Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салауатты өмір салты

16 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Салауатты өмір салтын насихаттау
Оқушылардың темекінің зиянды екеніне тәжірибе арқылы көздерін жеткізу.
Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арыттыр
Салауатты өмір салты
Биология пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арыттыру, білімдерін толықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 8 сыныпта «Тыныс алу мүшелері қызметінің бұзылуының алдын алу. Таза ауаның маңызы» тақырыбында сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Тыныс алу мүшелері қызметінің бұзылуының алдын алу. Таза ауаның маңызы»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылу себептерін және олардың алдын алу шаралары туралы білімді меңгеруі.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды мұрын арқылы дұрыс тыныс алуға үйрету, дауыстың бұзылуына жол бермеу, ой - өрістерін дамыту, танымдылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтауға, тазалық ережелерін білуге, жеке бастың гигиенасын ұстануға, ұқыптылыққа, зиянды заттардың алдын алуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас абақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, баяндау, сұрақ - жауап. демонстрациялау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, плакат, кубик, темекі, стакан, мақта, фотосуреттер.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Психологиялық тренинг. Сәттілік тілеу.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
а) Ой қозғау:- Оқушылар, бәріміз біраз уақыт мұрын қуысымызды қысып көрелік. Қандай құбылыстар болады? Қанша уақытқа созылады?
б) Домино ойыны: Жекелеген сөздерден тыныс алу мүшелеріне байланысты сөйлемдер құрастыру.
Мұрын қуысы, аңқа, кеңірдек, кеңсірік, өкпе, альвеола, бронхы.
в) Кубизм әдісі:
1 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не?
2 Тыныс алу көлемі дегеніміз не?
3 Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда мөлшері өзгермейтін қандай газ?
4 Өкпенің құрылысы қандай?
5 Спортпен шұғылданған адамдардың өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қандай?
6 Шылым шегудің тыныс алуға қандай әсері болуы мүмкін?

ІІІ. Жаңа сабақ»Тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуының алдын алу. Таза ауаның маңызы.»
ДЖИГСО әдісі: Оқушылар тобы: Жаңа тақырып бойынша не білгілері келеді. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылының себептері. Спортпен шұғылданудың пайдалылығы.
Студенттер тобы: Тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуын болдырмау жолдары, зиянды заттардың алдын алу, темекінің құрамы және зияны.
Экологтар тобы: Таза ауаның маңызы.
Оқушыларға өз беттерімен әзірленуге уақыт беріледі. Дайын топтар ортаға шығып басқаларға түсіндіреді. Үш топ тапсырмаларын орындап болған соң, мұғалім қорытындылайды.

Сергіту сәті: Дене қимылдарына жаттығулар жасату.
Демонстрациялау әдісі: Тәжірибе көрсету - мұғалім.
Таза мақтаны стаканға салып, үстіне жанған темекіні салып, қақпағын жауып қоямыз. Екі - үш минуттан соң мақтадағы өзгерісті көреміз. Мақтаны өкпеміз деп есептесек, қаншалықты бұзылатынына көз жеткіземіз.
Қорытындылау: - Сонымен, бүгін біздер тыныс алу мүшелерінің қызметі бұзылғанда болатын ауру түрлерімен таныстық. Сондай - ақ, алдын алу шараларымен, гигиенасымен таныстыңдар. Темекінің құрамында екі жүзден астам зиянды заттар болады, әсіресе никотиннің зияндылығына көз жеткіздік. Спротпен шұғылданған адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы алты - жеті литрге дейін жетеді. Насыбай ату зиянды, оның құрамындағы улы заттар ауыз қуысын бүлдіреді. Мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізіледі, жасөспірімдерге темекі сатылмайды. Темекінің ұнамсыз иісі көпшілікке ұнамайды, тісті сарғайтып жібереді.
Бекіту: 1. Тест сұрақтары.
2. Пресс - конференция.
Бағалау:- Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ бойынша белсене араласқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 1 Қосымша әдебиеттер ме БАҚ – нан тыныс алу жолдарының ауруларының алдын алу туралы мәлімет жинау.
2 «Темекі тарту дұрыс па?» Сауалнама жүргізу оқушылардың және ата - аналардың арасында.
3 «Менің сүйікті спортшым» немесе «Сочи олимпиадасынан алған әсерлерім» слайдтар сайысы.
11 815
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Балалар және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын - алудың кешенді жоспары
Батыс Қазақстан облысы, Бокей ордасы ауданы, Борли ауылы. М. Бегалиева атындағы жалпы орта мектебі Бейнелеу өнері, сызу және еңбек мұғалім Сагадат Байболова Саржановна
Өкпе. Тыныс алу гигиенасы
Өкпе. Тыныс алу гигиенасы
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жексемалиева Айгерім Ғилажқызы
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін  қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
"Сымбат" жеке мектебі бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×