Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спираль деген не?

30 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Спираль деген не?
Сабақтың мақсаты: 1. Спираль туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
2. Балалардың ой - өрісін, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатты, қоршаған ортаны зерделеп, оны қорғауға баулу; байқампаз, зерек болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, суреттермен жұмыс, сурет салу, тәжірибе жасау, мүсіндеу.
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, таяқшалар, ермексаз.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!

2. Кіріспе әңгіме.
- Балалар, міне, арайлап таң атты.
- Таң қалай атады?
- Ия, күн шығады. Ежелгі кездерде адамдар күнді спираль түрінде бейнелеген екен.
- « Спираль» деген сөз сендерге таныс па? Келіңдер, ендеше, спираль деген не екен, соны қарастырайық.

3. Мұғалімнің түсіндірме әңгімесі.
- Балалар, мына слайдқа қарайық. Мынау – кәдімгі спираль. Мына спираль - тура спираль, сағат тілі жүрісіне сәйкес. Ал, мынау - теріс спираль, сағат тілі жүрісіне қарсы оралған. Ал мыналар: төртбұрышты, үшбұрышты, бесбұрышты, қосарланған, күрделі спиралдар (слайдтан көрсетіліп тұрады). Осы спиралдарды қайдан көруге болады? Табиғаттан, қоршаған ортадан, күнделікті өмірден көруге болады: арқардың мүйізі, тәтті орама нан, ұлудың бақалшағы, шырмауықтың сабағы, пластмасса және темір пружиналар т. б.

4. Құрастыру.
Балалар, келіңдер, енді спираль құрастырып көрейік.
(Оқушылардың қолына таяқшалар беріледі. Жапсырма таяқшалардан төртбұрышты, үшбұрышты спиралдар құрастырылады. )
Міне, балалар, біздер төртбұрышты, үшбұрышты, бесбұрышты спираль
құрастырудың алгоритмін таптық.

5. « Тапқырлар» ойынын ойнау.
Балаларға үлкен суреттен фрагменттік спираль көрсетіледі де, суретте не бейнеленгенін табу ұсынылады.

6. Тәжірибе өткізу.
Үш балаға бірдей қағаз сөмке мен бірдей бұйымдар ( 20х20 сүлгі) беріледі. Балалар сөмкеге мүмкіндігінше көбірек сүлгіні сыйғызу керек.
а) бірінші бала қағаз сөмкеге бұйымдарды умаждап салады;
ә) екінші бала бүктеп салады;
б) үшінші бала шиыршықтап ( спираль түрінде ) салады.
- Қай сөмкедегі бұйым сыйымды болды?
Әрине, шиыршықтап салынған бұйымдар аз орын алып, сыйымды болатынына көз жеткізіледі. Сондықтан, күнделікті өмірде ұзын жіптерді, электр сымдарын, телефон желілерін спираль түрінде орап дайындайды. Көп жер алмайды, пайдалануға ыңғайлы.
Қарапайым жыланның қозғалысы да спиральға ұқсайды, Ит, мысықтар ұйықтағанда құйрығын шиыршықтап орап алатынын байқайтын боларсыңдар.

7. Сергіту. Жарыса тізбектеп сурет салу.
8. Мүсіндеу. « Мен – мүсіншімін». Ермексаздан ұлуды мүсіндеу.
9. «Жүректен – жүрекке».
Жасаған ұлу мүсінін қолға алып, жақындап қалған ұлу жылымен бір – бірін құттықтап, жақсы тілек айту.
10. Қорытындылау.
13 206
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері туралы түсінік беру. Магнит ағыны туралы мағлұмат беру. Магнит өрісі мен ток арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Квиллинг
Квиллинг
Қағаздың қыр - сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды.
Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
Электр қыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №22 орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Сман Мадина
Математика және табиғат
Математика және табиғат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылы, №107 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мансурова Камшат Алмабекқызы Жетекшісі: Ержанова Ұлжан Иманғалиқызы
Логарифмдерді не үшін оқып - үйренеміз
Логарифмдерді не үшін оқып - үйренеміз
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Математика пәні мұғалімі Тоқыжанова Шолпан Қасымқызы
Люминесценттік шамдар
Люминесценттік шамдар
№2 Арал кәсіптік лицейінің арнаулы пән оқытушысы: Шолпан Балманова.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×