Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбит Мұқанов «Жылқы»

02 наурыз 2019, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Жылқы»
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді түсініп оқуға баулу, оның мазмұнын ашу, жылқы туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, білімді өздігінен алуға үйрету. Оқушыларға жылқы малының пайдасын ұғындыра отырып, мәтінге талдау жасау. «Жеті қазынаның бірі» жылқы - ның ерекше қасиеттерімен таныстыру.
2. Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін өз сөздерімен айтуға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, өй - өрісін кеңейту, тілін дамыту, шығармашылық танымдық белсенділігін арттыру.
3. «Жылқы» жануарына деген сезімдерін ояту қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: Төрт түліктің суреттері, кесте - сызбалар, слайд, АКТ видео материалдар, «жылқы» жануарларының суреттері мен тақырыптық бейнелер. Интертақта.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, әңгіме, талдау, жинақтау, СТО әдіс - тәсілдері, шығармашылық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу, тарих
Сабақты қолданылатын жаңа технология: СТО және АКТ технологиялары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сыныпты ретке келтіру.
2. Психологиялық даярлық.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Өткен сабақты қайталау:
1. Әбділда Тәжібаев «Жарық түнде жайлауда» мәнерлеп оқу.
2. Өлең не туралы қайталау сұрақтары мен тапсырмалары.
3. Жайлау, қыстау, күзеу туралы білгендерін ортаға салу.
4. Шығармашылық тапсырмаларды оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ: С. Мұқанов «Жылқы»
1. Сурет бойынша жаңа сабақты ашу.
2. Суретте не бейнеленген?
* Ой дамыту жұмысы:
Кімнің ойы жүйрік?
1. Төрт түліктің ішіндегі ең әдемісі не?
2. Батырлардың серігі қалай аталады?
3. Ер қанаты – ---------------------
4. Қымыз ненің сүтінен дайындалады?
С. Мұқанов туралы ізденіс.
1. С. Мұқанов туралы мәліметтер, суреттер, видео слайд көрсетіледі.
Балалар, бүгін біз С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқимыз. Жылқының ерекше қасиеттерімен, жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз.
Біз тақтаға не білгеніміз жайлы жаздық, енді не білгіміз келетіні жайлы жазайық. Қосымша білім:
- Балалар мен сендерге С. Мұқанов туралы ізденіп келуге тапсырма бергенмін
- Қане кім айтады?
- С. Мұқанов туралы не білеміз?
2. Дұрыс Сәбит Мұқанов Ақмола обл. Қызылжар жерінде дүниеге келген. Ол жеті жасқа келгенде әкесінен, 8 жасқа келгенде анасынан айрылып, жетім қалады. Мұстафа деген ағасының қолында қалады. жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Сәбит әркімнің есігінде жүріп отыншы, сушы, қойшы жылқышы болып күн кешеді. Ол он жасында оқи алмайды. Бірақ оқысам, білсем деген арманы ойынан кетпейді. Сөйтіп өз бетінше ұмтылып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 15 жасында қиысса дастандар оқи алатын халге жетіп, өлең шығара бастайды. 1918 - 1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсын бітіргеннен кейін, біраз уақыт мұғалім болып жұмыс атқарады. 1919 - 1928жылдарда баспасөз орындарында қызмет атқарады. Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, поэмалары, мақалалары 1922жылдан жариялана бастады. Сабит Мұхановтың « ақ аю», «Ботаға» Жылқы туралы не білеміз? Оқушылардан жылқы жайлы не білетіндерін сұрау.
- Оқушыларға бүгінгі сабағымыздың саяхат ретінде ерекшеленетінін хабарлау. Саяхатты С. Мұқановтың туылған жері Ақмола облысынан бастау. Ақмола облысына бару үшін жұмбақтарды шешеміз.

ЖҰМБАҚТАР
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Аспан – аспан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)

Екі айнасы бар
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Жағасында – құрақ,
Жайылып жүр... – лақ (Қозы)
Сәбит Мұқанов «Жылқы» жүктеу
1 326
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Жылқы. Сәбит Мұқанов
Жылқы. Сәбит Мұқанов
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Көктөбе ауылы, №89 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бейсенкул Аймурзаева
Сәбит Мұқанов. Жылқы
Сәбит Мұқанов. Жылқы
Атырау облысы, Жылыой ауданы № 3 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Нұрған Зәмзәгүл Ахатқызы
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
"Жылқы" Сәбит Мұқанов
"Жылқы" Сәбит Мұқанов
Семей облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылының бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Гульсум Ермекбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×