Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Қыс»

22 маусым 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ТІЛ ДАМЫТУ
4 СЫНЫП
Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»
Мақсаты: Өлең жолдарын мәтінге /қара сөзге/ айналдыру.
Міндеті: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірдерегімен таныстыра отырып, берілген өлеңнің негізгі идеясын ашу. Мәліметтерді сатылай кешенді талдауға үйрету:
Мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сұрақтарға нақты жауап беріп, тапсырмаларды түсіне отырып орындауға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту, оқушының белсенділігін артыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру:
Қоршаған ортаның тылсым сырларын байқауға, табиғат сұлулығын, өнерді түсіне білуге тәрбиелеу.

І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Сынып оқушыларын оқушы ережесіне сай отырғызу.
Қонақтардың келу себебін түсіндіру:
Бүгінгі өтетін сабақтың мақсат – міндеттерінен хабардар ету:

а/ БІЛУ ТАКСОНОМИЯСЫ:
«Қазақстан – біздің Отанымыз» тақырыбына шағын әңгіме құра
Осы тақырыпқа өлең шумағын айт.
Атамекен, туған жер туралы мақал – мәтел айт
«Астана – бас қала» осы тұжырымды дәлелде.
«Астана» туралы мына өлең шумағын мәнерлеп оқы.
Астана.
Жайнай бер, жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам!
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Сарыарқаның төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астанам өсуде.

Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап.
Т. Әбдіков
«Терминдер арқылы болжау» стратегиясы:
Мына берілген терминдердің бүгінгі сабаққа қатысын анықтап көрейік:
Көктем, Күз, Қыс, Жаз
(Н. Назарбаев портреті)
«Абайды тану, Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс.» ( Н. Ә. Назарбаев)

Абай Құнанбаев
ҚЫС
«Оқушының қойын дәптері» стратегиясы:
Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
АбайИбраһим Құнанбаев 29, 07. 1845 - 23, 06, 1904- қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда.
Абай - ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.
Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Абай өлең шығаруды бала кезінде - ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.

Ақынның жеті атасын сызба арқылы түсіндір
ОРТА ЖҮЗ ТОБЫҚТЫ АРҒЫН РУЫ ОЛЖАЙ БАТЫР - дан: 1. Айдос
2. Қайдос
3. Жігітек
АЙДОСТЫҢ АЙПАРА ДЕГЕН ӘЙЕЛІНЕН: 1. ЫРҒЫЗБАЙ
2. Көтібақ
3. Топай
4. Торғай
ЫРҒЫЗБАЙДАН: 1. Үркер
2. Мырзатай.
3. Жортар
4. ӨСКЕНБАЙ
ӨСКЕНБАЙДЫҢ ЗЕРЕ ДЕГЕН әйелінен ҚҰНАНБАЙ ТУАДЫ.
Құнанбай 4 әйел алған.
БӘЙІБШЕСІ Күңкеден - Құдайберді
Екінші әйелі: ҰЛЖАННАН: - ТӘҢІРДЕРДІ, (ТӘКЕЖАН) ИБРАҺИМ (АБАЙ), ЫСҚАҚ, ОСПАН
Үшінші әйелі: Айғыздан: Халлиулла, Ысмағұл
Төртінші әйелі Нұрғанымнан бала жоқ.
● Алғаш сауатын қалай ашты?
● Ол молданың аты кім?
● 10 жаста Абайды қайда оқуға берді?
● Медреседе неше жыл оқыды?
● Медреседен кейін оқуын қайда, не үшін жалғастырды?
● Ел билеуге неше жастан араласты?
● Қай жылдары болыс болды?
● Қай елде болыс болды?
● Абай ненің негізін қалады?
● Неше жасынан бастап көркем әдебиетке ден қойды?
● Табиғат лирикасына жататын өлеңдерін ата.

ә/ ТҮСІНУ - ҚОЛДАНУ ТАКСОНОМИЯСЫ
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр - мылқау танымас тірі жанды,
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті – қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай сырт айналды.
Өнердің басты пәні – адам, адам өмірінің шындығы. Кез келген шығармада басын мәңгілік қар басқан, бауырын көкорай шалғын жапқан тау суреттеле ме, сайын даланың салқын самалы мен саумал бұлағы... бейнеле ме қалай болғанда да суреткер бар саналы шығармашылық әрекетін, күш - қайраты мен шеберлігін бір ғана ұлы мақсатқа, адам жүрегінің асыл сырын, адамзат жанының жарқын мұратқа ұмтылған баянды шындығын танытуға жұмылдырады.
Жанқара Дәдебаев
Өлеңді сатылай кешенді талдау:
Тақырыбы: Қыс
Авторы: Абай Құнанбаев
Жанр түрі: Поэзия /лирика/
Идеясы: Қазақ халқы мекен еткен жердің қаһарлы
қысы, табиғат бейнесі және
малшылардың бейнетін шебер бейнелеген туынды.
Өлеңді қара сөзбен баяндаңыз:
Көркемдік – эстетикалық компоненттер: Портрет, пейзаж, психологизм.
Өлеңнің мазмұндық құрылымы: 1. Қыстың кейпі
2. Қыстың әрекеті
3. Қыстағы балалар
4. Қыстағы малшының күйі
б/ ТАЛДАУ - ТОПТАУ ТАКСОНОМИЯСЫ:

Өлеңнің мазмұндық құрылымын:
1. Қыстың кейпі
2. Қыстың әрекеті
3. Қыстағы балалар
4. Қыстағы малшының күйі

ІІІ. Ойтолғау
Шығармашылық тапсырма:
Өлеңдегі әрбір суретті ақын қандай бейнелі сөздермен жасаған?
/Ақ киімді, ақ сақалды, денелі, мылқау, соқыр, түсі суық, үсті - басы ақ қырау, басқан жері сықырлап, оқшырайта бөрік киген, аязбенен қызарып, екі көзін қасы жауып, бұрқ – сарқ етіп долданып/

в/ Психологиялық тренинг:
Шарты:
Мұғалім мәтін оқиды. Оқушылар көздерін жұмып, мәтін мазмұнын ойша рет - ретімен елестетіп, есте қалған зат есімдерді дәптерге теріп жазады. Жауап үлгісі арқылы тексеріледі.
Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн ұзарды. Түннің аязы қатайды. Жиі - жиі боран соғады. Тоғайлар ақ мамыққа оранады.
Жауабы: Қыс, қар, күн, түн, аяз, боран, тоғайлар, мамық.

«5 жолды өлең» стратегиясы
Зат есім: Қыс.
Сын есім:
Етістік:
Нақыл сөз:
Мағыналас сөз:
Зат есім: Қыс.
Сын есім: Аязды, боранды, қаһарлы, ызғарлы
Етістік: Борайды, сықырлайды, үскіреді, тоңдырады
Нақыл сөз: Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете
Жауындата келеді.
Мағыналас сөз: Ақ мамық
● Сонымен, балалар бүгін біз не өттік?
● Елбасымыз Абай туралы не деген екен?
● Табиғат лирикасына жататын өлеңдерін ата.
● Неліктен табиғат лирикасына жатады дейміз?
Үйге тапсырма беру

«Қыс» өлеңі бойынша мазмұндама жазып, шығармашылықпен өлең шумақтарын және осы тақырыпқа суреттер салып келеміз.
Өлеңді жаттап, мәнерлеп айтуға машықтанамыз.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ТАКСОНОМИЯСЫ

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Нұркен ауылы. Бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмағанбет Жібек Серікқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаев
«Күз» Абай Құнанбаев
Күз өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
Абай Құнанбаев «Жаз»
Абай Құнанбаев «Жаз»
Абай Құнанбаев «Жаз» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Астана Е. Өтетілеуұлы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Қыс. Абай Құнанбаев
Қыс. Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Абай Құнанбаев "Жаз" өлеңі
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×