Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өркендер мен бүршіктер тақырыбына қайталау сабақ

16 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өркендер мен бүршіктер тақырыбына қайталау сабақ

Қалыптастырылатын дағдылар:
- ақпараттарды басқару;
- бірлескен жұмыс;
- ойлау, проблемаларды шешу, шешім қабылдау.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында: сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырма «Ой ашармен» бастау.
Хат ішіндегі сұрақтар: Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Өркенің өссін», «Жапырағың жайылсын»- деп бата берген?

Диалогтық оқыту – арқылы «Ой қозғау» Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады? – деген ой тастай отырып, оқушылардан тиянақты жауап алу.
1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік? (Бұйыққан)
2. Тек ұзарған өркенде ғана орналасқан? (Өсу бүршігі)
3. Бір буын мен екінші буын арасы не деп аталады? (Буын аралық)
4. Бүршіктің сыртын не қаптайды? (қабық)
5. Оған бүршік, жапырақ, гүл бекінеді? (сабақ)
6. Өркеннің ең ұшында орналасқан?(Төбе бүршік)
7. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік? (Жанама)
8. Бүршіктің түсі қандай? (Қоңыр)
9. Өркен, бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі қалай аталады? (Буын)
10. Бастапқы өркен? (бүршік)
11. Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік? ( гүл бүршігі)
12. Жапырақтары мен жас сабағы бар жас шыбық? (Өркен)

Блум таксономиясы бойынша «Көпір» тапсырмалары арқылы төмендегідей сұрақтар бердім:
1. Өркен деген не?
2. Өркен қандай бөліктен тұрады?
3. Өркеннің қандай түрлері бар?
4. Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне жатады?
5. Бүршіктің қандай түрлері бар?
6. Төбе, қолтық, қосалқы, бұйыққан бүршіктер деп қандай бүршіктерді айтамыз?
7. Бүршіктен не дамиды?
8. Бүршік қайда бекінген? деген сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап берді.
«Түсіну» жүйесі бойынша «Менен — сұрақ, сізден — жауап» тапсырмасын оқушылар бір - біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.
Бір - біріне сұрақтар беру арқылы жауаптарын тыңдай отырып, пікірлерін толықтырып отырдым.
«Талдау» жүйесінде зертханалық жұмыс орындады. Зертханалық жұмысты орындау барысында жекеленген оқушылар зерттеп, талдап көз жеткізе білді.
«Жинақтау» жүйесінде тестілеуге арналған сұрақтар арқылы немесе өткен материалды еске түсіріп, ынталандыру үшін, жауапты ойлауға бағытталған, жинақталған білім мен ұғымды қалыптастыра отырып толықтырдым.
Сабақ барысында көшбасшы өзім және топ жетекшілері көшбасшылық қызмет атқардым. Топтар бойынша жетекшілер тағайындалды. Әр топ жетекшілері сайланып болғаннан кейін, бағалау парақтарын таратты. Бағалау парақтарын үлестіре отырып қалай бағалаулары керек екендігін айтып түсіндіріп өттім. Оқушыларға сабақ барысында оқушыларды тапсырмаларды жақсы орындағандарын қол шапалақтау отыратынымызды айтып отырдым.

1 - топ: Бүршікке сипаттама; 2 - топ: Бүршік түрлері; 3 - топ: Бүршіктің ішкі құрылысын әр топ бір — біріне барып түсіндірді.
Сабақ барысында оқушыларды ынталандыру мақсатында формативті бағалап отырдым. Соның ішінде сабақ барысында тапсырмаларды жақсы орындаған оқушыларды мадақтау, смайликтер беру арқылы бағалау. Топ жетекшісі сабақ басталғанда оқушыларға үлестірген бағалау парақтарын жинап алып, өзі топ жетекшісі ретінде оқушыларды әділ бағалады. Оқушылар сонымен бірге өз - өздерін бағалау. Формативті және жиынтық бағалаудың сабақ барысында оқушыларды әділ бағалауда маңызы орасан зор. Сабақ соңында оқушылармен бірге бағалауды бірге талқылаймыз. Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдар айта кетейін. БББ кестесі бойынша бағалау критерийлерін былай деп алдым:
— Барлық бағандағы карточкаларды толтыру — 1 балл
— Кем дегенде жоғарғы деңгейдегі 2 сұрақтың қойылуы – 4 балл
Оқушының көзқарас айтуы және оны дәлелдер келтіру шеберлігі — 5 балл
Сонда оқушының жинаған ұпайлары төмендегі шкаламен бес балдық жүйеге асады.
«5» – 10 - 12 балл;
«4» — 8 - 10 балл;
«3» – 5 - 7 балл;
«2» — 1 - 4 балл
6 699
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бүршік
Бүршік
Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып көктемгі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту. Отанын сүюге, табиғатты қорғауға, мақтан ете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіру. Адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту.
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың атқаратын қызметін, оның жалпы құрылысын оқушы санасына жете түсіндіру, оқушылардың ой - өрісін кеңейту, функционалдық сауаттылығын арттыру.
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Өркендер мен бүршіктер
Өркендер мен бүршіктер
Атырау қаласы, №3 орта мектептің биология пәні мұғалімі: Утепова Болған Мұхлесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×