Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Операциялық жүйелерді баптау

02 сәуір 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық жүйенің құрылымы»

Сабақтың мақсаты:
І.Білімділік: оқушыларға ақпараттық жүйе, ақпараттық жүйенің құрылымы туралы түсінік беру;
ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге қыщзығушылығын арттыру;
ІІІ. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жан – жақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың жабдығы: компьютер, кесте, слайд
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
ІҮ. Кестемен жұмыс.
Ү. Сабақты бекіту.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру: а) оқушыларды ТҚЕ мен таныстыру;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы: 1.3.-тақырып. Ақпараттық жүйенің ұғымы.
Бекіту сұрақтары:
1.Жүйе дегеніміз не?
2.Жүйелер қалай ерекшеленеді?
3.Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
4.Компьютер мен ақпараттық жүйелер арасындағы айырмашылық қандай?
5.Ақпараттық жүйедегі үдерістерді қалай топтауға болады?

ІІІ. Жүйе дегеніміз бір мезгілде біртұтас, әрі әртекті элементтердің жиынтығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген ұғым ретінде қарастырылатын кез келген обекті. Жүйелер өзара құрамы жағынан да, басты мақсаттары жағынан да едәуір ерекшеленеді.
Ақпараттық жүйе дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетуге орай ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістер мен жұмыскерлердің өзара байланысты жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің құрылымы қосалқы жүйе деп аталатын оның жекелеген бөліктерінің жиынтығын құрайды.
Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану жүйесіне қарамастан, қосылқы жүйелердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымы қамтамасыз етуші қосылқы жүйелердің жиынтығын білдіруі мүмкін.

Ақпараттық жүйелерді енгізуден нені күтуге болады?

Ақпараттық жүйелерді енгізу:
Математикалық әдістер мен интеллектуалдық жүйелерді енгізу есебінен басқару міндеттерін шешудің неғұрлым ұтымды нұсқаларын алуға және т.б.
Жұмысты автоматтандыру арқылы қызметкерлерді ескі көзқарастан арылтуға;
Қағазда жазылатындарды магниттік дискілерге немесе таспаға ауыстыруға, бұл компьютерде ақпаратты өңдеуді анағұрлым ұтымды ұйымдастыруға және қағаздарға жазылатын құжаттардың көлемін азайтуға жағдай жасайды;
Фирмадағы құжат айналымының жүйесі мен ақпарат ағындарының құрылымын жетілдіруге;
Өнімдерді өндіруге және қызмет көрсетулерге шығынды азайтуға;
Тұтынушыларға жоғары дәрежеде қызмет ұсынуға;
Жаңа нарықтың мүмкіндіктерін іздеп табуға;
Сатып алушылар мен жеткізушілерге әртүрлі жеңілдіктер мен қызмет көрсетулерді ұсыну есебінен оларды фирмаға тартуға жәрдемдесу.

Ақпараттық жүйелердің үлгілері:
Нарықтық мүмкіндіктерді іздеп табудың ақпараттық жүйесі;
Тауарлар ағымын жделдететін ақпараттық жүйе;
Өндірістегі іркілістерді төмендету бойынша ақпарат жүйесі;
Технологияны автоматтандырудың ақпараттық жүйесі.

ІҮ. 23-24 беттердегі 16,17,18 мысалдармен жұмыс жасау.

Ү. Бекіту сұрақтары:
1. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
2. ақпараттық жүйенің құрылымы дегеніміз не?
3. Ақпараттық жүйенің құрылымы қандай?
4. ақпараттық жүйелерді енгізуден нені күтуге болады?
5. Ақпараттық жүйелердің үлгілеріне анықтама бер.

ҮІ. Үйге тапсырма: 1.4.-тақырып. Ақпараттық жүйенің құрылымы.
ҮІІ. Оқушылардың алған білімін бақылап, сабаққа араласуын қадағалап, сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
8 895
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің түрлері
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің түрлері
Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.
Информатика пәні бойынша тест 10 сынып
Информатика пәні бойынша тест 10 сынып
1. Электр тогымен зақымданғанда көмек: A) токты ажырату B) көзге арналған жаттығу жасау C) жұмыс орнын ретке келтіру D) есепке алу журналына тіркеу E) дұрыс жауабы жоқ
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.
Программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.
Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйелерді баптау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×