Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наймандар, керейіттер, жалайырлар

09 мам 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Наймандар, керейіттер, жалайырлар
Конспект
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч - білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10 - 12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад - Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9 - 13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.
Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды.

Конспект сұрақтар
1. Найман, керейіт, жалайырлардың көршілес тайпалары:
2. Керейіттерде сан жағынан басым болған мал түрі:
3. Найман, керейіт, жалайырларда ұлыстардың ішкі істерін жүргізуші:
4. Жалайыр тайпасының бөліктері:
5. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару жүйесі:
6. 1201 жылы өзін гурхан етіп жариялаған жалайыр тайпасының өкілі:
7. Жалайырлар туралы дерек қалдырған Әбілғазы ханның еңбегі:
8. Жалайырдан шыққан атақты ақын, шешен, әрі батыр:
9. Жалайыр тайпалары туралы мәлімет қалдырған деректер:
10. “Керейіттер мәдениеті өте жоғары болған…” деп жазған тарихшы:
11. Шыңғысханның керейіттерді басып алған жылы:
12. Керейіт мемлекетінің екіге бөлінген кезі:
13. Керейіт мемлекетінің шарықтау кезі:
14. Керейіттер жақсы қарым - қатынаста болған хандық:
15. Керейіт хандығының құрамындағы аймақ саны:
16. Керейіт тайпаларының қоныстанған аумағы:
17. Шыңғысхан әскерінен Күшлік ханның қашқан аймағы:
18. Қырғыз, меркіт, найман тайпаларының біріккен құрылтайы шақырылған жыл:
19. Наймандарға қарсы бірігіп, шабуылдаған елдер:
20. Наймандарды қарақытайлардың үстемдігінен құтқарған хан:
21. Найман мемлекетінің орталығы:
22. Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген тайпа бірлестігі:
23. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының Қазақстан өңірін қоныстана бастаған кезі:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
26 207
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Қарақытайлар (1125 - 1212 ж.)
Қарақытайлар (1125 - 1212 ж.)
Қарақытайлар (1125 - 1212 ж.) Конспект Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Орталық Азиядағы Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген қидан тайпалары. Қидандардың 10 ғасырда Батысқа жылжыған бөлігі мұсылман деректерінде
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
X – XIII ғғ мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар
Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сисенғалиева Люба Хамитқызы
Қарақытайлар
Қарақытайлар
ОҚО. Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, №83 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×