Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мысық мүсіні

05 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Еңбекке баулу
Бөлімі: Ермексазбен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Мысық мүсіні
Сабақтың мақсаты: 1) Бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін меңгерту. Жұмыс орнында материал мен құралдарды дұрыс орналастырып, қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың іске деген икемділігін, шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.
3) Мысық мүсінін жасау барысында адамгершілік тәрбие беру.
Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері (сурет салу тәсілдері), ана тілі (өлең оқу), тіл дамыту (ой шақыру).

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Балалар біз өткен сабақта қандай жұмыс жасадық?
- Көлдегі аққу мүсінін жасадық.
- Аққу қандай құс?
– Балалар, бүгін біз ермексазбен жұмыс жасауды жалғастырамыз. Гном бізге ермексаздан «Мысықтың» мүсінін жасауға көмектеседі.
Қауіпсіздік ережесі
– Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолыңды сулап отыруды ұмытпа. Сонда ермексаз қолыңа жұқпайды. Қолыңды жұмыс кезінде аузыңа салма. Айналаңды ұқыпты ұста.

II. Жаңа сабақ
1. Ой ашар
Біз мысықты күнделікті көріп жүрміз. Олар ойынқұмар. Әжеміздің жібімен ойнағанды ұнатады. Одан қалса, пырылдап ұйықтағанды ұнатады. Біз бүгін мысық мүсінін жасаймыз.
- Мысық қандай хайуанат екен?
–...
– Мысық туралы не білеміз? Ойланайық. (оқушылардың мүмкін жауаптарын толық тыңдау).
1. Жұмысқа қажетті материалдарды түгендеу
– Сонымен, біз ермексаздан мысық мүсінін жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «шұжық тәрізді» созу әдістерін үйренеміз. Қажетті материалдарды тыңдайық.
Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш,, тақтайша немесе қатырма қағаз., су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
– Балалар, құрал - жабдықтарымыз түгел ме? Тағы бір түгендеп жіберейік: ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне реттеп қоямыз. Ұқыпты бол!

2. Түсіндіру
Мысық мүсінін жасау үшін ермексаздың үш түрін біріктіреміз.
Үш түрлі ермексазды жұмсартып, илеп, үш бөлікке бөлеміз.
1 - ші бөлігі үлкен болсын. Ол денесі болады.
2 - ші бөлігі орташа, ол басы мен құйрығына кетеді.
3 - ші бөлігі төрт аяғына кетеді.
Мүсіндеуді денесінен бастаймыз.
- Алдымен дөңгелектеп шар жасаймыз
- Содан кейін сұқ саусақпен шардың ортасынан басамыз.
- Міне денесі дайын болды.
- Екінші бөліктен бас болатындай бөліп алып, дөңгелетіп бас пішінін шығарамыз.
Үш саусақтың көмегімен тұмсығын шымшып созамыз.
Екі құлағын да осы әдіспен шығарамыз.
Басы да дайын болды.
Үшінші бөліктен мысықтың аяқтарын созамыз. Аяғы төртеу. Сондықтан бөлікті тең төртке бөліп созып, жарты доға етіп иеміз.
Аяқтары да дайын. Қалған кесек ермексаздан құйрығын созамыз
Жасалған мүшелерді бір - бірімен біріктіреміз.
- Алдымен денесі мен басын
- содан кейін аяқтарын, құйрығын біріктіреміз. Біріккен жерлерді саусақ ұшымен тегістейміз. Саусақтарыңды сулап отыруды ұмытпа. Енді мысығымызды әрлеу ғана қалды. Оған көз және мұртша жапсырамыз.
Сергіту сәті: Мысық әні
IV. Оқушылардың сарамандық жұмысы
Оқушылар түсіндіру негізінде жұмыс жасайды. Мұғалім жұмыс жасауда қиналған балаларға барып көмек көрсетіп, нұсқау беріп отырады. Ермексазбен жұмыс істеу кезінде қолды сулап отыру ескертіледі.
Жұмыс аяқталған соң, балалар кімнің жұмысы әдемі болды, кімде кемшілік бар, оны қалай түзетуге болатынын айтады. Басқа жұмыстармен салыстырады. Қиялыңдағы мысық шықты - ау деймін.
Мен де қуаныштымын. Жарайсыңдар.

V. Жаңа түсінікті сабақта қолдану
– Мысық туралы өлең білесіңдер ме? Қазір мен сендерге өлең оқып беремін. Мұқият тыңдайық. Өлең қандай көңіл күйде жазылғанына назар салыңдар.
(Өлең оқылып біткен соң, балалардың мысықтың пайдасы туралы, оны қорғауы керектігі айтылады).
- Олай болса, өз мысықтарыңның бейнесін салып көріңдер. (Мұғалім балаларды мадақтап отырады).

VI. Қорытындылау
– Балалар, біз бүгін не үйрендік?
–...
– Не білдік?
–...
– Ермексаздан мүсінді қалай жасауға болады екен? Ермексазды созудың қандай тәсілдерін үйрендік?
–...

VIІ. Бағалау
Балалар өз жолдастарының еңбегіне баға береді. Әдемі жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
VІIІ. Актуализация
– Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неге?
(пікірлерін тыңдау).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
47 466
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Мүсін өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
Оқушылар мүсін өнері жайында мағлұмат алады. Жемістердің мүсін жасап үйренеді. Оқушылардың сыни ойлауы, қиялы артады. Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс бейнелеуге үйренеді.
Алтын балық
Алтын балық
Ермексазды есу, шымшып созу және жалпақтау тәсілі арқылы балықты мүсіндеуді үйрету
Ойыншықтар дүкені
Ойыншықтар дүкені
Әр ойыншықтың атын, түсін, пішінін ажыратуға үйрету. Көңіл - күйлерін көтеру. Балаларды біріңғай заттарды сенсорлық белгілерін көлемін, пішінін, түсіне қарай байланыстыра, топтауды үйрету. Сөз қорын дамыту.
Екі заттан құрылған натюрморт
Екі заттан құрылған натюрморт
Мүсін өнері туралы білімдерін кеңейту. Мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру. Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ой – қиялдарға және шығармашылық ізденістерге баулу.
Үйрек балапанының мүсіні
Үйрек балапанының мүсіні
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Үй жануарларын мүсіндейік
Үй жануарларын мүсіндейік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің Мұғалімі Дүсіпов Темір
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×