Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Боз бие

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 - сынып (презентациясымен)
Сабақтың тақырыбы: Боз бие. 26 - 27 жаттығулар
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың Алфавит туралы, жылқы жайлы алған білімдері мен түсініктерін кеңейту, жылқының пайдасын жете түсіндіру, бие жайлы түсініктерін қалыптастыру, бие сүтінің атауларымен таныстыру,
2. Дамытушылық :Жылқы малының түсіне байланысты сөздермен таныса отырып, балалардың тілін, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, қиялын дамыту;
3. Дағдылық: Балаларды сауатты, көркем, таза жазуға машықтандыру. Сұрақтарға толық, нақты жауап бере білуге дағдыландыру
4. Тәрбиелік: Балаларға қымыз бен саумалдың пайдасын ұғындыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, бие суреті, тесттер, оқулық, интерактивті тақта, кестелер
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, ассоциация, түртіп алу, болжау, Рафт
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, еңбек, математика, д/ш

Барысы: 1 / Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару,
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйде Алфавитті жаттау, жылқы мәтінін түсініп оқу, 25 - жаттығуды жазып келуге берілген болатын.- Дәптерлеріңді аша қойыңдар, тексеріп шығайық.
Балаларды әрбір сөзді жеке - жеке кезекпен оқыту, тексеру
- Ал, Алфавитті кім маған жатқа айтып бере алады? 2оқушыдан сұрау
«Жылқы» мәтінінен түсінгендерін 2 - 3 оқушыға әңгімелету
- Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі? – Қыс.
- Қыста не жауады? – Қар. Ендеше бізге «Сиқырлы қарлардан» бірнеше тапсырма келіпті, орындаймыз ба? 1 - слайд

1. Алфавитте неше әріп бар?
2. Алфавиттегі әріптер қалай орналасқан?
3. Атқа керек құрал - жабдықтарды атаңдар?
4. Жылқы қандай жануар екен?
Электронды оқулықпен жұмыс жүргіземін.

Сәйкестендіру тестімен жұмыс/2слайд/
- Өте жақсы, балалар, сендер барлық тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар. Аты аталған батырлар жайлы сендер 4 - 5 сыныптардан бастап оқып танысасыңдар.
- Балалар, бір сәт экранға қарайық. Жылқы туралы слайд
- Осының ішінде құлындайтын түрінің не деп аталатынын білеміз бе?- Бие деп аталады.
- Бие туралы не білеміз, кәне, ойымызды ортаға салайық. Ой қозғау

5 - слайд Тамаша балалар, неге біз бүгін бие жайында әңгімеледік деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыз бие жайында болмақ екен. Бәріміз тақтаға қараймыз. Бүгінгі сабақта Қастек Баянбайдың «Боз бие» деп аталатын өлеңін оқып танысамыз.
Авторды таныстыру - 7слайд

8 - слайд Өлеңді экраннан оқып беріп таныстырамын.
Оқулықпен жұмыс - Хормен оқыту - алдымен - мағынасы жағынан түсініксіздеу сөздерді ойларыңа сақтап алыңдар, маған айтасыңдар?
Жекелеген оқушыларға шумақпен оқыту.
- Балалар, оқып келе жатқанда сендерге түсініксіздеу сөздер кездесті ме?
Суалмай - ақ келеді ----- сүті тартылған жоқ,
Саба ------- Қымыз пісетін ыдыс /Қымыз ыдыстарын көрсету/9 слайд
- Өлеңде не жайында айтылды? Бие, биенің сүті, қымыз жайында айтылды.
Бие сүті – жаңа сауылған кездегі ашытылмаған сүтін саумал деп атайды екен. Ал ашытылып, күбіге пісілген сүті — қымыз деп аталатынын ұғындыру. 11 - слайд қымыз түрлерін көрсету
Саумал да қымыз да 40 түрлі ауруға ем екен, оны ішкен адамның бойында күш қуаты артып, қаны көбейеді екен, денсаулығы жақсара түседі. Жарнама жасау - 12 слайд
- Шетелден келетін мына сусындарды ішіп ауырғанша, қымыз ішіп бойға қуат жинаған ың дұрыс екен.
Тақтамен жұмыс. Күннің реті мен тақырыпты жаздырту.
26 - жаттығу Сөздерді оқып, алфавит ретімен жазу
Ақбоз, жирен, күрең, қарагер, құла, торы, шабдар
Жылқы түстеріне түсінік беріп өту – слайд
Сергіту сәті « Төлдер» әнін айту
27 - жаттығу Сөздерді алфавит ретімен оқу
Аударыспақ
Бәйге
Жарыс
Көкпар
Теңге ілу
- Бұл сөздердің барлығы да ұлттық ойын түрлері екен. Слайд —
- Көкпар ойынын қайдан, қашан тамашалаймыз?
- Биенің төлін не дейміз? Құлын дейміз. Сендер бір сәт құлынға айналып көріңдерші, адам баласына қандай арман - тілектеріңді айтар едіңдер?
1. Мансұр
2. Дулат
3. Қайсар
4. Қорытынды
ББҮ әдісі арқылы қорыту

Білемін
Жылқы, бие де төрт түлік,, жүйрік, жорға болады. Биенің сүті қымыз, жылқының төлі құлын, үй жануарлары, жылқы ер қанаты

Білгім келеді
Біздің ауылымызда қанша үйде жылқы барын, жылқының қандай түрлері барын,

Үйрендім
Жаңа сауылған жылқы сүті - саумал, ашытылғаны қымыз деп аталатынын. Ұлттық ойындар түрлерін білдім

5. Үйге тапсырма берілді 1. Боз бие өлеңін түсініп, мәнерлеп оқып келу
2. Жылқы туралы мақал - мәтелдер жазып келу, суреттер әкелу.
6. Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларға төлдер суретін тарату арқылы бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 924
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Сәбит Мұқанов «Жылқы»
Сәбит Мұқанов «Жылқы»
Мәтінді түсініп оқуға баулу, оның мазмұнын ашу, жылқы туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, білімді өздігінен алуға үйрету. Оқушыларға жылқы малының пайдасын ұғындыра отырып, мәтінге талдау жасау. «Жеті қазынаның бірі» жылқы - ның ерекше
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Сәбит Мұқанов. Жылқы
Сәбит Мұқанов. Жылқы
Атырау облысы, Жылыой ауданы № 3 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Нұрған Зәмзәгүл Ахатқызы
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
Ақсақалдың ақ батасы
Ақсақалдың ақ батасы
Екібастұз қаласы, №26 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қожабаева Гүлжан Қалуадинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×