Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өркендер мен бүршіктер

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өркендер мен бүршіктер
6 - сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өркендер мен бүршіктердің құрылысына және қызметіне түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тірі табиғат туралы ақыл - ой, білім - біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, слайдтар.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау әдісі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Өткен материалдарды қайталау.

I. Жаңа сабақ:
Өркендер мен бүршіктер
1. Анықтама
1. 1. Өркен – жапырағы мен бүршігі бар жас сабақ.
1. 2. Дихотомиялы(айыр) бұтақтану кезінде екі еселеніп, екі өркен береді.
1. 3. Моноподиалды бұтақтану кезінде жоғары қарай өсуі шектеусіз және жанама біліктер өседі (шырша, самырсын).
1. 4. Симподиалды бұтақтану кезінде негізгі білігі өсуін ерте тоқтатады, ал жоғарғы жағынан жанама бүршіктер шығады(гүлді өсімдіктер).

2. Өркендерді жіктеу:
2. 1. Негізгі өркен - тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды.
2. 2. Жанама өркен - жанама қолтық бүршігінен дамиды.
2. 3. Қосалқы өркен - қосалқы бүршіктерден дамиды.
2. 4. Вегетативтік өркен - жапырақ пен бүршік түзеді.
2. 5. Генеративтік өркенде - репродуктивті мүшелер болады (гүл, жеміс, тұқым).

3. Өркендердің түр өзгерістері:
3. 1. Тамырсабақ - жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркені.
3. 2. Столон - ұзын жатаған өркен қабыршақты жапырағы болады.
3. 3. Түйнек - сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршігінен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік.
3. 4. Пиязшық - түрін өзгерткеншырынды, қысқарған жер асты өркен.
3. 5. Түйнекті жуашық - жуашыққа ұқсас өркен.
3. 6. Шөгір - түрі өзгерген өркен, жапырағы қорғаныш қызметін атқарады.
3. 7. Мұртшалар - түрі өзгерген өркендер, олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.

4. Бүршік - бастапқы өркен:
4. 1. Төбелі бүршіктер - өркеннің ең ұшындағы,
4. 2. Жанама бүршік - жапырақ қолтығында,
4. 3. Қосалқы бүршік - өсімдіктің кез - келген жерінде орналасқан

5 Бүршік түрлері:
5. 1. Вегетативтік бүршік - өркенде орналасқан, одан өркен мен бүршік шығады.
5. 2. Генеративтік бүршік (гүл бүршігі)- қысқарған өркенде орналасқан.

6. Бүршіктің ішкі құрылысы:
6. 1. Бүршіктің сыртын қалың тығыз қабыршақтар қаптайды.
Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.
6. 2. Бүршіктің ішкі ортасында ақшыл - сары түсті бастапқы сабақ болады.
6. 3. Гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай:
1. өсу бүршігі ұзарған өркенде орналасады, бастама сабақ, бастама жапырақ дамиды;
2. гүл бүршігі қысқарған өркенге орналасады, одан бастама сабақ, гүлшанақ - гүл, жеміс береді.

7. Қорытынды:
Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркен дамиды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 322
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдік ұлпалары
Өсімдік ұлпалары
Өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір - бірінен айырмашылығын түсіндіру.
Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан - жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты.
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіру. Адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.
Өркендер мен бүршіктер тақырыбына қайталау сабақ
Өркендер мен бүршіктер тақырыбына қайталау сабақ
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында: сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырма «Ой ашармен» бастау.
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×