Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының құрылуы

11 мам 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
Қазақ хандығының құрылуы
Конспект
15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс тепкен. Керейлердің мекені – Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі, Обь және Тобыл өзендері аралығы. Қаңлылар Қаратау бауырын, Сырдария мен Жетісу өзендері бойын мекен еткен. Дулаттар Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде тұрған. Жалайырлардың мекені – Қаратау, Сырдария бойы, Жетісу. Үйсіндер Жетісуда қоныстанған. Қазақ хандығының іргесін нығайтып, күш - қуатын арттыруға, ірі, дербес мемлекетке айналдыруға бағытталған іс - әрекеттер қазақ қоғамының билеуші топтарының мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы, Қаратау баурайындағы, Сырдария бойындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі тайпалардың көпшілігі 15 ғасырдың 40 - 50 жылдарынан бастап Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. 15 ғасырдың басында Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Керей мен Жәнібек Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465 - 1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі аумағы Қозыбасы мен Шу аймағы болған. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт тайпалары болды. Қазақ хандығының алғашқы қарым - қатынас жасаған елі деп Моғолстанды айтамыз. Қазақ хандары қырғыз халқымен де өзара тату тұрған.
Конспект сұрақтар
1. Керей мен Жәнібектің қазақ тайпаларын бастап, көш бастаған бағыты:
2. Қазақ хандығы құрылды:
3. Жәнібек ханның қоныстанған жері:
4. 15 ғасырда Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерде мекендеді:
5. Қаңлылардың мекендеген жері:
6. Қазақ хандығының алғашқы қарым - қатынас жасаған елі:
7. Жәнібек ханның баласын өздеріне хан ету үшін сұраған көрші ел:
8. Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне тайпалардың топтасуы басталды:
9. Моғолстанның қай ханы Керей мен Жәнібекке Жетісудың батысынан жер берді:
10. Қай тарихшының еңбегінде Қазақ хандығының құрылуы жөнінде мәліметтер кездеседі:
11. «Тарих - и Рашиди» еңбегінде қай хандықтың құрылуы жайында мәліметтер кездеседі:
12. М. Х. Дулати еңбегінде Қазақ хандығы қай жылдары құрылған деп көрсеткен:
13. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай мемлекеттен бөлініп шықты:
14. «Шаруалардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелер» қай жылы қабылданды:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 917
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы білім дағдысын қалыптастыра отырып, патриоттыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі) Конспект 15 ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы орда тіккен Жетісуға 200 мың адам қоныстанды. Бұл кең өріс - қонысты керек етті. Қазақ хандығы өз алдына тарихи міндеттерін қойды. 1)
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Әбілқайыр ханның 1457 жылы ойраттардан жеңілуі оның беделін түсірді. Осы жеңілістен кейін хан өзің қолдамаған сұлтандарды қуғын - сүргінге ұшырата бастады. Бұл жағдай Керей мен Жәнібек сұлтандарға да әсерін тигізді.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К. Мусаева
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Ақтау қаласы, № 9 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×