Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (23 - вариант)

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
23 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Сүйекті құрғақ жемісті өсімдік:
A) Қызан.
B) Көкнәр.
C) Грек жаңғағы.
D) Бидай.
E) Тұшала.
2. Сабақ қалемшесінен көбейетін өсімдік:
A) Қойбүлдірген.
B) Ақжелкен.
C) Пеларгония.
D) Бидайық.
E) Итмұрын.
3. Тұқымның қоректік заттар жинайтын жасушалары -
A) Тұқымбастама.
B) Түйiн.
C) Бүршiк.
D) Эндосперм.
E) өзек.
4. Түйнек бактериясының маңызы:
A) Кальций тұздарын жинау.
B) Май жинау.
C) Фотосинтезге қатысу.
D) Тынысалу.
E) Ауадағы бос азотты сіңіру.
5. Қорытылған ас сіңіріледі:
A) Ұлтабарда.
B) Аш ішекте.
C) Ауызда.
D) Бауырда.
E) Қарында.
6. Өлген ағзаларды қарашірікке айналдыратын бактериялар:
A) топырақ
B) көк жасыл
C) ашыту
D) сүт
E) шіріту
7. Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі:
A) желбезек
B) тері
C) өкпе қапшықтары
D) өкпе
E) өкпе және тері
8. Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым:
A) Гигиена.
B) Физиология.
C) Тәнтану.
D) Экология.
E) Медицина.
9. Бас ми бағанының құрамына кірмейтін:
A) үлкен ми сыңарлары
B) аралық ми
C) сопақша ми
D) ортаңғы ми
E) ми көпіршесі
10. Қан бұл... ұлпа.
A) көлденең жолақты
B) дәнекер
C) бұлшық ет
D) эпителий
E) нерв
11. Асқынғанда жөтеліп қан түкіретін жұқпалы ауру:
A) туберкулез
B) ларингит
C) гайморит
D) трахеит
E) силикоз
12. Қысы - жазы адамның дене температурасы:
A) 35º
B) 38º
C) 39º
D) 36, 6º
E) 38, 5º
13. Тұмаумен ауырғанда микроорганизмдердің әсерінен құлақтың қабынатын бөлімі -
A) Ортаңғы құлақ.
B) Ішкі құлақ.
C) Есту сүйектері.
D) Есту түтігі.
E) Сыртқы құлақ.
14. Халықаралық Адам және биосфера бағдарламасына қатысушы мемлекеттер -
A) Микроқорықтар ұйымдастырады.
B) Кәдімгі қорықтар ұйымдастырады.
C) Табиғат ескертқіштерін ұйымдастырады.
D) Қорықшалар ұйымдастырады.
E) Биосфералық қорықтар ұйымдастырады.
15. Қолайлы жағдайда өскен қарағайдың жасы -
A) 250 - 300 жыл.
B) 200 - 250 жыл.
C) 150 - 200 жыл.
D) 100 - 150 жыл.
E) 350 - 400 жыл.
16. Суды тазартушы ұлулар:
A) Теңіз бауыраяқтылар.
B) Каракатицалар.
C) Кальмарлар.
D) Айқұлақ.
E) Сегізаяқтылар.
17. Энергия көзінің түзілуі:
A) Минералдық заттардың жинақталуынан.
B) Қоректік заттардан.
C) Тек органикалық заттардың тотығуынан.
D) Органикалық заттардың ыдырауы мен тотығуынан.
E) Тек органикалық заттардың ыдырауынан.
18. Ядроның бөлімінде орналасқан ДНҚ молекуласы:
A) Ядро қабықшасында.
B) Хромосомада.
C) Ядро қосындыларында.
D) Ядро шырынында.
E) Ядрошықта.
19. Нуклеин қышқылының мономері:
A) Нуклеотидтер.
B) Қарапайым көмірсулар.
C) Аминоқышқылдар.
D) Май қышқылы.
E) Гликоген.
20. Овогенез кезінде жасушадан шығатын жұмыртқа жасушасының саны:
A) екі жұмыртқа
B) бір жұмыртқа
C) алты жұмыртқа
D) төрт жұмыртқа
E) сегіз жұмыртқа
21. Биогенетикалық заңды ашқан ғалымдар:
A) Г. Флори, Э. Шейн
B) Д. Бидл, Э. Татум
C) С. Лурия, М. Дельбрюк
D) Ледерберг, Э. Татум
E) Ф. Мюллер, Э. Геккель
22. Табиғатта эволюциялық процестің басты факторы -
A) Қолдан сұрыптау.
B) Тірішілік үшін күрес.
C) Табиғи сұрыпталу.
D) Түраралық күрес.
E) Көбею қарқындылығы.
23. Экология дегеніміз... байланысы.
A) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік
B) адамның жануарлармен
C) адамның айналадағы қоршаған ортамен және ондағы өсімдіктермен
D) тірі ағзалардың сыртқы ортамен өзара
E) тірі ағзалардың өзара
24. Агроценоздар -
A) Табиғи биогеоценоздар.
B) Топыраққа түскен заттарды пайдаланатын биогеоценоздар.
C) Жасанды биогеоценоздар.
D) Өте көп түрлерден құралған биогеоценоздар.
E) Жойылмайтын тұрақты биогеоценоздар.
25. Топырақта жеткіліксіз болғанда жапырақтардың бозаруына әсер ететін:
A) Азот.
B) Магний.
C) Фосфор.
D) Кальций.
E) Калий.
26. Гидраның қозғалуында негізгі роль атқаратын:
A) аралық жасушалар
B) бұлшық ет талшығы
C) ас қорыту жасушасы
D) көбею жасушасы
E) атпа жасушалары
27. Шұбалшаң зәрінің сыртқа шығарлуы:
A) Бір - бірден орналасқан имек түтікшелерден.
B) Сақина тәрізді түтікшелерден.
C) Аналь тесігінен.
D) Екі сақина тәрізді түтікшелерден.
E) Екі - екіден орналасқан имек түтікшелерден.
28. Толық түрленіп даму:
A) жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ
B) жұмыртқа - қуыршақ
C) жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ - ересек бұнақдене
D) жұмыртқа - ересек бұнақдене
E) жұмыртқа - дернәсіл - ересек бұнақдене
29. Бұлшықет жұмысына қажетті энергияның босап шығуы:
A) қоректенуден
B) газ сіңіруден
C) органикалық заттардың ыдырауынан
D) органикалық заттардың түзілуінен
E) биосинтезден
30. Түрдің генотипі ААВв болатын гаметалары:
A) АВ, Ав
B) Аав
C) АВ
D) ААВ
E) АА, Вв

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
3 503
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (34 - вариант)
Тест биология (34 - вариант)
Өт бөлетін без: A) Бауыр. B) Ұйқы безі. C) Ішек безі. D) Сілекей без. E) Жыныс безі.
Тест биология (32 - вариант)
Тест биология (32 - вариант)
Сабақ қалемшесінен көбейетін өсімдік: A) Итмұрын. B) Пеларгония. C) Бидайық. D) Қойбүлдірген. E) Ақжелкен.
Тест биология (10 - вариант)
Тест биология (10 - вариант)
2. Астық тұқымдас өсімдіктер тамыры: A) Кіндік B) Негізгі C) Қосалқы D) Жанама E) Шашақ
Тест биология (9 - вариант)
Тест биология (9 - вариант)
1. Өсімдіктің жер асты мүшесі: A) Тамыр. B) Сабақ. C) Гүл. D) Жапырақ. E) Тұқым.
Тест биология (5 - вариант)
Тест биология (5 - вариант)
1. Өсімдіктің генеративті мүшелері: A) Гүл, тұқым, жеміс. B) Тамыр, жеміс. C) Сабақ, гүл. D) Тамыр, сабақ, жапырақ. E) Жапырақ, тұқым.
Тест биология (4 - вариант)
Тест биология (4 - вариант)
1. Өлі табиғатқа жатады: A) Өсімдік. B) Тау жыныстары. C) Жануар. D) Бактериялар. E) Адамдар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×