Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын. Не деу керек?

30 тамыз 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Буын. Не деу керек? 58 - 59 жаттығу
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға буын ұғымы, жасалуы, мәні, құрамы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Әдепті, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте
Түрі: ертегі ойын сабақ «Ғылымдар патшалығы - ана тілі»
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру. әңгімелеу, топтау, талдау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды психологиялық дайындығын тексеру.
Арайлап шықты жаңа күн
Шуағын шашып баршаға.
Қане, достар күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде.
Слайд « КҮН» суретін көрсету
«Ана сүті - бой өсіреді, Ана тілі - ой өсіреді» демекші қазір бізде ана тілі сабағы.
Сыныптағы 3 топқа кубик беру. Кубиктің әр бетіндегі әріптерді қоса отырып өз тобының атын шығару.
1 - топ. Дыбыс
2 - топ. Әріп.
3 - топ. Сөз

Әр топ өз атын қорғауы керек.

1 - топ. Дыбыс Біз көзге көрінбейміз. Құлақпен естиді, ауызбен айтады.
2 - топ. Әріп. Бізді оқиды, жазады, көреді.
3 - топ. Буын. Біз сөзді айтқан кездегі дауыс толқынымыз

1. Үй тапсырмасы.
А) Өлеңді 3 топтан үш оқушыға оқыту.
Б) Тауып оқу.(Көрші атаның сөзін табу)
2. Топтық сұрақтар беру:
Сәлемдесуге байланысты қандай сөздерді білесіңдер?
Дыбыс тобына: мұғаліммен
Әріп тобына: үлкен атамен
Буын тобына: досымен
3. Осы өлеңнен «жүгіріп, күліп, сүйсініп» сөздеріне байланысты ережені қайталап еске түсіру.
Ереже. Егер бірінші буында Ү дыбысы болса, екінші буында Ү естілгенімен І әрпі жазылады.
4. Ойын «Ойлан, қара, жаз!»
Дауысты дыбыстардың ішінен жұп дауыстыларды тауып жазу.
Әр топқа жұп заттардың суретін беру. Мысалы: қолғап.
Осы суретке оқушылар жұп дауысты дыбыстарды жазады.

2. Жаңа сабақ
Әңгімелеу. Балалар, ғылымдар патшалығында әлемді таңқалдырған бір сарай бар. Ол сарай «Ана тілі патшалығы» деп аталады екен. Онда сауатты да білімді «Ана тілі»тұрады екен. Бұл сарайға жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді. Ал ақылды, білімді бола білсеңдер сол сарайдың үш қақпасы ашылады екен. Білімді балалар осы сарайға кіріп өз сыйлығын ала алады.
Ана тілі патшалығына кіру үшін алдымен «Тас қақпаны» ашу керек. Ол үшін бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек.
«Тас қақпа»тапсырмасы
1 - тапсырма. Суреттер сөйлейді. Суреттер бойынша жаңа тақырыпты ашуымыз керек.
Слайдтан суреттерді көрсету
(Балық, уық, ыдыс, нан)

Осы суреттегі сөздердің бірінші әріптерін алып, сөз шығару.
«Буын» жаңа тақырыптың аты шығады.
Буын сөзі бізге әліппе кезеңінен таныс. Буын деген өздерің айтқандай дауыс толқыны. Қазақ тілінде дыбыстар буын құрайды. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: От, жер сөздерінде қанша дауысты дыбыс бар? Бір. Ендеше бұл бір буынды сөз. Осылайша буын түрлеріне тоқталу.

2 - тапсырма. «Суретті билет» ойыны. Үлестірме қима қағаздармен жұмыс. Оқушылар суреттегі заттардың атын атау Сол сөздерді буынға бөліп айтқызу.
1 - топ 2 - топ 3 - топ
Тапсырмадан соң ереже шығару. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады.
Ал, балалар «Тас қақпаны»ашу үшін сиқырлы сөзімізді айтайық.
«Ашыл, ашыл, тас қақпа!». Музыка ойналып, қақпа ашылады.
2. «Күміс қақпа» Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік!

1 - тапсырма. Дәптермен жұмыс
1 - 2 - 3
Сынып іші тып - тыныш
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық!

Көркем жазу минуты.
Ұұ әрпін жазу. Ұшақ ұшты.
58 - жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқу. Дәптерге жаздырту.(туыстықты білдіретін сөздер)
Кішіпейілділік – кісілік белгісі. Суретті көре отырып әңгіме құрастыру.
Сиқырлы сөзді айту. «Ашыл, ашыл, Күміс қақпа!»! Музыка ойналып күміс қақпа ашылады.
«Алтын қақпа» тапсырмасы. Ізденген жетер мұратқа!

1 - тапсырма, 59 - жаттығу. Мақалды оқып, әр сөзде неше дауысты дыбыс бар екенін айту. Неше буын бар екенін айту.

2 - тапсырма. Не деу керек? Өлеңімен танысу. Әнуар Дүйсенбиевпен портретімен таныстыру. Өміріне, шығармашылығына тоқталу.
Рахмет, Кешіріңіз, Рұқсат па?, Жарайды.
Оқушыларға тізбектей оқыту. Әр топ 1 шумақтан оқиды.
«Ашыл, ашыл алтын қақпа!»Музыка ойнап алтын қақпа ашылады.
Ал балалар, алтын қақпаны аштық, қақпа ішінде алтын сандық бар екен. Тапсырманы дұрыс орындасақ «Алтын сандықтың» кілтін ала аласыңдар.
Тапсырма №1 Сыпайы сөздер айту.
Тапсырма №2«Ия - жоқ»Сұрақтар беріліп, дұрыс болса «иә»
дейді, қате болса «жоқ»дейді.
1. Алфавитте 42 әріп бар. Ия
2. Дыбыстар 4 - ке бөлінеді. жоқ
3. Бала. 1 буынды сөз. жоқ
4. Дауысты дыбыс қанша болса, буын сонша болады. ия
5. Балық. жуан айтылады. ия
6. Дауыссыз дыбыстар буын құрайды. Жоқ
7. Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді. Ия
8. Тәте. жуан айтылады. жоқ

Тапсырма №3 Топтық тапсырма буыннан сөздер құрату

Дыбыс тобы: қаң..., би...
Әріп тобы: жұм..., қар...
Сөз тобы: қо..., қа...
Керекті буындар: быз, бақ, ші

Ана тілі патшалығы сендерге өте риза. Тапсырманы дұрыс, тез орындап Алтын сандықтың кілтін де алдыңдар.
Бағалау.
Бүгінгі сабақта жеңімпаз болған оқушылар Алтын сандықтан шыққан алтын қаламдарды - 5, дәптерлер - 4, өшіргіш - 3 беру.
Үйге. Өлеңді оқу, мақалды жаттау.
6 628
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Буын түрлері
Буын түрлері
Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат Боранбайқызы
Тымақ
Тымақ
Манғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алдабергенова Жаннат Алдабергеновна
Не деу керек? Буын
Не деу керек? Буын
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Буын және тасымалды қайталау.
Буын және тасымалды қайталау.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×