Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөздер

01 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға біріккен сөздердің жасалу жолдарын, түрлерін меңгерту, күрделі сөздер түрлерінен, ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: Есте сақтауға, ой өрістерін, ынтасын, танымын, зейінін, қызығушылығын арттыру, іздендіру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, жинақылыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме кеспе қағаз, ребус, топ аттары, кесте, біріккен сөздерге байланысты «Таңғажайып табиғат» суреттері, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, баяндау, СТО стратегиялары.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын, сынып тазалығын тексеру, топқа бөлу: «Атамекен», «Жерұйық», «Жұмбақтас» ІІ. Психологиялық қызығушылықты ояту. – Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Үлкенді сыйлаймыз
Кішіні жақтаймыз
Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн деп, қонақтар
Сәлемдесіп аламыз
Қайырлы күн болсын!
Әрқашан күніміз сәтті болсын!.

II. Үй тапсырмасын сұрау. Ереже: «Күрделі сөз»
III. Жаңа сабаққа дайындық.
1 - слайд.
Сөз тұлғасына қарай
↓-----------------↓
Түбір-----Қосымша
--------------↓---------↓
---------Жұрнақ Жалғау
2 - слайд. Сөз құрамына қарай Дара, күрделі біріккен, қысқарған, қос сөз, тіркесті
Түбір
Туынды
Күрделі сөз
Сызбамен жұмыс.
- Олай болса, ертегіні есімізге түсірейік. Ерте, ерте., ертеде «Сөзстан»деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты - «Күрделі сөз». Оның үш ұлы болыпты. Сол ақсақалмен бірге бізге тағы бір ата келіпті. - Ол атай бізге көптеген тапсырмалар әкеліпті. - Ал біз бірігіп тапсырмаларды орындасақ кім екенін сабақ соңында білеміз.

IV. Дәптермен жұмыс Күн жадын жазып, Суретті диктант жазамыз. Алма+жан, Айна+гүл, Ай+дос, ит+мұрын, түйе+құс, тас+бақа, тоғыз+құмалақ, алты+бақан, шаң+қобыз. Осы сөздерді сөз құрамына талдайық. Оқушылар талдап екі түбірден тұратынын айтады.
Мұғалім:- дұрыс, сол ақсақалдың «Біріккен сөз» ұлы ынтымақта, бірлікте бақытты өмір кешіпті. Балалары да тату болып, бір - бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен.

V. Жаңа сабақ. Біріккен сөздер. Көкжиек, шекара, аққұтан, Көкжиек - таңертеңгі мезгіл, ашық аспан аясы. Аққұтан - денелі, аяғы ұзын, топшасында әдемі қауырсыны бар жыл құсы, Бұл сөздер екі түбірден құралған.
екі түбірден құралғанмен, бір ғана мағынаны білдіреді.
Бұл – біріккен сөз, өйткені
Бір ғана сұраққа жауап береді
Ереже: Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Олар бірігіп жазылады: алабота, балқарағай.

VI. Оқулықпен жұмыс 33 - жаттығу, 77 - бет Ауызша сөздерді оқып, түбірлерін анықтау
Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық, Жетіқарақшы, шекара.
Әр сөз неше түбірден құралған?
Бұзаубас – басы үлкен, алдыңғы аяқтарымен жер қазатын түсі сары қоңыз.
Егеуқұйрық – ауылшаруашылығына зиянды, тұмсығы сүйір, құйрығы ұзын сұр тышқан.

VІІ. Топтық жұмыс І - топқа - таратылған қима қағаздарда берілген сөздерді құрастыр
ІІ - топқа - Білетін шөптердің атын тізіп жазыңдар
ІІІ - топқа - Ой сергіту тапсырмалары
1. Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп.(----)
2. Аяғы түйеге ұқсайды, құс болса да ұшпайды.(-------)
3. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі тамақ пісіретін ыдыс.(-------)
4. Үй жануарының бірінің аты және сезім мүшесінің атымен бірігіп айтылған сөз.(-------)
5. Бірінші түбірі - сан, екінші түбірі - дене мүшесі, үшінші түбірі - онсыз ас дәмсіз.(---------)
6. «Көмір кені»аталған қала?(---------)
7. Қазақтың ұлттық ойыны. (-------)

VIІІ. «Қошеметтеу» ойыны. Біріккен сөздерді естігенде қол соғамыз.
Тоғай ішіндегі барлық құстар жиналып, бейбітшілік жайлы сайрай бастады. Бұл мерекені құс төресі аққу басқарды. Шағын алаң құстарға сыймай кетті. Бұлбұл мен көкек те, үйрек пен қаз да, бөдене мен бұлдырық та, аққұтан мен көкқұтан, бірқазанға дейін келді.
IX. Сергіту сәті Егер көңілді болсаң.... Балалар менде сендермен қатар көңілді болып тұрмын, ал бізге келген қонақ кім екенін көргілерің келе ме? Олай болса, көрейік. Кім екен?- Аяз ата. X. Шығармашылық жұмыс. Шағын мәтін құрастырайық. «Жаңа жылдық шыршада». Ішінде біріккен сөздері бар сөйлемдер болатын болсын.
XІ. «Ойың жүйрік, тілің жүйрік болса егер, тауып көр» ойыны. Біріккен сөздерден аңдар құстар жер - су аттарын жаз

XІІ. Үй тапсырмасы.
«Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме құрап жаз.
XIІІ. Оқушыларды бағалау
9 114
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы ұғымын таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Біріккен сөз
Біріккен сөз
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×