Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Делбегетей тауының аңызы. Тарихи - дастан

10 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Батырлар
Шығармаңды жұрт оқыса айып па?
Рахмет айтам қабылдаған "сайтқа"!
Плагиаторлардан алла өзі сақтасын,
Жолын тауып жібермесін ғайыпқа.


БЕКЖАН БАТЫРДЫҢ 300 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЙМЫН (1709 - 1730 ж. ж.)

АЛҒАДАЙ 1
(Делбегетей тауының аңызы. Тарихи - дастан).
Ақ Орда ыдырап, далада жаңа атаумен жеке мемлекеттер құрыла бастаған ХҮ – ХҮІІІ ғасырлар шамасында кешегі кең байтақ Ұлы Далада ондаған көшпенді тайпалардың арасынан әлеуметтік - тұрмыстық формациясы бірыңғай, салты бөлек, түрік тектес қандастардың ішінен, жеке халықтық тірлігімен ерекшеленген, көшпенділік ( номадтық) ғүрып кешкен қазақ - қалмақ әлеуметтік топтары көрші елдерге кең таныла бастаған. ХІІІ ғасырдан бастап ойраттар (қалмақтар) Алтай тауын, Ертіс жағалауын мекендеп қазақлық ғұрып кешкен Найман, Керей тайпаларының жерін жайлап, келе - келе Жетісу бойындағы тайпалармен араласа қоныстанып, бойларын үйрете бастайды. Уақыт өте келе Батыр қоңтайшының басқаруымен құрылған әскери - феодалдық мемлекет қазақ жеріне қызыға көз алартып, қазақ еліне иек астынан қарап, «есіктен кіріп, төр менікі» ыңғайын танытқан кездері орын алған. Ауылдары аралас, малдары қоралас екі халық ішінен қалмақтар қазақ жұртына көрсеткен небір жәбірлерін қалыпты жағдайға санауын орнықтырады. Еуропада Илоттарды басынған Спарталардың үстемдік көрінісі Алаш жерінде де орнығады. Тіпті қазақ жеріндегі елді мекендерге өз батырларының атын қоюды да жөн санаған. Жүзден мысал: Жетісу жеріндегі Алмалық қаласының (Алматы қаласының маңы) төрінен Қаскөлең, Шамалған батырларының есімін қалдыруы, Барқытбел тауын Тарбағатай атандыруы,, Ертіс бойындағы Қара тауға Қалба батырларының есімін қалдыруы, Ертіс өңірінде Доржыкент салынуы т. с. с. ондаған атаулар (Жоңғар хандығының жер бетінен жойылуына да көрінген болар. Біздің қазақ мұндай дәрежені әлі күнге ар санайды.). Қалмақтың есімімен біздің аймақтың өңірінде Қызыл су, Шар бойында Делбегетей тауы да аталған екен. Оның тарихын қазақ ауыз әдебиеті мынадай етіп жеткізеді:

Қазақтың еркін өскен төл баласы,
Ұш Жүздің ешкімнен жоқ еш аласы.
Жәнібек, Керей, Қасым хандарынан,
Қалған ғой мұра болып кен даласы.
Кең заман еді шіркін, аспа да төк,
Лақ сұраса тай беретін қарыны тоқ.
Алаңсыз қазақ елі қонақжайлы,
Жауды да жау санауға көңілі жоқ.
Далада иен жатқан сұрауы жоқ,
Сырты түк, ішін көрсең ылауы боқ,
Мыңғырған көп малының санын білмес
Барымта - Қарымтаны көзге ілмес.
Жаз жайлауға шыға қалса жадырайды,
Мал садақа болғанымен, жаны қайғы.
Ұлағатты ұлдары батыр болып,
Қыздарын қия жерге де ұзатады.
Қырғыз, Хиуа, құдасы боп жатсынбаған,
Жансауға сұрағанды қарсы алған,
Сырттан келген кірмені де бағалаған.
Даланың өз заңы бар сараланған.
Құдаменен төс қағысса есен болған,
Мәртебесі бұдан артық неден болған.
Дала заңы осыны құрметтеген,
Зорлықты қазақ халқы көтермеген.
Еркіндікпен, дала салтын ұққан да бар,
Дүр мінез, қуыс кеуде надан да бар.
Ұр да жық мінезімен батыр болып,
Әумесердің кей кезде жолы болған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 100
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі Конспект 15 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы серпіліс хандық өкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Жетісу аймағындағы ру - тайпалар Орталық Қазақстанға, Орта
Наймандар, керейіттер, жалайырлар
Наймандар, керейіттер, жалайырлар
Наймандар, керейіттер, жалайырлар Конспект Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты Конспект Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік - шығысында Қытаймен, оңтүстік - батысында парсылармен шектесіп жатты.
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Тәуелсіздік тәтті сөз
Тәуелсіздік тәтті сөз
Астана қаласы, №36 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Тұрсынхан Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×