Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тымақ

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға буын ұғымы, мәні жасалуы, құрамы туралы түсініктерін кеңейту. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту.
Дамытушылығы: Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту, көркем жазуға машықтандыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа, әдептілікке баулу. Қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, топтық, жеке жұмыстар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық. Көңіл күйлерің қалай? ( керемет!)
Сабаққа дайындықтарың қалай? (тамаша!)
Ендеше сабақты бастайық. (о - о - о)
ІІ. Үй тапсырмасы:
«Не деу керек?» өлеңін тізбектеп, мәнерлеп оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ: Миға шабуыл. (Суретпен жұмыс)
1. Сөздерді буынға бөлу. Буынның ережесін айту.
Буын сөзі бізге сауат ашу кезеңінен таныс. Буын деген өздерің айтқандай дауыс толқыны. Қазақ тілінде дыбыстар буын құрайды. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Буынның 3 түрі болады: ашық буын, тұйық буын, бүтеу буын.(жасалу жолдарын айту)

2. Дәптермен жұмыс: көркем жазу.
60 – жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқу. Дәптерге жаздырту.
3. Ребус шешу: Тымақ.
Тымақ мәтінімен танысу. Міржақып Дулатов туралы әңгімелеу.
Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.

4. Сөздікпен жұмыс: тымақ – қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы - түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі. Сырты мақпалмен, асыл маталармен тысталады.

5. Оқушыларға тізбектей оқыту.
6. Сергіту сәті.
7. Топтық жұмыс.
1 - тапсырма. Нұрмаш әкесінің тымағын не үшін кигісі келді?
2 - тапсырма. Әкесінің тымағын киген Нұрмашты сипттаңдар.
3 - тапсырма. Бекбай атай неліктен тымаққа тіл қатты.
4 - тапсырма. Өзіңнің үлкендерге ұқсағың келе ме? Неліктен?
8. Мақал - мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын ашу.
1. Үлкенге құрмет -.....
2. Сіз деген -....,
Біз деген -....
3. Әдепті бала
.................
Әдепсіз бала
...............
9. Буыннан сөздер құрату.
1 - топ: қаң..., би...,
2 - топ: жұм..., қар...,
3 - топ: қо..., қа...,
10. Үлкендерді сыйлау туралы қандай тақпақтарды білеміз?
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезіңде,
Сыйлы болмақ өзі де.

11.«Ия - жоқ»ойыны.
1. Алфавитте 42 әріп бар. Ия
2. Дыбыстар 4 - ке бөлінеді. Жоқ
3. Бала. 1буынды сөз. Жоқ
4. Дауысты дыбыс қанша болса, сонша буын болады. Ия
5. Дауыссыз дыбыстар буын құрайды. Жоқ
6. Дауысты дыбыстар 2 бөлінеді. Ия

ІҮ. Қорытынды.
- Біз не білдік?
- Біз нені біліп, үйрендік?
- Нені білуіміз керек?

Ү. Бағалау. Мадақтау.
ҮІ. Үй тапсырмасы: Тымақ мәтінін мазмұндау
6 124
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Буын
Буын
Буын туралы түсінік беру; оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту; шығармашылыққа баулу, сауатты жазуға, жауапкершілік пен ұқыптылыққа баулу.
Тымақ. Буын
Тымақ. Буын
Сөздердегі дауысты дыбыстарға қарай бөлінетін буынмен таныстыру. Сөздерді буынға дұрыс бөлуге, дұрыс оқуға үйрету.
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Буын. Не деу керек?
Буын. Не деу керек?
Шымкет қаласы, №78 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шынғысбаева Базаркүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×