Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Оқуға шақыру" Ахмет Байтұрсынұлы

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Оқуға шақыру» Ахмет Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты: 1. А. Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын игереді, біліктілігі артады.
2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдері жетіледі, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге дағдыланады, бір - бірінің пікірін тыңдауға, өз ойларын дәлелдеп айтуға машықтанады.
3. Зиялы адамдар өмірімен таныса отырып, оқуға, білім алуға құштарлыққа, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақтада слайд
Әдісі: СТОД технологиясы, түсіндіру, әңгіме, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. «Мен қандаймын?»
Мысалы: Мен бақытты Балаусамын, ілтипатты Іңкәрмін т/б.
Қызығушылықты ояту.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
- Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің?
Жұмыс түрі: 1) жеке ойлау
2) көршісіне айту
3) Топпен талқыға салу

ІІ Үй тапсырмасын тізбектеп сұрап, қосымша сұрақтар қою арқылы бекіту.
«Әліппенің атасы» мәтінінің мазмұнын сұрау
Кітаптағы суреттер сыры неде?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Мағынаны тану.

«Топтастыру» әдісі
1. Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгенін пайдалана отырып, интербелсенді тақтада жұмыс жүргізу.
ақын
мұғалім
аудармашы
әкесі Байтұрсын
Алматыда мұражайы салынған
Шаруа отбасында туған

Ендеше бүгін А Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңімен танысамыз.
Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу.
Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндіру)

«Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы.
Ахметтің арманы не еді?(Әр топмүшелері ақылдасып бір - бірден пікірін ортаға салады.)
Оқуға, еңбекке шақыру
Арманы қазақ халқының көзін ашу

Қазақ елін көтеру

Сөздік жұмысын жүргізу
Іздеп тауып алалық - бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.

Топпен жұмыс
(Әр топ бөлім бойынша берілген өлеңшумақтарын өз сөздерімен түсіндіреді)
І бөлім: «Оқуға шақыру»
ІІ бөлім: «Еңбек іс - әрекеті»
ІІІ бөлім «Даналық»
Сергіту сәті

7 - тапсырма бойынша сызбаны талда.
1. Даналық, оқу, білім, т. б. сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың?
Оқушы: Себебі: Құмырсқа - еңбекқор, адал, таза, ұйымшыл жәндік.

Ой толғаныс.
Топпен жұмыс
І топ: Семантикалық кесте

ІІ топ: «Бес жолды өлең» құру
1) Ахмет Байтұрсынов
2) үйретеді, тәрбиелейді
3) білімді, дана, ақылды
4) Қазақ халқының көзін ашты
5) Ғалым

ІІІ топ: Венн диаграммасы
Бағалау
Жеке, топты бағалау
Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау, Эссе«Менің елім үшін қосатын үлесім»
18 178
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Әліппенің атасы»
Ахмет Байтұрсынұлы «Әліппенің атасы»
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Н. К. Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Касымова Айнур Нурбековна
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудан Жаңабұлақ ОЖББМ – ің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×