Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экожүйелер құрылымы және қызметі

21 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Экожүйелер құрылымы және қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға экожүйелердің құрылымы және қызметі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, дүниетанымын, жеке тұлғасын, коммуникативтік біліктілігін дамыту;
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, өз ойларын айта білуге, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ортада қаламсап»
ІІІ. Жаңа сабақ:
ІV. Үй тапсырмасы
V. Бағалау

Үй тапсырмасын тексеру. «Ортада қаламсап»
1. Биотоп, биоценоз, биогеоценоз дегеніміз не?
2. Биотикалық қарым - қатынастар дегеніміз не?
3. Биоценоз құрылымы неден тұрады?
4. Биотикалық факторлар дегеніміз не?
5. Биоценоздың экологиялық құрылымы қандай?
6. Биоценоздың кеңістік құрылымы қандай?
Жаңа сабақ. Ассоциация
Экожүйе деніміз не?
Экожүйемен биогеоценозды салыстыру
Биогеогценоз зерттелетін нысанның құрылымын сипаттаумен шектеледі.
“Экожүйе” термині биогеоценоз ұғымының баламасы ретінде жиі қолданылады. Оны 1935 жылы ағылшын ботанигі А. Тенсли енгізді. Шын мәнінде екі ұғым да бірдей мағынаны білдіріп, бірін бірі толықтыра түседі. Мысалы, экожүйелер:
1) Энергия ағынын
2) Қоректік тізбектерді
3) Кеңістік пен уақытқа байланысты сан алуандық құрылымын
4) Эволюция мен дамуды, басқаруды
5) Құрам бөліктердің қарым - қатынасын қарастырады.
Экожүйе - экологияның функциялық бірлік өлшемі.
Ең бастысы ондағы құрамбөліктердің бір - бірімен қарым - қатынас жағдайында ықпал етуі.
Экожүйе моделі
Құрлық экожүйесімен су экожүйесінің құрылымын және атқаратын қызметін жан - жақты зерттеген орыс ботанигі В. Н. Сукачев одардың салыстырмалы түрдегі моделін сызбанұсқа түрінде көрсеттті.
Экожүйе жиынтығы
1. Абиотикалық компоненттер:
● Органикалық қосылыстар (нәруыз, көмірсу, липидтер)
● Бейоргани калық қосылыстар: су және минералды тұздар
2. Биотикалық компоненттер:
● Автотропты организмдер (продуценттер)
● Гетеротропты организмдер
(консументтер және редуценттер)
Экожүйедегі қоректік тізбек және энергия
Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік тізбектер қалыптасқан.
Барлық қоректік тізбектер бір - бірімен байланысты және тәуелді. Бір деңгейден екіншісіне, одан үшіншісіне өткен сайын зат және энергия беру жүзеге асады.
Экологиялық пирамида
Әрбір қоректік тізбекке өткен сайын азықтық биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратындығы анықталған. Бұл заңдылықты америкалық зоолог Ч. Элтон зерттеген. Сондықтан ол “Элтон пирамидасы” деп аталады.
Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар.
1. Сандық пирамида - организмдердің жеке сандық көрсеткішін анықтайды
2. Биомасса пирамидасы - белгілі бір көлем мен уақыттағы жалпы құрғақ салмақты анықтайды
3. Энергиялық пирамида - энергия ағынының қуатын немесе “өнімділікті” анықтайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 581
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Құрылымы күрделі теңдеулер
Құрылымы күрделі теңдеулер
Құрылымы күрделі теңдеулер шешуді түсіндіру, сол жақ бөлігін қарапайым түрге келтіру, белгісіз компонентті атау, белгісіз компонентті табу ережесін біледі.
Сүйектердің құрылысы, құрылымы олардың пішіндері, қызметі.
Сүйектердің құрылысы, құрылымы олардың пішіндері, қызметі.
Сүйектердің құрылысын, орналасу реттілігін, олардың пішіндерін, қызметін түсіну. Сүйектің маңызын түсінеді, ажырата алады.
Бірлестік. Экожүйе
Бірлестік. Экожүйе
Экологиялық терминдерді игеру дәрежесін және оларды түсінуді тексеру, боценоздар, биотикалық қарым - қатынас типтері және экожүйе туралы ұғымды қалыптастыру
Компьютердің құрылымы
Компьютердің құрылымы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×