Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұлбұлдың әні

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі (3 сынып) (Презентациясымен)
Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні
Сабақтың мақсаты: 1) білімділігі
Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құсы туралы түсініктерін тереңдетуі
2) дамытушылығы тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету арқылы еске сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.
3) тәрбиелігі
Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтастыру, венн диаграммасы. Сұрақ-жауап, әңгімелеу, бес жолды өлең әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, портреттер, көркем сөз жазылған қағаздар, үнтаспа, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы: 1) Қызығушылықтарын ояту.
(Мұғалімнің қысқаша мәтін оқып беруінен басталады).
«Масатыдай құлпырып, бақыт пен қуанышын қатар арқалап көптен күткен көктем де келіп жетті. Өлкенің кең - байтақ төсі жасыл желек шөптерге, хош иісі аңқыған гүлдерге толыпты. Күн жерге мейірлене қарайды. Алыстан қаңқыл - қаңқыл қаздардың даусы естіледі».
Сұрақтар: - Осы мәтінді тыңдап отырып қандай сезімге бөлендіңдер?
- қай жыл мезгілі туралы айтылған?
- көктем туралы не білеміз?

Көктем

күн ұзарады
құстар
келеді
тіршілік басы
ағаштар гүлдейді
шөптер шығады
гүлдер
- Көз алдарыңа не елестейді?
- Егер көктемді «тіршілік басы» десек, осы тіршілікке, өлкенің, жер әлемнің құлпыруына үлкен әсер ететін не?

- Жаңбыр.
- Жаңбыр — тіршілік көзі.
Топпен жұмыс
І - топ - Жаңбырдың қандай түрлерін білесіңдер?
- Нөсер жаңбыр, ақ жаңбыр, өткінші және соқыр жаңбыр.
2- топ - Үйге берілген Б. Майлиннің «Жаңбыр» өлеңін жатқа
айтып, мәнерлеп оқу.
З- - топ - Жаңбырдан бізді не қорғайды, сол заттың суретін
салып көріңдер? (қолшатыр).
4- топ - Жаңбыр жауып басылған соң нелердің даусын
естуге болады, аспанда не пайда болады? -(Құстардың, шегірткенің шырылын, бақаның даусын)
(Кемпірқосақ).
5- топ - Жаңбыр жауған кездегі көк шөптің, гүлдің сезімін
бейнелеп бер?
- Өте жақсы балалар, көктем сәні жаңбыр мен де кіреді екен,
сонымен бірге құстардың әсем дауыстарымен де
ерекшеленеді екен.
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

Құстар
Үй құстары: (тауық, қаз, үйрек)
Дала құстары: (бұлбұл, сауысқан, қарға, торғай, кептер аққу)
Жыртқыш құстар: (бүркіт, жапалақ)

- Құстар қалай дыбыстайды?
Сәйкестік тестін алу
Қаз ------------------- шырылдайды
Бозторғай ---------- қаңқылдайды
Сауысқан ----------- шақырады
Әтеш ----------------- саңқылдайды
Қарға ---------------- тыраулайды
Тырна --------------- сайрайды
Бұлбұл -------------- қарқылдайды
- Балалар, олай болса бәріміз, үнтаспаны тыңдап көрейікші?
- Қандай құстың үні ерекше естіледі?
- Бұлбұлдың даусы. Бұлбұл әнші құс екен. Оның 2 түрі болады екен.
а) Дала бұлбұлы
ә) Тоғай бұлбұлы
Суреттерін көрсету арқылы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтату

Әнші құс
Дала бұлбұлы
Тоғай бұлбұлы

Ендеше, бүгінгі сабақта М. Төрежановтың „Бұлбұлдың әні"
атты мәтінімен танысамыз.
Автордың өмірбаянына тоқталып өту, таныстыру. Оқулықпен жұмыс Мәтінмен жұмыс
а) Мәтінді мәнерлеп, түсінікті, дауыстап оқып беру.
ә) Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді анықтату.
- Негізгі кейіпкерлер - Әбдеш пен оның досы.

б) Мәтінді оқулықтағы берілген сұрақтар бойынша талдау, мәтіннің негізгі ойын, жасырын ойын анықтау.
(бұл жерде сұрақтарды оқушылар өздері бір - біріне қояды)
в) Мәтінді оқушыларға рольге бөліп оқыту.
г) Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.
- Әбдеш қандай бала, мінездеме бер?

Шығармашылық жұмыс.
Сөз тіркестері беріледі, соларды қатыстыра отырып, шағын мәтін құрастыру (5мин) Арайлап атқан таң, айдын көл, көркем тоғай, әсем табиғат, гүлдердің хош иісі, самал жел, мөлдір бұлақ, жазық дала, сайраған құстар, киелі топырақ, таза ауа, туған жер.
Белгілі бір уақыттан кейін 2 - 3 оқушының әңгімесін тыңдау, талдау, мадақтау, бағалау.

Сәми. Туған жерімнің әрбір арайлап атқан таңы мен үшін үлкен қуаныш. Ауыл сыртындағы айдын көлден, көркем тоғайдан небір сайраған құстардың даусын естисің. Киелі туған жерімнің әрбір гүлінің хош иісін иіскеп, мөлдір бұлағының суын ішіп, таза ауасымен демалып жүрген мен - бақытты жандардың бірімін.

Аружан. Мен ауылымның киелі топырағын басып тіршілік етіп жүрмін. Таза ауасын жұтып, гүлдердің хош иісін иіскеп, мөлдір бұлағынан су ішіп туған жерімде еш алаңсыз өмір сүріп келемін. Ауылымның табиғаты сондай әсем.

IV. Қорытынды.
Тәрбиелік ой толғаныс.
- Табиғатты аялау дегеніміз не?
- Сендер табиғат пен құстарды қорғауға қандай үлес қосар едіңдер?
1. Табиғаттағы әрбір тіршілік иесін қорғау керек.
2. Гүлдерді жұлмау керек.
3. Құстарды атпау керек, жұмыртқасын алып, ұясын бұзуға болмайды.
4. Құстарға қолдан ұя жасап, жемшашар әзірлеп қою керек.
«Бес жолды өлең» 1. Бұлбұл
2. Әнші, әдемі, нәзік
3. Сайрайды, қонады, ұшады.
4. Бұлбұл - орманның әнші құсы.
5. Құс.

V. Үйге тапсырма:
1) Мәтінді түсініп оқу.
2) Бұлбұл құсы туралы мәлімет жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Шыбынсыз жаз
Шыбынсыз жаз
Табиғатқа, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін мен табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Ғабит Мүсірепов «Көлде»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тураева Гульнара
"Бұлбұлдың әні" Мәдіхат Төрежанов
"Бұлбұлдың әні" Мәдіхат Төрежанов
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы,№1 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қыдырбаева Бейсенкүл Алиакбарқызы
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×