Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі заттан құрылған натюрморт

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің
Бейнелеу өнері және технология, сызу пәндерінің мұғалімі
Балмұханов Нұрболат

Тақырыбы: Екі заттан құрылған натюрморт
Мақсаты: Білімділік: Мүсін өнері туралы білімдерін кеңейту. Мүсіндердің жасалу жолдарын, оның заңдылықтарын есте сақтай отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ой – қиялдарға және шығармашылық ізденістерге баулу. Оқушылардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын оятып, іскерлік пен шеберлікке баулу.
Тәрбиелік: Сабақ үстінде таза, ұқыпты, ермексазбен еңбек етуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық тапсырма
Көрнекілігі: Жемістер мен көкөністер бейнеленген фотосуреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, жұмбақтар, ермексаздар, тақтайша, таяқша, сүлгі.
Құрал - жабдықтар: Мұғалім үшін: көрнекі материал - жемістер мен көкөністер суреттері, презентация, жұмбақтар.
Оқушылар үшін: ермексаз, тақтайша, таяқша, сүлгі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал – жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы.
- кемпірқосақтың түсі нешеу?
- кескіндеме өнері дегеніміз не?
- суға жақсы еритін мөлдір бояу?
- бейнелеу өнерінің түрлерін атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақтарды шешу.
1. Аппақ ас мұзы бар,
Балалар қызығар. (балмұздақ )
2. Тағамдардың асылы
Қуат берер күші бар. (нан)
3. Аппақ сұйық
шөлің қанады
ішсең құйып. (сүт)
4. Сүзбеден не дайындаймыз? (құрт)
5. Сұйық еді аппақ
Бауырдай болып қалыпты
Ішсең дәмді тәтті – ақ. (айран)

Мүсін өнері. Мүсінді «Скульптура» деп те атайды. Латынның «Sculptura, sculpo»- шекимін, қашаймын деген сөзі.
Мүсін – әр түрлі материалдармен кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
Мүсіндеу өнері – көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі. Мүсіндеудің түрлері: жұмыр мүсіндеу және рельеф. Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады. Ал рельеф – мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі. Біз оны әртүрлі тиын ақшалардан кездестіре аламыз. Мүсін жасауға қажетті материалдар: ермексаз, тас, ағаш, гипс, т. б.
Натюрморт – француз сөзі, өлі табиғат деген ұғымды білдіреді. Натюрморт негізінде ХVІІ ғасырда Голандияда кеңінен дамыды, ол кездерде мыс заттардан құрылған натюрморттық композициялар болды.
Натюрморт екі топқа күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа 1 немесе 3 заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделіге бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.
Натюрморт – жансыз денелер мен заттардан бейнелейтін көркем шығарма.

ІV. Сарамандық жұмыс. Оқушыларға жемістердің мүсінін жасау жолдары туралы видеоролик көрсету және мүсіндерін жасату.
Ермексазбен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
* Ермексазды ауызға салмау;
* Жұмыс орныңды таза сақтау;
* Жұмыс аяқталған соң, қолды жуу.

V. Сергіту сәті. Мына шаршы ішіне жасырынған бес сөзді тап.
* К Е Г Ф И
М Ү С Р А К
І С К І Н А
Н Е М Е Д Т
Д Н Й С Л Е
И З А Ә У *

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Мүсіндеу дегеніміз не?
2. Мүсін өнерінің қандай түрлері бар?
4. Жұмырлы мүсін дегеніміз не?
5. Мүсіндер қандай материалдардан жасалады?

VІІ. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп шығу және сабаққа жақсы араласқандарын бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма. Жемістердің мүсінін жасау.

Толық нұсқасын жүктеу
6 370
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы
Жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдалана білу. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
Қазақ мүсін өнері. Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев туындылары
Қазақ мүсін өнері. Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев туындылары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Көкөністер мен жемістер
Көкөністер мен жемістер
Қызылорда қаласынының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледж оқытушысы Менликулов Нур Машарапович
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов Пәні: Бейнелеу Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері Сабақтың мақсаты: а) білімділік: мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру, мүсіншілердің көркем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×