Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынұлы «Әліппенің атасы»

24 қаңтар 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сауытбаева Гульмира Серикбаевна

Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліппенің атасы»
Мақсаты мен міндеттері: А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру;
1. Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: А. Байтұрсынұлының портреті «Әліппе»оқулығы
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,

Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
«Кім жылдам» - ойыны аспанға ұшып бара жатқан шарларды ұстап қал.
Берілген сөздерден мақал құр: кәріп, күні, жарық, дүние, білімдіге, білімсідің
Білімдіге дүние жарық -
Білімсіздің күні кәріп - мақалды қалай түсінесіңдер?
Бүгінгі танысатын алғашқы бөлім «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп аталады. Неліктен бірінші бөлім білімге байланысты аталады?
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Жоғарыдағы күн сәулелеріне қандай сөздер жазар едің? Қандай түспен бояр едің, неліктен?
Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қолдарына қандай оқулық ұстадыңдар? Неге Білім көзі «Әліппеде» дейді? Алғаш әліппені жазған кім?
Ахмет Байтұрсынұлы(1873 - 1938)

ақын, ағартушы, ғалым

Оқулық бойынша жұмыс 4 - 5 бет
4беттегі сұрақтарға жауап бер.
5 бет «Әліппенің атасы» мәтін
- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- Сөздік жұмыс: жер аудару - адамды соттап, алыс жерге жіберу;
сөз мұрасы - ел ішіндегі сақталып қалған аңыз:
- тізбек бойынша оқу
- азат жолмен оқу
Дәптермен жұмыс: түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жаз. Олардың түстеріне мән бер. Он жаста тіркесі неге қара түспен боялған? Отбасында, әкесі, он жаста, Ерғазының, мұғалімдер мектебін, мұғалім, сөз мұрасын.

Сергіту сәті
- Мәтінді тұтас, бірнеше рет оқып шығу
3. Жаңа білімді бекіту:
Теріп алған сөздеріңді тірек етіп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы толығрақ әңгімеле.
Сұрақтар: 1. А. Байтұрсынұлы кім?
2. Қандай газет шығарған?
3 Қандай оқулық жазған?
4. Тағы қандай шығармаларын білесің?
4. Үйге тапсырма: 5 бет мәтінді әңгімеле

Сабақ: ана тілі
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»
Мақсаты мен міндеттері: А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру;
1. Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу, терең білім алуға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: А. Байтұрсынұлының портреті «Әліппе»оқулығы, құмырсқа суреті;
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,
Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: «Пікірлер ағашы» Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің айтып бер.
1. Ол кім? 4. Қандай оқулық жазған??
2. Қайда туған? 5. Қандай шығармаларын білесің?
3. Қандай қызмет атқарған? 6. Әкесінің аты кім?

2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Күн сәулелеріне не жазар едің?
Бүгін А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен әрі қарай танысамыз «Оқуға шақыру»- өлеңін оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 6 - 7 бет
6 бет «Оқуға шақыру» өлең
- үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- Сөздік жұмыс: іздеп тауып алалық - үйрену, оқу, із
- тізбек бойынша оқу
- азат жолмен оқу
- Бөлімдерге бөліп оқу * Оқуға шақыру
* Еңбек іс - әрекеті
*Даналық Даналық - сөзін басқаша қалай айтуғаболады?
Өлеңдегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп оқы.
Оқуға, жұмыссыз, даналық, байқап, қаралық, даналық - өшпес жарық, кетпес байлық.
- өлеңді тұтас мәнерлеп оқуға дағдылану
Сергіту сәті

3. Жаңа білімді бекіту: Сызбаға зер сал. Өлеңге сүйеніп, сызбаны өз сөзімен түсіндір. Неліктен бұл сөздер құмырсқа түрінде көрсетілген?
Іздену, үйрену, оқу, жарық,
Еңбек, Даналық, Білім, байлық
«Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық» жолдарын сен қандай сызба арқылы көрсетер едің? (топтық жұмыс) – шығармашылық жұмыс
4. Үйге тапсырма: 6 бет мәнерлеп оқу, 8 бет №9 тапсырма дәптерге жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 187
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай "Адам болам десеңіз"
Абай "Адам болам десеңіз"
Абайдың шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын таныта, мысал өлеңінің мәнін ашу арқылы диалогтық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Тсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы
Әліппенің атасы
Әліппенің атасы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×