Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аттандық бала шақтан - болашаққа

06 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Аттандық бала шақтан - болашаққа

Мақсаты: Бастауыш сынып мерекесін өткізу туралы айту. Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау. Жас бүлдіршіндерді бірлікке, білімділікке тәрбиелеу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе Жүргізуші:
- Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда
Мал озбас, біле білсең білім озар
Ақыры керек болар бір сасқанда - деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттандық бала шақтан – болашаққа» атты мерекесін бастағалы отырмыз.
Қош келіпсіздер құрметті қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күн болған, сірә, қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 - ші сыныптарды ортамызға!
(музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді)

Әр сыныпты таныстыру
Жүргізуші:
Ортада 4 «А» сынып түлектері.Сынып жетекшісі:
Сынып мақтаныштарымен таныстыру
Ортада 4 «Ә» сынып түлектері.Сынып жетекшісі:
....
Сынып мақтаныштарымен таныстыру
Жүргізуші:
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса оқушыларға сөз кезегін берейік.

(4 сынып оқушыларының сәлемдесу сәті)
Жүргізуші:
Рахмет, сәлемдеріңді қабыл аламыз. Жарайсыңдар. Ал балалар осы 4 жылда қандай пәндермен дос бола біліп, олардан білім алдыңдар? Олай болса сол пәндерден не ұғып, не білдіңдер, қане, ортаға салайық. Алғашқы сөзімізді қазақ тілі пәнінен бастайық.

( Ортаға 4 «В»сынып оқушылары шығып, қазақ тілі пәні бойынша білімдерін ортаға салады)

Жүргізуші:
- Балалар, қазақ тілі қандай тіл деп ойлайсыңдар? жауап.(Қазақ елінің мемлекеттік тілі)
Дұрыс, Біздің Отанымыз қалай аталады? Онда туған елімізге арнап «Қазақстаным менің»әнін хормен шырқап жіберейік.
Хор: "Қазақстаным менің" әні
Жүргізуші:
- Балалар, қазақ тілімен қатар біздің елімізде тағы қандай тілдер кеңінен қолданылады?(орыс тілі, ағылшын тілі)
Жарайсыңдар, келесі кезекті орыс тілі пәніне берейік. Яғни орыс тілін қаншалықты меңгергендіктеріңді байқайық.

(4 «Ә» сынып оқушылары орыс тілі пәні бойынша білімдерін ортаға салады және
«Пусть всегда будет солнце» әнімен Сайынова Жансая )

Жүргізуші: Туған тілді сүйеміз
Орыс тілді білеміз
Ағылшын тілін үйрендік
Тіл сындырып көреміз – деп келіп тұрған гимназия сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

( Гимназия сынып оқушылары шығып ағылшын тілі пәні бойынша білімдерін ортаға салады)

Жүргізуші: Балалар, ғылымдардың патшасы саналатын қай пән еді? (Математика)
Ойлантып есеп шығартып
Ғылымдардың патшасы
Төрт таңбаны білдірген
Математика данамыз - деген оқушыларымыз математика жайында не айта алады екен, құлақ түрейік.

(4 «Г» оқушылары шығып математика пәні бойынша білімдерін ортаға салады және «Есеп сабағы»әнін орындайды)

Жүргізуші: Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы - деп келген болашақ агроном, геолог, астролог тағы осы саладағы мамандық иесі болғысы келетін бүлдіршіндерді ортаға шақырайық.

(4 «Б» сынып оқушылары дүниетану пәні бойынша білімдерін ортаға салады және Нысанбай Ақбөбектің «Жау, жаңбыр»әні тыңдалады)

Жүргізуші: «Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй»- деп Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп, тыңдап музыка пәнін ынтамен оқып жүрген шәкірттерді ортаға шақырамыз

(4 «Ғ» сынып оқушылары музыка пәні бойынша білімдерін ортаға салады және «нота үйренейік» әнін орындайды)

Жүргізуші:
Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым - бал бұлағым
Алдым сенен балдың дәмін
Рахметімді жаудырамын - деп тұрған оқушылардың бастауыш сынып кезеңіндегі қызықты сәттерін еске түсірейік. «Бастауышым - бал бұлағым, сенде өткен қызық шағым» бейнефильміне назар аударайық. 4 - сыныптардың мектеп өмірінен алынған қызықты көріністерін тамашалаңыздар(экраннан видеослайд көрсету)

Жүргізуші:
Енді ортаға асқар таудай әкелерді шақырғым кеп тұр. Осы перзенттеріңді қаншалықты тани аласыңдар екен. Соны көрелік. Ортаға 6 сыныптан бір - бір әке шығуы керек. Ойынның аты «Баламның даусы». Әкелер өз ұлдарын дауыстарынан тану керек

Жүргізуші:
Рахмет, әкелер. Енді өзіңіздің балаларыңызды білім нәрімен сусындатып жүрген мектеп ұжымына айтар тілегіңізді тыңдағымыз кеп тұр.

Келесі тамашалайтындарыңыз 4 «Г» сынып оқушыларының «Сұлтан» биі
Жүргізуші: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма
Бастауыштан алған білім - жырларым
Азық болар, мәңгі талай жылдарға – деп бастауышты қимай қоштасқалы отырған түлектер өздерінен кейінгі ізбасарларына бастауыштың білім кілтін табыстамақшы. Кілтті табыстайтын гимназия сынып оқушылары мен болашақ оқушы атанатын бөбектерді Ортаға шақырамыз

( Кілтті табыс етеді және МАД тобы оқушылары тақпақ айтады)
Хор: «Сыныптастар, құрдастар» әні

Жүргізуші: Рахмет. Шәкіртпен көркейеді еңбегіңіз
Сізден алған біліммен біз өсеміз
Ақтармыз еңбегіңді аяулы ұстаз
Көрініп әлі талай биіктерден – деп осы тұрған түлектердің орыс тілі, музыка, өзін - өзі тану, информатика пән мұғалімдеріне арнаған өлеңдері бар екен. Соны тамашалаймыз
(4 «А» «Ә» «В» сынып оқушылары арнау өлеңдерін оқиды)
Хормен:
Мың алғыс сізге біздей түлектерден
Мың алғыс мына отты жүректерден

Жүргізуші: Ортамызға 4 - сынып жетекшілерін шақырамыз.
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға, дара шың
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Сағына әркез суреттерді парақтап
Шәкірттерін жиі еске алатын – деген шәкірттеріңнің арнау өлеңдерін қабыл алыңдар

(Әр сыныптан бір - бір оқушы шығып алғашқы ұстаздарына арнау өлеңдерін оқиды. Сынып жетекшілерге сөз беріледі)
Хор: «Ұстазым менің ұстазым»әні

Жүргізуші:
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үміт пенен сеніміңіз ақталады - деп тұрған түлектердің мектеп әкімшілігіне де арнайы әзірлеген өлең жолдары бар екен. Құлақ түрейік.

(Ортаға 4 «Г» 4 «В» 4 «Ә» сынып оқушылары шығады мектеп әкімшілігіне арнау өлеңдерін оқиды)
Мектеп басшысына сөз беріледі
Жүргізуші: Өнерпаздар ортамызда әлі бар
Бишілердің билеп берер сәні бар
Қошеметтеп, қол соғып қарсы алайық
Вальс биін билеп берер ұл, қыз бар.

[b"]Мектеп вальсі " би

Жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.

ХОРМЕН
Кездескенше қош сау болыңыздар!
12 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, бастауыш
Қош бол, бастауыш
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныстыра отырып, сәт – сапар тілеу.
Бастауышым - бастамам
Бастауышым - бастамам
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Токбаева Назира Туреевна
Қош бол балабақшам
Қош бол балабақшам
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі: Мансурова Амина Шакиртовна
Қош бол, бастауыш!
Қош бол, бастауыш!
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×