Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды. Ө. Тұрманжанов

30 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды. Ө. Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:
1. Өлең мазмұнымен идеясын аша отырып, өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
2. Өлең тіліне мән бере отырып, талдау, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту.
3. Халқымыздың салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпын, мәдени ерекшелігін балалардың санасына сіңіру, ойландыру. Адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, плакат, бор, маркер, «Инсерт» кестесі, т. б.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Әр елдің салты басқа. Басқа елдердің амандасу түрлерін көрсету. Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ – адал, таза екенін білдіру.
Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек.
Қауышып, амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыздар бір – бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?», «Есен – саусыз ба?» деп амандасады.
Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың нұры жаусын» - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкумассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді ұқтырады.

Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады. Сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жапондарда ондай тәлім етудің – басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілу сияқты түрі бар. Осыған ұқсас сәлем беру әдеттері біздің халықта да кездеседі. Мәселен, қазақ келіндері қайын ата мен енелеріне, үлкендерге тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем салады.
Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Ол «Басымыз аман болсын» дегені.

Ерте кезде Қытайда дос – жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты.
Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады, оң, сол маңдайларын түйістіреді.
Сәлемдесуден кейін хал – ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әрі басқа қалыптасқан жора – салттар бар. Мысалы, орыстар: «Денсаулығыңыз қалай?» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар «Қалай, сіз терлейсіз бе?» дейтін болған. Гректер «Қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен.

№175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі: Нурбекова А. А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
43 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат. 1 тоқсан 36 сағат Ұзақ мерзімдік жоспар
Сөз атасы. Даярлық сәті
Сөз атасы. Даярлық сәті
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернат КММ» 6 А сынып тәрбиешісі Жунусова Айткул Есеновна
Сөз анасы - сәлем
Сөз анасы - сәлем
Атырау обылысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы бастауыш сыныптың мұғалімі
Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды. Өтебай Тұрманжанов
Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды. Өтебай Тұрманжанов
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі мұғалімі Ержанова Жазира Төлегенқызы
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектеп психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Сәлем түзелмей әлем түзелмейді
Сәлем түзелмей әлем түзелмейді
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×