Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарларын мүсіндейік

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндейік.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды үй жануарларын мүсіндеу әдістерімен таныстыру.
Жануарлардың дене мүшелерінің қозғалыстағы қалпын бере алуға үйрету.
2. Эстетикалық қабылдауларын дамыту, халық өнер шеберлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Қарапайымнан күрделі заттарға дейін мүсіндеу дағдыларын қалыптастыруға әрекет ету.
Сабақтың құрал - жабдықтары: ермексаз, су, сүрткіш, тақтайша фотосуреттер, жануарлар туралы
слайдтар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мүсіндеу, тексеру, т. б.
Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа қатысын, сабаққа даярлығын тексеріп өту.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеріп өту, бағалау.
3. Жаңа сабақ.
Оқушылар жануарлар туралы бейнеленген фотосуреттерді, түрлі слайдпен әзірлеген жануарлардың қимыл үстіндегі суреттерін көріп шығады.
Өткен сабақты естеріңізге түсірейік. Төрт түлік малды есімізге түсірейік?
- Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе.
- Мына жұмбақты шешіп көрейік.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Түйе.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.
Қой.
- Балалар қазір сіздерге төрт түлік мал туралы мынандай өлең шумақтарын оқып берейін, сіздер жақсылап тыңдай қойыңдар. Мақсатым: жануарлардың кейпін есте сақтау.
Төрт түлік малдың ең жүйрігі жылқы төлі – құлын жайында М. Әлімбаев атамыз былай
жырлаған екен.
Құлыншақ.
Бұлшық етің бұлтыңдап,
Қолды – аяққа тұрмайсың.
Құндыз түгің жылтыңдап,
Желден оза зырлайсың
Асыр салып көп ойнап,
Ақсап қалдың құлыншақ.
Жүрмейсің бе абайлап,
Болмасаңшы ұрыншақ..
Балалар түрт түлік малмен бәріміз таныспыз. Сонымен бірге үй жануарларының күзетшісі,
сақшысы итті де білеміз. Ол адамның досы, балалардың сүйкімді төрт аяқты досы иттің мүсінін
салып көрейік. Тақырып: « Менің күшігім.»
Ермексазды жұмсарту, тұтас бөлікті созу арқылы ит мүсінін жасауға кірісу.
Созу, жалпақтау, жұмырлау әдістері.
Ит туралы мүсіндеу қиын болмау үшін иттің суреті бейнеленген суретші шығармаларының
фото суретін тақтаға іліп қою.
Мүсіндеу кезінде түрлі кейпін көз алдарына елестету. Ол үшін мына өлеңді оқып беру.
Тыңдай отырып, елестету арқылы мүсіндеу.

Ақ күшік.
Итаяқтан ақ күшік
Жуындыны жатты ішіп.
Мысық келіп жанына:
- Бар ма?- деді, тағы да.
- Баррр, беррр - мейміннн біррр – ақ та!-
Деді күшік ұнатпай.
«Дос болыппын текке!»- деп,
Қалды мысық өкпелеп.
Естеріңде болсын! Итті дұрыс мүсіндеу үшін, оның дене құрлысын, бас аяқ, т. б. Бөліктерінің орналасуын, қозғалған кезде өзгеруін білу маңызды.

Практикалық жұмыс.
IY. Сабақты қорытындылау.
1. Ит адамға қандай қызмет көрсетеді?
2. Иттің қандай түрлерін білесіздер?
3. Олар қалай аталады, дене бітімдері қандай?
4. Мүсіндеу кезінде бірінші қай мүшесі жасалады?

Y. Бағалау.
Барлық жұмыс тақта алдына әкелінеді, оқушылар өздері бағалайды.
YI. Үйге тапсырма.
Қозғалыстағы иттің тағы қандай түрін мүсіндеуге болады?
22 603
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары.
Үй жануарлары.
Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Жануарлар әлеміне саяхат
Жануарлар әлеміне саяхат
Мақсаты: 1. Жануарлардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Негізгі топтарымен (үй жануары, жабайы жануарлармен) таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×