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Орынбекова Жания Куанышбековна
Сөз таптары
Сөз таптары
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Берікқалиева Бейбітгүл
Балапан мен мысық
Балапан мен мысық
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектеп Жумагалиева Роза Матжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×