Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды. Өтебай Тұрманжанов

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жолаушыдан жолаушы жолын болсын сұрайды. Өтебай Тұрманжанов.
Мақсаты:
І. Білімділігі.: «Жолаушыдан жолаушы жолын болсын сұрайды» өлеңінің мазмұны мен идеясын аша отырып, талдау, зерттеу жұмыстары арқылы өмірімен байланыстыруға мүмкіндік беру.
ІІ. Дамытушылық: Өлең тіліне мән бере отырып, топтық жұмыстар барысында тақырып мазмұны төңірегінде сыни тұрғыдан ойлана отырып, ой - өрістерін дамыту, сөз байлықтарын, өз ойын анық жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
ІІІ. Тәрбиелік: Өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету жолы тек еңбек қана екендігін ұғынуға жол салу, оқушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, қонақжайлылыққа, өз халқының ерекшеліктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау - жинақтау, пікірталас, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары.
Көрнекілігі: қима қағаздар, ребустар, тапсырмалар, ағаштың суреті, ақыл тақтасы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың көңілін, назарын сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
Оқуға шақыру. Психологиялық дайындық өткізу.
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір ісім – үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір күнім – бірлік, тірлік, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, достық, адамдық!
Оқушылардың сабаққа жұмыстарын ұйымдастыру:
- Оқушыларды топқа бөлу. Таңдаған суреттері бойынша топтарға бөліп отырады.
- Топ басшыларын тағайындау. Топ басшыларының міндеті жайлы айтып кету.
- Бағалау парақтарының толтырылуы туралы топ басшыларына түсінік беру.
- Топ атын ребустарды шеше отырып анықтау:
І - топ – Өнерпаздар, ІІ - топ – Білгірлер, ІІІ - топ – Алғырлар, ІҮ - топ – Тапқырлар.
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру/ Жалпылау

Үй тапсырмасын тексеру үшін әр топқа тапсырмалар беріледі:
1 - топ: Тақырып бойынша мақал - мәтелдерді жазып, мазмұнын түсіндіру;
2 - топ: «Балықшының мейірімі» жайлы әңгімелеу;
3 - топ: «Балықшы мен бақалшының» мінез - құлықтарын салыстырып, Веен диаграммасын құру.
4 - топ: «Балықшының қылығы» жайлы балық сүйегі сызбасын толтыру.
Әр топ ортаға шығып, жұмыстарын қорғайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
- осы ертегіден қандай жағымсыз мінез - қылықтарын байқадыңдар?
- ал жағымды ше?
- барлығын қорытындылай келе ең маңызды қасиет қандай деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- амандасу не үшін қажет?
- қандай жағдайларда амандасамыз?

ІҮ. Мағынаны ашу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, сұрақтар қоя отырып, мазмұнын талдау.
Амандасудың қандай түрлері болады?
Сәлеметсіз бе? Сәлеметті болыңыз! Аман саусыз ба! Аман сау болыңыз! Аман - есенсіз бе? Бала - шағаңыз, мал жаныңыз аман ба? Сізге амандық тілеймін. Ассалаумағалейкум! Уағалейкумассалам! Сізге де амандық тілеймін.
І. Қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрі.
ІІ. Әже мен қыз баланың сәлемдесу түрі.
«Жол болсын» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Ақын дұрыс сәлемдесудің қалай суреттейді? Өлеңнен тауып оқы.

Сергіту сәті:
- Адамның көңіл - күйінен түріне қарап білуге бола ма?
- Олай болса, мен сіздерге қазір адамның көңіл - күйлері туралы оқимын. Ал сендер бұл қандай көңіл - күй екендігін анықтап қана қоймай, сол көңіл - күйді ым - ишарамен көрсетулеріңіз қажет.
Балалар, сендерге қандай көңіл - күймен қарағанда ұнады? Неліктен?
Олай болса, әрдайым күліп, адамдарға қуанышымызды білдіріп, күндей жайнап жүрейік. Жарай ма балалар!
Топпен жұмыс: топ бойынша тапсырмалар беру.
1 - топ: Амандасудың жаңа түрлерін ойлап шығару.
2 - топ: Амандасу түрлері бойынша кластер толтыру.
3 - топ: Тақырып бойынша көрініс қою.
4 - топ: Тақырып бойынша бес сұрақ жазу.
Оқушылар жұмыстарын ортаға шығып, қорғайды.

ҮІ. Ой толғау.
«Пікірлер ағашы» ойыны бойынша, оқушыларға таратылған жапырақтарға сабақтан алған әсерлері мен пікірлерін жазады.
ҮІІ. Үй тапсырмасы. 63 - 65 бет өлеңді жаттау. Тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдер жазып келу.
ҮІІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып, білімдерін бағалау.
8 272
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»
Табиғаттың адам өміріне, жан -жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат. 1 тоқсан 36 сағат Ұзақ мерзімдік жоспар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды. Ө. Тұрманжанов
Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды. Ө. Тұрманжанов
Әр елдің салты басқа. Басқа елдердің амандасу түрлерін көрсету. Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×